Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жеңіл өнеркәсіптің ерекшелігі және оның салалары
2. Ірі темір кен орындарын анықтау. Қарағанды қара металлургия (Арселор Миттал Стил) комбинатының негізгі өнімдері. ------ 1.Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын өнім түрлерін шығарады. Бұл – индустрияның ең қарқынды саласы.Ғылыми – техникалық прогресс жеңіл өнеркәсіптің дамуына күшті әсер етуде.Бұл шикізат базалары саласының өзгеруінен және жаңа техника мен технологияны пайдалануынан байқалады.Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін салалар орналасу принциптеріне байланысты республика аумағында әркелкі тараған.Мысалы,шикізат өндірістері ауылшаруашылық шикізат базалары бар жерге шоғырланады.Шикізат өндірістері АӨК – тің құрамына кіреді. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі.Ол – шаруашылықтың ежелгі саласы.Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі қазіргі заманғы техникамен жабдықталған,машиналы өндіріске айналып отыр. Мақта тазхалау зауыттары Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент,Түркістан қалалары мен Мақтаарал елді мекенінде орналасқан. Жүн жуу комбинаттары Семей мен Тараз қалаларында салынған.Алдын ала өңдеуден өткен мақта мен жүннен жіп иіріліп,боялып,мақта мата комбинаттарына жіберледі.Мақта мата өнеркәсібі мақтадан әртүрлі маталар шығарады.Мақтадан жасалған матамен салыстырғанда,жүннен тоқылған матаның құрлымы мен пайдаланылуы неғұрлым күрдегірек.Мұндай матаға машинамен тоқылған жартылай жұқа мауыты маталар жатады. Сонымен қатар елімізде тігін,трикотаж,галантерея,шұлық шығаратын,т.б. кәсіпорындар бар.Тігін комбинаттары қалларда және аудан орталықтарында жиі кездеседі. Алматы,Қарағанда,Шымкент,Өскемен,Жезқазған қалаларында трикотаж бұйымдарын шығаратын фабрикалар орналасқан. Аяқкиім өнеркәсібі. Аяқкиім тігу үшін қажетті шикізат әртүрлі болғандықтан,аяқкиім түрлері де көп.Аяқкиім өнеркәсібін тұтынушыға және шикізат көздеріне жақын орналастыру тиімді.Негізгі кәсіпорындары Алматы,Семей,Тараз,Қарағанды,Қызылорда,Қостанай,Талдықорған қалаларында орналасқан.Бұл кәсіпорындарда аяқкиім шығару халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмайды,сол себептен елімізге аяқкиім түрлері көбіне сырттан әкелінеді. 2. Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын материал өндіретін кешенді базалық сала. Қара металлургияда басты құрамдас рольді металлургиялық қайта өңдеу ойнайды; шойын-болат-прокат. Өзге өндірістер жанама, қосымша болып табылады: руда өндірісі мен байыту (темір, марганец, хром), көмірді кокстеу (түгелімен металлургиялық комбинаттарда өндіріледі), көмекші материалдар өндіру (флюсті әктас, магнезит), ферроқорытпа өндіру, қара металдарды қайта өңдеу, өндірістік бағыттағы металл бұйымдарын шығару (метиз). Бұрынғы одақтас республикалардың шаруашылық бөлініс нәтижесінде сала түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бүкіл металдың жартысына жуығын өндіретін, әрі табиғат ресурстарының үйлесімдік тұрғысынан (Донецк көмірі мен Кривой рог темір рудасы), әрі халық пен өндірістің орналасуына байланысты орталықтану тұрғысынан тиімді орналасқан оңтүстік металлургиялық база Украинада қалды. Қазақтанда Қарағанды металлургиялық комбинаты, Қарағанды көмірі және Қостанай темір рудаларынан тұратын қуатты Қазақстандық металлургиялық база қалды. Закавказье кәсіпорындары, соның ішінде толық циклды (Грузия - Рустави), жалпы өндірістен шығып қалды. Бұл өндірістік, технологиялық байланыстардың жаппай жойылып, өнім өндірісі құлдырауына себепші болды. Қазіргі уақытта саладағы шаруашылық байланыстар қалпына келіп, қара металдар өндірісі мен тұтыну көлемі тұрақтанды. Бірақ Ресейдегі металл мен прокаттың шамамен 50 %-ы ескірген құралдарда өндіріледі. Дипломдық бітіру жұмысының мақсаты: Ресейдің қара металлургиясына кешенді талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттерді орындау көзделеді: - Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролін анықтау; - Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары анықтау; - Ресейдің әлемдік рынокқа енуінің тиімді жолдарына талдау жасау. - ТМД елдері мен Ресейдегі қара металлургия мен болат рыногының даму тенденцияларын талдау; - Қара металлургия өнімдерінің негізгі экспортер – кәсіпорындарына шолу жасау; -Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденцияларын анықтау; Жұмыстың зерттеу объектісі-Ресейдің қара металлургясы, ал зерттеу пәні-Ресейдің қара металлургия өнеркәсібінің даму ерекшеліктері. Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы осы саланы зерттеумен айналысатын ғалымдардың еңбектері, көптеген статистикалық мәліметтер мен баспадан шыққан ғылыми мақалаларға негізделген.
Date: 2015-09-05; view: 15699; Нарушение авторских прав |