Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кең аудитория





Жаңа идеяға қалың көпшілік те қарсылық білдіруі мүмкін, әсіресе, идея өзінің сонылығымен және жаңалығымен ерекшеленіп, қалыптасып қалған әлеуметтік немесе саяси нормаларға қауіп төндіретін болса. Нәтижесі нашар болуы ықтимал. Monsanto-ны, гендік модификацияланған тағам өнімдерін өндірушісін еске түсірейікші. Бұл фирманың ниеттері Гринпис, Friends of the Earth және Soil Association сияқты табиғатты қорғау топтарының қызметі нәтижесінде еуропалық сатып алушылардың күмәнін туғызды. Осы топтардың тарапынан болған қақтығыстардың жаңғырығы ежелден табиғатты қорғау мәселелері алаңдататын және аса қуатты ауылшаруашылық лоббиі бар Еуропаға кең тарады.

Monsanto-ның қателігі фирманың басқаларға пікірталас ұйымдастыруға жол ашқандығында жатыр. Компания ең алдымен табиғатты қорғау және қоғамдық ұйымдарды гендік модификацияланған өнімдердің артықшылықтары туралы және осындай тағамның көмегімен әлемді ашаршылық пен аурудан құтқаруға болатыны жайлы хабардар етуі тиіс еді. Өнімдер шығарылған соң, Monsanto гендік модификацияланған тұқымдардан өсірілгендеріне белгі қойып, сатып алушыларға табиғи өнімдер мен гендік тұрғыдан өзгертілген өнімдер арасынан таңдау мүмкіндігін беруі керек еді. Егер де Monsanto осы қадамдарды жасаған болса, қатал сынға ұшыраудың орнына, болашақ тағам өнекәсібінің Intel Inside-ындай болар еді, яғни аса маңызды технология өндірушісіне айналар еді.

Мүдделі тұлғалардың осы үш тобын – сіздің сатып алушыларыңызды, серіктестеріңізді және қалың көпшілікті – ақпараттандырған кездегі басты мақсат - жаңа идеяны енгізу қажеттілігінің себептеріне ашық талқылау жүргізуде жатыр. Сізге оның артықшылықтарын атап өту, енгізудің салдарынан күтілетін нақты нәтижелерді қалыптастыру және компания олармен қалай жұмыс істейтінін сипаттап беру керек. Мүдделі тұлғалар олардың сөздері естілгенін және ешқандай күтпеген жағдайлар болмайтынын білулері тиіс. Мүдделі тұлғалармен осы сияқты диалог жүргізуге қиынсынбаған компаниялар жұмсалған күш пен уақыттың босқа кетпей, еселеніп қайтатынын көреді. (Мүдделі адамдармен әрекеттесу әдістерін толығырақ талқылауды 8-тараудан қараңыз).

 







Date: 2015-08-15; view: 517; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию