Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тамақ өнеркәсібі және оның салалары
2. Еліміздегі көмір кен орындарын картадан көрсету, сипаттама беру. ------- 1.Тамақ өнеркәсібі - халықтық тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің ет,ұн тарту,жарма,қант өнімдері,балық,кондитер,шарап жасау,т.б.салалары дамыған.Ауыл шаруашылығы – тамақ өнеркәсібі негізгі шикізат көзі болып табылады. Тамақ өнеркәсібі өнімдері еліміздегі азық – түлік қорының 90 % - ын құрайды. Қазіргі кезде тамақ өнімдарін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған., Ауылшаруашылық шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайчндалады. Ал тез бұзылатын тамақ өнімдер тамақ өндірісі кәсіпорындағы қуаты жоғары тоңазтқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қаитадан ауыл шаруашылығында пайдаланады. Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді; өсімдік шаруашылығының шикізаттарымен, мал шаруашылығының шйкізаттары, өндіріс шикізаттары (тұз, өндіру, минералды сулар, балыұ аулау, теңіз өнімдері). Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастыруға әсер етуші негізгі факторлар - шикізат көздері және тұтынушылар. Осы факторлардың әсер ету дәрежесіне қарай тамақ өнркәсібін үш салаға бөлуге болады (9 сызбанұсқа).
9 - сызбанұсқа Елімізде тамақ индустриясын шикізат көздерін және тұтынушыға жақын роналастыру өнідірісті мамндандыру арқылы жүзегі асырылады. Бұл жағдайда аулшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу салалары шикізат көздеріне жақын орналастырылады. Технологиялық процестертердің аумақ өнеркәсібінің бойынша бөлуіне шай өнеркәсібі мысал бола алады. Ет өнеркәсібі – тамақ өнркәсібінің ірі саласы, ол тамақ өнімдерінің1/4-ін құрайды. Мал өнімдерінің сапасы құрамында жоғары саплы нәуыз бен басқа да құрауыштардың болуымен анықталады. Еліміздегі ет тағамдарына деген сұраныстың өсуі - халықтардың тұрмыстық деңгейінің жоғарлауын көрсетеді. 2008 жылғы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда 40,9 кг-ды құрады Ұн тарту- жарма өнркәсібі- тамақ өнеркәсібінің екінші саласы. Оған: ұннан жасалатын нан және макарон өнімдері,ұн, жарма жатады. 2008 жылы ұннан жасалған өнім түрлері 3080 т-ға жетті.Бидаиды тасымалдаудан анағұрлым тиімді. Сондықтан тарту және жарма өнеркәсіптері аумақ бойынша тұтыну көздеріне жақын орналастырылады. Ұн тарту еліміздің астық индустриялды экономикалық аудандарында, яғни Солтүстік Қазақстанда, Оңтүстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстанда жақсы дамыған. Мысалы қазіргі кезде Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанай ұн тарту комбинаттары елімізді жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етуде. Нан кәсіпорындары еліміздің барлық елді мекендерінде бар. Нан зауыттары жоғары сапалы технологиямен жабдықталған. Қазір шағын нан пісіу кәсіпорындары ірі елді мекенднрдің бәрінде ұйымдастырылған.Макорон зауыттары Алматы,Қарағанда,Семей қалаларында орналасқан. Қант өнеркәсібі. Қант-маңызды тағам түрлерінің бірі,оны өндіру үлесі 2008жылғы есеп бойынша 392 мың т-ны құраса,жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 20,4 кг-ға жетті.Қант қызылшасы ұзақ уақыт сақтауға шыдамайды және алыс қашықтыққа тасымалдау оның сапасын төмендетеді.1 т құмшекер алу үшін 6 – 9 т қант қызылшасы керек.Боралдай,Тараз,Шу,Мерке қант зауыттары құмшекермен қатар шақпақ қант шығарады. Сүт өнімдері өнеркәсібі – тамақ индурсриясы салаларының ішінде үшінші орында.2008 жылғы статистикалық мәлімет бойынша,шаруашылықтың барлық түрінде сүтөндіру 5198,0 млн т құрады.Сүт,қаймақ,ірімшік,айран,ашытқы шығаратын сүт зауыттары мен сүт комбинаттары еліміздің әрбір экономикалық аудандары мен өнеркәсіп орталықтарында шоғырланған.Өйткені сүт өнімдерін алысқа тасымалдау тиімсіз.Қала халқын кезінде сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін сүт зауыттары әрбір қалада салынған.Ірі сүт зауыттары Алматы,Қарағанда,Қостанай,Павлодар,Шымкент қалаларында орналасқан. Балық өнеркәсібі – балық аулау және балықты өңдеуден тұрады.Қазақстандағы барлық өнеркәсібі Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Атырау облысында шоғырланған.Балық өңдейтін ірі кәсіпорындарда Атырау,Баутино,Балықшы,Зайсан,Призорный,Балқаш балық зауыттары жатады.Атырау және Балқаш зауыттары елімізде балық конвілерімен қамтамасыз етуде. Қазақстанда тамақ индустриясының қосымша салалары кондитер тағамдары,шарап жасау,темекі өндірісі де қарқынды дамып келеді. 2. Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тонна), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. тонна). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна, оның барланғаны 7 млрд. тонна. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. тонна. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. тонна, оның 3 млрд. тоннасы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. тонна), Кендірлік (1,6 млрд. тонна, барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны 20,3 млн. тонна. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. тонна, оның 0,6 млрд. тоннасы барланған. Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром,марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. тонна. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаков та шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүсік Қазақстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Батыс Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. тоннадан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. тонна) мен Абайыл (28,3 млн. тонна) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. тонна), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. тонна болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. тонна). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауы ) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. тоннадан асады). Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. тоннадан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. тонна деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қытай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр,Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор
Date: 2015-09-05; view: 34713; Нарушение авторских прав |