Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Евро Одақ: интеграцияның тереңдеуі мен кеңеюі
Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы, Европада блоктық қаосылықтың жойылуы, Германияның бірігуі, ЦВЕ-де жүйелік трансформацияның басталуы ЕО елдерін жаңа белестер алдына қойды. Германияның европалық саясатқа күшейіп келе жатқан ықпалын «басу» Бонн әріптестерін ЕО аясындағы интеграцияны тереңдетуге итермеледі. Бұл саясат жақтастары, жекелей, Франция, Италия, ЕО-ң кіші елдері кірді. Басынан бастап бұл саясатты Германия қолдады. Ұлыбритания ЕО құрамының ЦВЕ мемлекеттері арқасында кеңейгенін қолдады. Аз уақыт ішінде ЕО аясындағы негізгі дискуссиялар: тереңдеу немесе кеңею дилеммаларына тірелді. Нәтижесінде таңдау интеграцияны тереңдету жағына жасалды. ЕО алдындағы интеграцияны тереңдету бойынша қадамдар қырғи қабақ соғыс аяқталғанға дейін жасалды. 1985 жылы ЕО елдерінің үкімет және мемлкет басшылары 1987 жылы күшіне енген Бірыңғай европалық акт қабылдады. Бұл құжат бойынша 1992 жылдың аяғына дейін жалпы ішкі нарық құруды аяқтау ойластырылды. Европадағы өзгерістер ЕО елдерін интеграцияны тереңдетуде радикалды қадамдарға итермеледі. 1991 жылы 8-10 желтоқсанда Маастриихтегі (Нидерланды) ЕО елдері лидерлерінің кездесуінде Европалық Одақ туралы келісім жобасы құпталды. Бұл келісім 1992 жылы 7 ақпанда сыртқы істер және қаржы министрлері қабылдадап, 1993 жылы күшіне енген еді. Келісім интеграциның тереңдеуін бірқатар бағыттардан көреді: 1. 1957 жылы Рим келісімімен қабылданған Еропалық экономикалық қауымдастық Европалық Одақ болып қайта құрылады. ЕО қызметтерінің сфералары кеңейеді. Кеден одағы, жалпы нарық, жалпы еыл шаруашылық және сыртқы сауда саясаты 1999 жылдан бастап Европалық валюта одағымен (ЕВС) толықтырылады. ЕВС өз саясатын қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, білім және әлеуметтік салалармен бірлесе отырып жүзеге асырады. 2. ЕО қызметінің жаңа бағыты сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатын (СВПБ) бірлесе отырып жүзеге асыру болып табылады. 3. Жаңа бағыт болып ішкі саясаттағы ынтымақтастық табылады. Бұл ЕО елдерінің саяси баспана беру, иммиграциялық үрдістерді басқару, заңсыз қылмыспен күрес жүргізу саясаттарын бірігіп жүзеге асыру болып табылады. Алайда, бұл салада да ЕО министрлар кеңесінің шешімі қажет. Маастрихт келісімі одақ ішіндегі ерооптимистер мен евроскептиктердің арасында қайшылық туғызды. Келісімнің дамуы мен қайта қаралуы ЕО елдерінің үкімет аралық конференцияларында қаралды. Конференция 1996 жылы 26 наурызда Туринде (Италия) мемлекет және үкімет басшылары кездесуі деңгейінде Европалық кеңес отырысымен ашылып, 1997 жылы 16-17 маусымда Амстердамда 1997 жылы 2 қазанда сыртқы істер министрлері қол қойған Астердам келісімінің қабылдануымен аяқталды. 1999 жылы 1 мамырда күшіне енген келісім келесілерді қарастырады: - ішкі саясат саласында ЕО компетенцияларының кеңеюі. Гаагада ақпаратты жинау, өңдеу және алмастыру орталығы ретінде құрылған Европол оперативті функцияларды иеленді. Ұлттық полиция менкедендік ведомстволар, заң органдарының халықаралық ынтымақтастығы кеңейе түсті. Саяси баспана беру, иммиграция және қашқындар жағдайы саясаты саласында ЕО компетенциясы кеңеюде; - ЕО елдері азаматтарының құқықтық жағдайын қадағалау. Дискриминацияның пайда болмауына қарсы шаралар қолдануда ЕО мүмкіндіктерінің кеңеюі. Одақ елдерінің барлығында еркек пен әйел теңдігі принципі міндетті болды; - әлеуметтік саясат саласында одақ функцияларының кеңеюі. Келісімде бірінші рет жұмыспен қамтылу саясатын координациялау туралы тарау пайда болды. Келісім денсаулық саласында минималды стандарттарды құрды. ЕО саясаты әр салада экологиялық критерийлерге сай келуі қажет; - СВПБ механизмдерін нығайту және жақсарту. СВПБ аясында шешімдер қабылдау үрдісі жақсарды; - халықаралық дағдарыстарды қадағалау бойынша жаңа функциялар. Амстердам келісімі бойынша ЕО компетенциясына гуманитарлық акцияларды жүзеге асыру кіреді. - ЕО құрылымдары мен институттарының реформасы. Оның мақсаты-Европалық парламент пен Европалық комиссия позицияларын нығайту, шешімдерді қабылдау ережелерін жақсарту. 1997 жылы 15 шілдеде ЕО комиссиясы «күн тәртібі 2000-ды» таныстырды. Ол одақ қызметіндегі реформалардың негізгі бағыттарын қарастырды. Бұл рекомендациялар ЕО елдерінің мемлект және үкімет басшыларының Европалық кеңестің арнайы отырысында 1999 жылы 29 наурызда Берлинде құпталды. 1993 жылы ЕО елдері мен Европалық еркін сауда ассоциациясы (ЕАСТ) арасында Европалық экономикалық кеңістік (ЕЭП) құру туралы келісім күшіне енді. Алайда, ЕЭП туралы келісім екінші кезекте қалды, себебі Швейцария оны референдум барысында ратификацияламады, ал төрт мемлекет-Австрия, Норвегия, Финляндия және Швеция ЕО-қа кіру жөнінде келісімдер жүргізе бастады. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Австрия, Финляндия және Швеция ЕО мүшелері болды. Ең қиыны ЕО-қа ЦВЕ елдерінің кіру мәселесі болды. «Европалық келісім» атты келісімдер ЕО-ң ЦВЕ елдерімен тығыз қарым қатынас жасауға мүмкіндік берді. Алғашқы бұндай келісімге 1991 жылы 16 желтоқсанда Венгрия, Пльша және Чехословакия қол қойды. «Европалық келісімге» қол қойғандарға ассоциацияланған мүшелер статусын берді. Алайда, ассоциацияланған мүшелер статусын иемдену Европалық Одаққа кіру кепілі болып табылмады. Тек 1993 жылы 21-22 маусымда «Европалық кеңес Орталық және Шығыс Европа ассоциацияланған елдері Европалық Одаққа мүше бола алатындығы» туралы саяси шешім қабылдады. ЕО-ң ЦВЕ елдерінің интеграциясы бойынша нақты стратегия 1994 жылы 9-10 желтоқсанда Эссенде (Германия) Европалық кеңес отырысында қабылданды. Кеңес ЦВЕ елдерінің ЕО-қа кіруі туралы келіссөздер тек үкімет аралық конференция аяқталғаннан кейін мүмкін екендігін атап өтті. Кеңес ЦВЕ елдерінің одаққа кіруінің қысқа және ұзақ мерзімді шарттарын анықтады. Одақ ішіндегі қарама қайшылықтарға қарамастан ЕО нәтижесінде ЦВЕ елдеріне қатысты дифференционалданған саясат жүргізді. ЦВЕ елдерінің қатарынан бірінші бестік үміткерлерге Венгрия, Польша, Словения, Чехия және Эстония кірді. 1998 жылы 31 наурызда осы елдермен және Кипрмен келіссөздер басталды. Бұл елдер ЕО-қа 2001 жылы кіруі мүмкіндігі айтылды, ал ЕО Комиссиясы 2003 жылды болжамдады.
Date: 2015-07-27; view: 1130; Нарушение авторских прав |