Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Леуметтік инфрақұрылым салалары, «рекреациялық аудандар» ұғымы
1.Химия өнеркәсібі - шаруашылықтың техникалық дамуын анықтайтын маңызды саланың бірі. Бұл өнереәсіп шаруашылық салаларын әртүрлі дайын химиялық шикізаттармен қамтамасыз етеді. Химия өнеркәсібі – ауыр өнеркәсіптің бір саласы, оның құрамына минералды және басқа да химиялық қайта өңдеуден өтетіт түрлі шикі зат өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары кіреді. Тараз, Шымкент, Ақтөбе химия комбинаттары минералды тыңайтқыштар, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу кәсіп-орындары жанармай Қостанай химия зауыты жасанды талшық, Шымкент химия комбинаты шина, резина, техникалық бұйымдар, синтетикалық жуу заттарын, фармацептік препараттар, Теміртау зауыты синтетикалық каучук шығарады. Химия өнеркәсібінің салалық құрамы өте күрделі,ол кен химиясы,негізгі химия және органикалық синтез бен полимер химиясы салаларынан тұрады.Кен химиясы саласына Жамбыл облысындағы, Қаратау фосфорит алабы кіреді. Оның ең ірі кен орындары-Жаңатас,Ақсай,Шолақтау.Қаратау фосфоритінен фосфор тынайтқыштарын өндіру республикада жолға қойылған.Тараз суперфосфат зауыты 1946 жылдан бері фосфор өнімдерін шығарады. Күкірт қышқылы-химия өнеркәсібінің маңызды әрі көп қолданылатын өнімдерінің бірі.Күкірт қышқылы мұнай өнімдерін тазалауда,аккумуляторды толтыруда,арамшөптерге қарсы күресу үшін ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Шымкент фосфор тыңайтқышы мен фосфор тұздарын өндіретін химия зауыттары және Тараз суперфосфат зауыты Қаратау фосфоритінің негізінде жұмыс істейді. Осы зауыттарда өндірілетін тыңайтқыштар мақта мен қызылша егістіктерінде пайдаланылады. Қазіргі тоқыма өнеркәсібінде табиғи талшықтарымен бірге көп мөлшерде химиялық талшықтар пайдаланылады.Химиялық талшықтар: жасанды және синтетикалық болып екіге бөлінеді. Синтетикалық талшық органикалық және органикалық емес талшықтардан алынады.Химия өнеркәсібі басқа химия өнеркәсіп салаларымен салыстырғанда суды көп мөлшерде қажет етеді. Қарағанды синтетикалық каучук зауытында кокс химия және смола айдайтын цехтар жұмыс істейді.Сентетикалық смоладан пластмасса алуға болады. Пластмасса механикалық жағынан өте берік және жеңіл.Қатты болғанымен, кесу және қысу арқылы өңдеуге болады.Химия өнеркәсібі менералды тыңайтқыштар өндірудің негізінде ауыл шаруашылығын интенсивтендіруде, халықты тұтыну заттармен толық қамтамассыз етуге жағдай туғызады. 2.Әлеуметтік инфрақұрылым салалары. Әлеуметтік инфрақұрылым АӨК – тің қосымша саласы. Ол АӨК өнімдерін өндіруді? Дамытуды іске асырады және халық тұрмысының жақсаруын қамтамасыз етеді. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету. Республиканың әлеуметтік инфрақұрлым деңгейін көтеруге сауда және тұрмыстық қызмет көрсету салаларының маңызы зор. Ол шаруашылықта еңбек өнімділігінің артүына, халық тұтынатын тауар түрлерінің көбеюі мен сапасының жақсаруына әсер етеді. Халықтың азық- түлікке және күнделікті тұмысқа қажетті сұраныстарды сауда арқылы қанағаттандырылады. Сондықтан халық қоныстанған елді мекендердің барлығында сауда орындары желісі жұмыс істейді. Республикада халықтың азық- түлік пен күнднлікті тұрмысқа қажетті сұраныс мемлекеттік сауда орындары арқылы және қазіргі нарық заманына сәйкес жекеменшік сауда орындары арқылы да жүзеге асырылады.Тұмыстық қызмет көрсетуде халықтың тұрған үйімен қамтамасыз етілуі басты рөл атқарады. Сонымен қатар тұрмыстық қызмет көрсетуге көлік және байланыс, автомобиль машиналарын және тұрмытық бұйымдарды жөндеуде жатады. 2008 жылғы көрсеткіш бойынша республика экономикасында тұрмыстық қызмет көрсету саласы 40,9% - ды құрады. Денсаулық сақтау. Елімізде денсаулық сақтау жүйесінің екі формасы бар, оларға мемлекеттік және жекеменшік медицинаналық көмек көрсету жатады. Мемлекеттік медициналық көмек көрсетуде жеке адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің белгілі бір бөлігіне толықтай кепілдеме береді.Ірі жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда, ауыл, елді мекендерде санитарлық, фельшерлік- акушерлік пункттер жұмыс істейді. Алматы қаласымен облыс орталықтарында әртүрлі ауру сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Семей, Қызылорда, Жезқазған қалаларында еліміздің экологиялық қолайсыз аймақтарының тұратындарына көмек көрсететін, кәзіргі жаңа аппараттармен жабдықталған медициналық орталықтар жұмыс істейді. Білім беру. Халықтың мәдени- білімділігінкөтеруде білім беру жүйесінің атқаратын рөлі зор. Республикадағы білім беру жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес бірнеше деңгейден тұрады, оларға: мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, кәсіптік- техникалық білім беру жатады. Білім беру жүйесінің көп бөлігін жалпы білім беретін мектептер алады, онда 3 млн-ға жуық оқушы білім алуда.Жалпы білім беретін мектептердің 23,7 % -ы қалалық, ал 76,7%-ы ауылдық жерде орналасқан. Ол жоғарғы оқу орындары облыс орталықтары мен ірі қалаларда шоғырланған.Елімізде білім беру процесін ұйымдастыруға және оны жүзеге асыруға қоылатын арнайы талаптар бар. Осы талаптарға сай респибликада білім беру жүйесінің қызметін жоғары арнайы, орта білімді педагок және ғылыми педагогикалық жұмыстармен айналысатын мамандар жүеге асырады. Білім беру орындарының оқу- материялдық базасы қажетті оқу және оқу- өрнекілік құралдармен жабдықталған. Қазіргі кезде білім беру жүйнсін ақпараттандыру бағдарламасына сәйкес, мектептердің көпшілігіне компьютер сыныптары бар. Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар. Халықтың демалысын ұйымдастыру үшін елді мекендерде мәдени мекемелер,демалыс базалары жұмыс істейді.Ол адамның тұрмыстіршілігіне,демалуына,рухани өсіп – толысуына жағдай жасайды. Халықтың демалысын ұйымдастыруда рекреациялық аудандардың маңызы зор.Еліміздегі халықтың демалуы мен емделудін қамтамасыз ететін рекреациялық аудандар,шипажайлар толық игермей келеді.Қазақстанда халықтың демалуына қолайлы көрікті жерлер,айдынды өзендер мен көлдер,минералды бұлақтар,емдік қасиеті бар батпақтар көп.Ыстық жерасты суының құрамында емдік тұздар мен едәуір мөлшерде радон кездеседі.Осындай аудандарда түрлі ауруларды емдейтін шипажайлар салынған.Республикада Сарыағаш,Қапаларасан,Мойылды,Барлықарасан, т.б. бар.Қазақстанның оңтүстігі тарихи және мәдени ескерткіштер орталығы.Мұнда ортағасырлық ескерткіштарден – Тараз қаласындағы Айша бибі,Қарахан баба,Бабаджа – Қатун,Түркістан қаласындағы Арыстан баб,Қожа Ахмет Йасауи мұрағаттары,Жетісудағы сақ қорғендары мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі заманғы химиялық технологияның көптеген артықшылықтары бар: 1.Алуан түрлі шикізат қорларын аса бағалау өнеркәсіп өнімдеріне айналдырады.Оған химиялық минералды шикізаттар:минералды отындар, әсіресе мұнай,газ,көмір,жанғыш тақтатас,апатит,фосфорит,калий тұзы,миробилит,ас тұзы,күкірт,ағаш,су және ауылшарушылық шикізаттар жатады. 2.Техникалық погресті пайдаланудың негізінде өндіріске шикізаттың жаңа түрлері егізілуде. 3.Қымбат және тапшы шикізаттар арзан және көп тараған шикізаттармен алмастырылады. 4.Шикізатты кешенді пайдалануға жағдай туғызылады. 5.Өндірістік қалдықтарды пайдаланудың негізінде жаңа өнімдер алынады. 6.Бір шикізаттан әртүрлі өнімдер, керісінше, бір өнімді әртүрлі шикізаттардан алуға болады. Date: 2015-09-05; view: 14925; Нарушение авторских прав |