Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кокс-тас көмірді жоғарғы температурада ауа жібермей қыздырудың нәтижесінде алынатын отынның түрі





Қарағанды көмірінің жалпы қоры-51 млрд т.Көмірдің қалыңдығы 1,5-15м.Қарағанды көмірі қазіргі заманғы техникамен жабдықталған. Екібастұз еліміздегі ең арзан көмір кен орны.Көмірдің геологиялық қоры -12 млрд т.Көмір қабатының қалыңдығы 100-120м.Бұдан да басқа кен орындарына тоқталатын болсақ:Қостанай обылысының Торғай алабындағы Обаған,Құсмұрын,Семей полигоны аумағындағы Қаражыра көмір кен орындары.

2. Еліміздің халықаралық,аймақтық және мемлекетаралық интеграцияға қатынасы оның сыртқы саяси қызметіндегі маңызды бағыты болып табылады.Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының алғашқы қадамы ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылу,Азияда өзара қарым-қатынас пен сенім шараларының механизімін жасау сияқты ұсыныстарынан басталады.Бұл Қазақстанның осындай халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтып қана қоймай,өзін дүниежүзі елдеріне танытудың алғышарттарының бірі болды.Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін жариялай отырып,БҰҰ-ның мәжілісінде әлемге өзінің көзқарасын мәлімдеді.

Қазақстан мемлекеті БҰҰ-ға мүше болған күннен бастап,оның экономика,экология,әлеуметтік даму,халықаралық құқықты прогрессивті

жетілдіру,адам құқығын қорғау,т.б. кешенді бағдарламаларын жүзеге асыруға толық кепілді.Бүгінде еліміз алпыстан аса халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс және ынтымақтастық орнатқан.Ол Қазақстанның көпбағытты сыртқы саясатының принциптері мен ұлттық қауіпсіздігіні нығаюына жағдай жасайды.

Қазақстан 1998 жылданБҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының (ТДК)мүшесі.Еліміздің БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастығы ана мен бала денсаулығы,ана мен бала тағамдары,жас ұрпаққа іргелі білім беру,елді сумен қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау,отбасын жоспарлау және қорғау жөнінде БҰҰ-ның Азия елдері үшін дайындаған бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар мемлекетіміз 1998жылдың 1қаңтарынан бастап БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын(ЮНЕП)басқарушылар кеңесінің мүшесі болды.Бұл елімізде ақпараттық тораптар мен жүйелер жасауға мүмкіндік берді.Осы кеңестің шешімімен Алматыда Орталық Азия аймағы үшін «Меркурий»ғарыштық байланыс стансысы орнатылды.ОЛ бізге экологиялық ақпарат алуға,Интернет торабымен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

БҰҰ-ның Білім беру,ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымымен ынтымақтастық елімізде білім беру және білім беруді реформалау саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының алғашқы кезеңінен бастап-ақ білім беру мәселелеріне үлкен мән берді.Соның бір дәлелі-әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Парламенті Лиссабон Конвенциясына қол қойды. Әлемдік білім кеңістігіне ену деген сөз-сапалы білім беруді жетілдіре отырып,біздің жоғары білім беру саласындағы дипломдар мен кәсіби мамандықтарды мойындаттыру.


Қазақстан Халықаралық валюта қорына (ХВҚ)1992жылдың шілде айында мүше болып кірді,тамыз айында оның біздің еліміздегі өкілдігі ашылды.ХВҚ әрбір елдің экономикалық дамуы мен тұрмысын бағалау негізінде квота мөлшерін белгілейді.ХВҚ әрбір елге белгіленген квота мөлшерін бес жыл сайын қайта қарап,жаңаша тағайындап отырады. Квота мөлшерін белгілеуде елдің жалпы ішкі өнімі(ЖІӨ),ұлттық табысы,мыотқы сауда,тауарларды сыртқа шығару және сыоттан әкелу мөлшері,т.б. көрсеткіштері ескеріледі.Қазақстанның ХВҚ-дан арнаулы қарыз алу құқығы 247,5 млн квота мөлшерінде анықталды.Осы қордың көмегімен шаруашы –лықтың жеке салаларын дамыту мақсатындағы арнаулы жобаларды жүзеге асыруға Дүниежүзілік банк,Еуропа қайта құру және даму банкі,Азия даму банкі,Ислам даму банкі, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты беделді халықаралық ұйымдар республикаға көп мөлшерде қарыздар мен несиелер берді.Осыған орай,1992-1998 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық дамуы жүзеге асты. Қазақстан Республикасының Азия даму банкімен және Исламдаму банкімен ынтымақтастыңының жарасуы-ел шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес салаларын дамытуда маңызы зор.Азия даму банкінің бірнеше ірі акционерлері мен мүшелері бар,біздің еліміз бұл банкке 1994 жылы мүше болды.Осы уақыт аралығында аталған халықаралық қаржы институтынан бөлінген ақшаның көмегімен елімізде 54 техникалық және 12 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.Қазақстан бұл банктің тізімінде ірі акционер ретінде төртінші орында болса,жалпы мүше ретінде жиырма-сыншы орында.Ал 1995 жылы Ислам даму банкінің мүшесі болды.

Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде дами бастаған алғашқы жылдардан бастап-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымымен қарым-қатынас жасау және оған мүше болып кіру жолдарын қарастыра бастады.Бұл ұйымға мүше болу – мемлекетіміздің саяси тұрғыдан және әлемдік аренада мәртебесін көтеруге,елдің экономикалық дамуы мен тауарларды сыртқа шығаратын және сырттан әкелетін кәсіпорындардың әлемдік сауда рыноктарындағы жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы үшін мемлекеттік шекаралары ортақ бас елмен: Қырғыз, ҚХР, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы,және Өзбекстан Республикасымен ынтымақтастығы мен бірлесе жүргізетін ортақ саясатыныңмаңызы зор.Бұл мемлекеттрер арасындағы өзара ынтымықтастық Шанхай ынтымақтастық ұйымы деп аталады.







Date: 2015-09-05; view: 14108; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию