Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет №8





1.Электр энергетикасы. Электр станцияларының негізгі түрлері және олардың орналасу факторлары.
2. Қазақстанның шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстары.
1.Шаруашылықтың аса маңызды саласының бірі-электр энергетикасы.Бұл сала өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күштерінің аумақтық орнасласуы мен дамуына әсер етеді.Сондықтан да электр энергетикасын республика шарушылығының жетекші саласы деп атауға болады.Ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі-шаруашылықты электрлендіру.Өндірісте жаңа технологияны кеңінен қолдануға байланысты,автоматтандыру мен компьютерлендіруде электр энергиясына деген сұраныс артып отыр.Энергия мен жылуды көп қажет ететін өндіріс орындары(алюминий,магний,титан өнеркәсіптері,фероқорытпа өндірісі) электр энергиясын өндіретін орталықтың маңына шоғырланады.Мысалы,орташа есеппен 1 т алюминий өндіру үшін 18 мың кВт • сағ, ал магний өндіру үшін 20 мың кВт • сағ электр энергиясы қажет.Сондықтан металлургия,химия өндірістері ірі электр стансыларын маңына орналастырды. Сонымен бірге электр энергетикасы ауданының мамандау бағытын айқындайтын фактор болып табылады.Электр энергиясын өндіретін кәсіпорындардың орналасуына отын-энергетикалық ресурстардың мол қоры мен энергияны тұтынушының жақын болуы әсер етеді.Егер отынды тасымалдау шығыны аз болған жағдайда ол отын көзіне жақын салынады. Жалпы элекр энергиясын өндіруде еліміздің электр стансылары:жылу электр сатансысы (ЖЭС), су электр стансысысы (СЭС), атом электр стансысы (АЭС) деп бөлінеді. Республикамызда өндірілетін электр энергиясының 90%-ы жылу электр стансыларына тиісілі.Бұл бір жағынан, көмір, мұнай,газ тәрізді отын түрлерінің көп болуына, екінші жағынан,оның жыл бойы үзбей өндірілуіне байланысты.Жылу электр стансылары көмір,газ,мазутпен жұмыс істейді.Жылу электр стансылары электр энергиясын өндіретін мемлекеттік аудандық электр стансылары (МАЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭО) деп бөлінеді.Еліміздің облыс орталықтары мен ірі қалаларында жылу электр стансылары мен жылу электр орталықтары салынған.Мұндай электр стансылар Қарағанды және Екібастұз көмірі негізінде жұмыс істейді.Екібастұз маңында әрқайсысың қуаты 4млн кВт болатын МАЭС-1 және МАЭС-2 толық жұмыс істесе, МАЭС-3 құрылысы тоқтап тұр.

Балқаш көлінің оңтүстік батысында Алматы облысына қарасты Үлкен деп аталатын елді мекенде Екібастұз көмірін пайдаланып жұмыс істеуге тиісті МАЭС-4,яғни Балқаш МАЭС-нің құрылысы басталды.Сонымен бірге Екібастұз көмірін пайдаланып электр энергиясын өндіретін Ресейдің Орал және Сібір экономикалық аудандарында 20-ға жуық жылу электр стансылары бар.Екібастұз көмірін пайдаланып арзан электр энергиясын өндіру Орталық Қазақстанда қара және түсті металлургия өнеркәсіптерінің дамуына мүмкіндік тудырып отыр.Сол сияқты Палодар облысының қуаты 2,4 млн кВт • сағ Ақсу МАЭС-і Ақсу фероқорытпа зауытын энергиямен қамтамассыз етуде.Мұндай жылу стагнсыларына Қарағанды маңындағы МАЭС-1,МАЭС-2, Павлодар,Ақтөбе,Алматы қалаларындағы жылу электр стансылары және қуаты 1,3 млн кВт • сағ Тараз МАЭС-і жатады.Елімізде өндірілетін электр энергиясының 8%-ы су электр стансыларына тиісілі.Қазақстанның су энергетикалық ресурстары жылына 160млрд кВт • сағэлектр энергиясын алуға мүмкіндік береді.Су электр стансылары Ертіс өзені мен оның салаларында салынған.Мұнда Ертіс,Бұқтырма,Өскемен және ең қуатты 1,3 млн кВт Шүлбі электр стансысы жұмыс істеуде.


Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында еліміздегі жалғыз АЭС орналасқан.Қазақстан аумағында жел энегиясының да маңызы зор.Батыс Қазақстан және Орталық Қазақстан басқа да үнемі тұрақты жел соғатын аудандарда жел қондырғыларын қою арқылы электр энергиясын өндіру іске асырылуда.Жел стансылары өте қарапайым, 60 қондырғыға бір ғана адам қызмет етеді.АҚШ-тың Калифорния штатындағы әлемдік жер стансылар қуатының 80%-ын алатын Алтамонт Пасс Сан-Горгинио (қуаты - 6000МВт) стансысы өндіретін энергиядан екі есес артық электр энергиясын өндіруге болар еді.

Энегетикалық жүйе-жоғарғы кернеулі электрді беретін желілерге (ЭБЖ) біріккен стансылар тобы.Республикада жергілікті Алтай,Алматы,Орталық Қазақстан,Солтүстік Қазақстан,Павлодар,Ақтөбе энегетикалық жүйелері бір-бірімен өзара байланыспаған.

Біздің республикамызда 2006жылдан бері "Қазақстанның 30 корпаративтік көсбасшысы" деп аталатын бағдарлама жүзеге асуда.Осы бағдарламаға сай қазір Электр торларын басқару бойынша Қазақстандық "KEGOC " компаниясы акционерлік қоғам басшылығымен "Қазақстанның солтүстік-оңтүстік 500 кВт транзиті" жобасы жүргізілуде.Жобаның мақсаты - елдің оңтүстік аудандарын электрмен қамтамассыз ететін жаңа электр энергиясы желісін жасау болып табылады.


2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты Қазақстанның көрші елдермен және әлемнің басқа мемлекеттерімен өзара тиімді сауда және қаржы қатынастары үшін қолайлы жағдай туғызады.

Қазақстан Белорусь мемлекетінен өзіне қажетті машина, құрал -жабдық, минералдық тыңайтқыш, химия өнеркәсібі бұйымдарын, тоқыма өнімдерін алуға мүмкіндік алады.Украина мен Қазақстан арасында экономикалық байланыстар жақсы дамыды. Қазақстан Украина еліне мұнай, химия өнімдерін, қара және түсті металл, автомобиль аккумулыторын, мал терісі мен шикізаттарын берсе, өз кезегінде ол елден ауыл шаруашылығы, көлік техникаларын, жолаушы автобустарын, тамақ және жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын алады. Сондай- ақ жеке аумақ арасында да тікелей қатынастар қалыптасуда. Мысалы, Днепропетровск, Харьков, Луганск, Донецк облыстары республикамыздың Қарағанды, Шығыс Қазақстан және басқа облыстармен қарым қатынас орнатуда. Екі ел арасындағы сауда айналымының дәрежесі артып отыр.1993 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан мен Грузия арасында тәуелсіз елдер ретінде экономикалық қарым-қатынас орнады. Онда инвестицияны өзара қорғау, жүк тасуға кең жол ашқан транзит тәртібі туралы, т.б. маңызды келісімдер жасалды.Қазақстан мен Қырғыстан Республикалары арасындағы экономикалық және қорғаныс саласы қарым-қатынастарының маңызы өте зор. Қазақстан –Қырғыстан мемлекетінің электр энергиясын тұтынушы бірден бір ел, сондықтан да жаңадан салына бастаған қуаты 360 МВт су электр стансысының құрылысын екі ел бірігіп аяқтайды. Бұл энергияны,негізінен, Онтүстік Қазақстан облысы пайдаланады.Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынасқа ұлкен мән береді. 1992 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда қарым –қатынасы туралы келісім бекітілді.


Алматы темекі комбинаты 1993 жылы Американың Филип Моррис компаниясының басқаруына берілді. Компания Алматы облысының Шелек ауданында темекі өсіру бағдарламасын жасады. Павлодар облысындағы «Екібастұзжылуэнерго» акционерлік қоғамын, Павлодар қаласындағы ЖЭО-2, ЖЭО-3 «Эксесс Индестриз» компаниясына, ал Павлодар ЖЭС-ын «Уайтсвен» компаниясы сатып алып, Қазақстанмен бірлескен жаңа бағдарлама негізінде жұмыс жасауда.Қазақстан мен АҚШ-ның экономикалық байланыстарының ең маңыздысы - Теңіз кені, Каспий қайраны мен Қарашығанақ мұнай көздерін игеру туралы келісім шарты. Қазақстан Республикасы экономикалық стратегиясы іске асыру мақсатында Еуропа Одағына енетін елдермен экономикалық қарым –қатынас туралы келісімшарттар жасалды.Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы ұлғая түсті. Қазақстандағы «Думан» фирмасы мен немістің ер«Шиллер»фирмасыарасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Негізгі қызметі- елімізді дайын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазақстан үкіметі Германияның «Эрдель-Эрдагез Гоммерн ГИХБ» компаниясына Батыс Қазақстандағы иұнай және газ кеніштерін барлауға және игеруге мүмкінді беріп отыр. Сондай-ақ екі ел арасынд халықралық жолаушы және жүк тасымалы туралы, экология саласындағы ынтымақтатықтуралы келісімдер орнады. Франция мен Қазақстан арасындағы қатынастардың нәтижесінде инвестицияны көтермелеу және оны өзара қорғауға қол жеткізілді. Қазір республикамызда 20-дан аса бірлескен қазақ-французмекемелері жұмыс жасайды. 1992жылдан бастап Қазақстан–Италия мемлекеттері арасында экономикалық қатынастар орнады. Қазіргі таңда біздің елімізде Италияның 18фирмасы және 40-тан аса кәсіпорын жұмыс істейді







Date: 2015-09-05; view: 17114; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию