Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстанның мал шаруашылығы және оның салалары





2. Көлік қатынасына пайдаланылатын теңіз, өзен-көлдерді атап, картадан көрсету. --------

1.Республикамыздың ауылшаруашылық саласында мал шаруашылығының маңызы зор. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жартысына жуығы осы мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығының басты салалары қой мен ешкі, ірі қара мал, жылқы және түйе шарушылықтары жатады. Шошқа, марал өсіру – мал шаруашылығының қосымша салалары.

2008 жылғы есеп бойынша, жайылым жердің жалпы көлемі 55,0 млн га-ны құрайды.

Қой шаруашылығы ата-бабамыздан қалған дәстүрлі кәсіп. Республикамыздың табиғат жағдайы қой шаруашылығын дамыту үшін қолайлы. Біздің елімізде қой шаруашылығы дала, шөл, шөлейт және биік таулы аудандарда дамыған. Қо шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақтсан, Шығыс Қазақстан экономикалық аудандары айналысады. Қой шаруашылығының негізгі өнімдері – еті, жүні және терісі.

Елімізде қой шаруашылығыны бірнеше бағытта дамыған: биязы және жартылай биязы жүнді, арқар-меринос және етті-майлы бағыттағы еділбай тұқымды қой шаруашылығы. Бағалы қоракөл жатрылай биязы жүнді қой тұқымының қозысынан алынады. Қаракөл елтірісі шөлді аймақтара, Әсіресе Маңғыстау түбегі мен Оңтүстік Қазақстан облысының арнайы мамандаған шаруашылықтарында шоғырланған.

Мүйізді ірі қара мал шаурашлығы сүтті-етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға бөлінеді.

Мүйізді ірі қара мал шаруашылығының етті-сүтті бағытын дамытумен Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары айналысады. Ондағы жазық өзендердің аңғарлары мен көлдердің маңындағы шүйгін шабындықтар, тау бөктерлері осы бағыттағы мүйізді ірі қара мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Ал қала маңында орналасқан шаруашылықты аудандар сүтті-етті бағыттағы мүйізі ірі қара малын өсіруге маманданған. Мүйізді ірі қара малды жайылымда немесе қолда ұстп бағады Еліміздегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал түрлерін атап айтсақ: сүтті-еті қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры, талас сиыры және қазақтың етті сүтті ақбас сиыры.

Жылқы шаруашылығы. Көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманан бергі ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастарлеп, піртұтатыны – жылқы. Тарихи деректер бойынша, Қазақстан осы түліктің алғашқы қолға үйретілген отаны болып есептеледі. Қазіргі жылқы шаруашылығымен республиканың барлық аудандары айналысады.

Қазақстанда ерте кезден бастап өсіріліп келе жатқан қолтұқымның бірі – қазақы жылқы. Оны жергілікті халық көлік ретінде әрі еті мен сүтін пайдалану үшін өсіреді. Жылқы сүтінің емдік қасиеті бар.

Қазақы жылқыны: Жабы жылқысы, адай жылқысы, көшім жылқысы, қостанай жылқысы деп бөледі.

Түйе шаруашылығы республиканың Атырау, Мкңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары маманданған. Түйе шөл, шөлейт және дала зоналарында өсіріледі. Елімізде 2008 жылғы есеп бойынша түйенің саны 148,3 мың басты құрайды. Түйенің еті, сүті және жүні күнделікті тұрмыс қажетіне пайдаланылады. Түйе сүтінен шұбат дайындалады.


Шошқа шаруашылығы қолдан жемшөп өндіретін егіншілікті аудандарда шоғырланған. Негізгі аудандары – Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл аудандарда аса өсімтал және бордақылайтын және шошқа етін өндіретін кешендер құрама жем комбинаттары маңында салынады. Республикамызда 2008 жылғы есеп бойынша шошқаның саны 1347,3 мың басты құрады.

Марал шаруашылығы – мал шаруашылығының ерекше және шағын, саласы. Марал шаруашылығымен Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы айналысады. Маралдың еті мен терісін азық және киім ретінде пайдаланады. Мүйізінен құнды дәрі-дәрек жасалады.

Ауыл шаруашылығының қарқынды түрде өсіп келе жатқан салалары: құс, омарта, жібек құртын өсіру шаруашылықтары жатады.

Құс өсіру шаруашылығы ірі өнеркәсіп орталықтарына, қалаларға, астық өндіретін кәсіпорындарға таяу аудандарда шоғырланған. Құс шаруашылығы толығымен өнеркәсіптік технологиямен жұмыс істейді. Онда жұмыртқа мен құс еті өндіріледі.Құс шаруашылығымен рспубликамыздың Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары айналысады. Республикамыздың 2007 жылғы есеп бойынша құстың саны 30,1 млн-ға жеті.

Омарта шаруашылығы Алтайдың, Жоңғар алатауының және Тянь-Шаньның биік таулы бөктерлерінде орналасқан. Алтайдың тау балы құрамы жөнінен жоғары бағалануда. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы “Путенцово” омарта шаруашылығы үлкен жетістіктерге жетуде.

Жібек құрты Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаға қосымша шаруашылық ретінде өсіріледі. Жібек құрты тұт ағашы жапырағымен қоректенеді. Одан жібек талшығы алынады.







Date: 2015-09-05; view: 14697; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию