Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Европалық ұйымдармен Ресей қарым қатынастарының институцияналдануы





1994 жылдан бастап Ресей саясатында алдыңғы қатарлы европалық ұйымдармен тікелей саяси диалог механизмдері негізінде біртіндеп қарым қатынастарды институционалдауға көңіл бөлінуде.

1994 жылы 24 маусымда Ресей Федерациясы мен Европалық Одақ арасында әріптестік және ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылады. Ол 1997 жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енеді. Келісім саяси, экономикалық және басқа да мәселелері бойынша кеңес берулерді қосқанда Ресей мен ЕО арасында саяси диалог механизмін бекітті. Жылына екі рет Ресей президенті мен ЕО басшылары арасында кездесулер өткізілуі қажет.Министрлер деңгейіндегі диалог ынтымақтастық Кеңесі аясында жүзеге асырылады. Ол өз қызметінде ынтымақтастық Комитетіне жүгінеді. Парламенттік ынтымақтастық Комитеті Кеңеске өз кеңестерін бере алады.

ЕО Ресейді ауыспалы кезең экономикасы бар ел деп таныды. 1998 жылы ЕО Ресейге қатысты нарықтық экономикасы бар елдерде қолданылатын антидемпингтық шараларды жүзеге асыруға шешім қабылдады. Сату тәртібі негізгі элементтер бойынша ГАТТ/ВТО ережелеріне сәйкес келеді. Ресей келіссөздер нәтижесінде ресей тауарларының ЕО елдеріне импортта сандық шектеулердің алынуына қол жеткізді. Алайда, түрлі келіссөздермен көмір мен қара металлургия тауарлары, тоқыма, ауыл шаруашылық өнімдері, ядролық жану циклы тауарлары, коммерциялық космостық нарық реттелуде. 1998 жылы бұл мәселелердің көбін реттеудегі үрдіс аяқталды.

Ресей мен НАТО қарым қатынасы баяу дамыды. ПРМ бағдарламасын қабылдау бастапқыда ресей басшылығымен оңды қарсы алынды. Алайда, ПРМ-мен қоса НАТО-ң кеңею идеясының сынға алынуы жағдайында Ресей НАТО-мен «ерекше» қарым қатынасты құру приоритетіне көңілін аударды.

1994 жылы 22 маусымда Ресей ПРМ-ң құжаты мен протоколына қол қойды, онда жеке кең әріптестік бағдарламасын дайындау тілегін білдірді. Ресей мен НАТО диалог пен ынтымақтастықты қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы тереңдетуге міндеттелді.

Келесі келіссөздер барысында екі құжат дайындалды. Оларға қол қою 1994 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланды. Олар –ПРМ аясында Ресей мен НАТО ынтымақтастығының жеке бағдарламасы және НАТО-мен кеңейтілген саяси диалог механизмі туралы құжат. Алайда, екі құжатқа тек 1995 жылы 31 мамырда Нордвейкте (Нидерланды) қол қойылды.

Осы уақыттан бастап Ресей НАТО-мен кең түрдегі саяси диалогқа көңілін аударды. Жеке әріптестік бағдарламасы толық мазмұнға ие болмады. 1995 жылдан бастап Ресей кездесулерді 16+1 формуласы негізінде құрғанымен, бұл механизмнің көптеген жақтары оны қанағаттандырмады. Диалог тұрақсыз негізде және елшілер деңгейі кездесулерімен шектелді, алдайда, 1996 жылдан бастап «16+1» құрамындағы кездесулер сыртқы істер және қорғаныс министрлері деңгейінде өткізіле бастады. НАТО-ң кеңеюіне қарсы болған Ресей 1997 жылдың басына дейін саяси кеңес берулер механизмдерін жақсарту жөнінде ресми диалогтан бас тартып келді.

Тек 1996 жылдың желтоқсан айынан бастап Ресей мен НАТО арасында 1997 жылдың қаңтарынан бастап бір бірімен қарым қатынас жасау туралы келісілді. Осының нәтижесінде 1997 жылы 27 мамырда Парижде Ресей мен НАТО арасында бір бірімен қарым қатынас жасау, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы Негізін қалаушы актке қол қойылды. Бұл құжатта ынтымақтастық принциптері, Біріккен тұрақты кеңес аясындағы ынтымақтастық пен кеңес беру механизмдері қаланды.

 

 

Date: 2015-07-27; view: 666; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию