Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Негізгі мұнай, газ және көмір алаптары, олардың ерекшеліктері
1.Қазақстандағы көлік жолдары Соңғы жылдары Бозашы түбегіндегі Қаламқас және Қаражамбас жаңа мұнай кен орындары игерілуде.Қызылорда обылысының Байқоңыр маңында Құмкөл мұнай кені ашылды.Оны Канаданың Харрикейн компаниясы игеруде. Газ өнеркәсібі. Газ өнеркәсібі Қазақстан отын-энергетика кешенінің ең жас саласы. Газ – толық жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр жолымен тасмалданатын отын түрі. Қазақстанда газ мұнаймен бірге және табиғи жеке түрде де кездеседі. Мұнайдың қосалқы газы Атырау-Ембі алабында кездеседі. Маңғыстау түбегіндегі Теңге, Үстірт кен орындарында табиғи газ мол. Жалпы, газдың ірі кен орындарына Қарашығанақ, Ишам, Жаңажол, Батыс Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен, Үстірт, т.б. жатады. 1980 жылдардан бастап,Батыс Қазақстан обылысының солтүстігінде Қарашығанақ газ-конденсаты игерілуде.Ол Қазақстан газ қорының 70%-ын құрайды.Қазіргі Қарашығанақ газы Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауытында өңделеді.Соңғы кезде Жамбыл обылысының Сарысу ауданында газ табылып,өндіріле бастады. Көмір өнеркәсібі. Көмір – еліміздегі отынның негізгі түрі. Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3,3%-ы, ТМД елдері қорының 15%-ы шоғырланған. Еліміз көмір өндіруден дүние жүзінде сегізінші, ал таяу шет елдер бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Көмірдің республика аумағындағы жалпы қоры 176,6млрд т, оның 100-ден астам кен орындары ашылып, соның 40-тан астамы жан-жақты барланған. Көмірдің негізгі қоры Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігінде шоғырланған. Елімізде кездесетін тас көмір мен қоңыр көмір қоры жөнінен өзара шамалас. Сапасы жоғары көмір түрлері кокс алуда пайдаланады.Кокстелген көмір металлургия өнеркәсібінде металл балқытуда қолданылады. Date: 2015-09-05; view: 18645; Нарушение авторских прав |