Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СБСЕ-ң ОБСЕ-ге институционализациялануы мен қайта құрылуы
1990 жылға дейін СБСЕ мемлекет аралық форумдар сериясын құрып келді. Жиналыстар үш негізгі міндеттерді шешуді қамтамасыз етті. Шығыс пен Батыс арасындағы интенсивті және жиі сұхбатты қолдау; мемлекттердің бір-біріне деген және азаматтарға деген қатынастардың нормалары мен стандартты көзқарастарының бірігуі; мемлекеттер міндет етіп алған мәселелерді қарастыру. 90 жылдардың басына СБСЕ Шығыс пен Батыс арасындағы қатнастарды реттеу құралына айналды. 1990 жылдан кейін СБСЕ-ң дамуы, 1995 жылдың 1 қаңтарынан Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымға (ОБСЕ) айналуы бірнеше белгілермен сипатталды. 1. 1992-1993 жылдары ОБСЕ құрамы оған бұрынғы КСРО елдері мен бұрынғы Югославия елдерін, сонымен қатар Албания мен Андорраны қабылдауымен кеңейді. ОБСЕ ең әмбебап, жалпы европалық ұйым болып табылады. Ол оның жұмысындағы артықшылықтары мен қиындықтарын да айқындайды. Ұйым проблемалары арасында консенсусқа жету қиындығымен қатар қатысушы- мемлекеттердің мәдени-саяси көпжақтылығы айтылады. 2. Париж Хартиясы СБСЕ-ң институционализациясына жол салды, оны ОБСЕ-ге қайта құрылуына жетеледі. 1990 жылдан бастап ұйымның тұрақты және күн сайынғы жинақтаушы құрылымдары мен институттары құрылады. Екі жылда бір рет жоғарғы деңгейдегі кездесулер өткізіледі (1992 жылы, Хельсинки; 1994 жылы, Будапешт; 1996 жылы, Лиссабон). Бастапқы кезде жылына бір рет, ал қазіргі таңда екі жылда бір рет ОБСЕ министрлер кеңесінің кездесулері өткізіледі (1991 жылы, Берлин; 1992 жылы, Прага мен Стокгольм; 1993 жылы, Рим; 1995 жылы, Будапешт; 1997 жылы, Копенгаген; 1998 жылы, Осло). Шешімдерді өзі қабылдай алатын орган тұрақты кеңес болып табылады, ол Венада апта сайын отырыстар өткізеді. Прагада бюросы бар Венада хатшылық; Варшавада-демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша Бюро (БДИПЧ); Женевада-ОБСЕ аясындағы пайдалану мен арбитраж бойынша Сот орналасады. Жыл сайын Прагада ОБСЕ экономикалық форумы өткізіледі. Венада қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша ОБСЕ форумы қызмет істейді, оның аясында қару-жарақтарды бақылау мәселелері қарастырылады. 3. ОБСЕ-ң оперативті қызметі кеңейіп келеді. Ол дағдарыстардың алдын алу, дағдарыстарды бақылау және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру шараларын; құқықтық мемлекет институттарын құру және адам құқықтарын қамтамасыз ету салаларында көрініс табуда. 1992 жылдан бастап ОБСЕ дағдарыс аймақтарына ұзақ мерзімді миссияларды бағыттауда. Ұзақ мерзімді миссиялар БиГ, Грузия, Латвия, Македония, Молдова, Тәжікстан, Украина, Хорватия, Эстония, Косовода қызмет істеуде. 1995 жылдан бастап ОБСЕ топтары Шешенстанда, ал 1998 жылдан бастап Беларуссияда қызмет атқарады. Минск тобы таулы карабах мәселесіне кірісті. ОБСЕ тұрақты Албанияда өкілдік етеді. 1996 жылдан бастап ОБСЕ пост дағдарыстардан кейінгі қалпына келтіру міндеттерін орындай бастады. ОБСЕ-ге қару-жарақтарды субаймақтық бақылау шаралары, Оңтүстік Шығыс Европада аймақтық шаралар туралы келіссөздер жүргізу, сенімді нығайту шаралары міндеттелді. 90 жылдардан бастап ОБСЕ басқа да халықаралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді. 4. Басқа европалық ұйымдарға тән емес және ОБСЕ-ң әмбебаптылығын көрсететін функцияларына келесілер кіреді: - жалғыз жалпы европалық ұйым бола отырып ОБСЕ нормативтік қызметтерді жүзеге асырады, сонымен қатар басқа аймақтық ұйымдар қабылдаған шаралардың легитимдігін қамтамасыз ете алады; - қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша веналық Форум аясында қару-жарақтарды бақылау мәселелері қарастырылады және шешіледі: сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары; ашық аспан бойынша Келісім, Европадағы жай әуе күштері туралы Келісім (ОВСЕ) және ОВСЕ-IА; - ОБСЕ-ң дағдарыстардың алдын алу, хабарлау сияқты оперативті қызметтері керемет болып табылады; - Европа Кеңесі мен ОБСЕ-ң ұқсастықтарына қарамастан, соңғысы адам құқықтарын сыйлау мен құқықтық мемлекет институтын құруда ОБСЕ барлық аймақтарындағы жалғыз ұйым болып қалуда.
Date: 2015-07-27; view: 820; Нарушение авторских прав |