Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЦВЕ-ге трансформациялау үрдістері





90 жылдары ЦВЕ елдерінің сыртқы саясаты мен ішкі даму динамикасы бірнеше факторлармен анықталды. 90 жылдардың басына таман дискуссиялар кезеңінен кейін бұл елдерде негізгі ішкі және сыртқы саяси мақсаттарының кең консенсусы қалыптасты. Оның мәні ЦВЕ елдерінің Европаға реинтеграция жолдарын анықтау болды. Яғни, Европа Кеңесі, ЕО, ЗЕС, сонымен қатар НАТО-ға мүше болу.

ЦВЕ елдерінің жағдайына бірнеше факторлар ықпал етеді. Біріншіден, реформалар үрдісі мұнда қиын және ұзақ мерзімді болды. Екіншіден, саяси және экономикалық реформаларды жүүзеге асыруда ЦВЕ елдерінің дифференциациясы рельефті бола бастады.

Өткізіліп жатқан қайта құруларға коммунизм кері әсерін тигізуде: биліктің жоқтығы, азаматтық қоғамның дамымағандығы, ориентирлердің болмауы. Экономиканың жүйелік және құрылымдық реформаларын жүргізу бюрократия мен қызығушылар топтарының мықты позициясымен қиындатылады. Қиындықтарды сонымен қатар нарық экономикасына көшу мен саяси жүйені қайта құру туғызып отыр.

ЦВЕ-ң он елінің ішіндегі Албания, БҰҰ-ң классификациялауы бойынша, кіріс иөлшері төмен мемлекеттер қатарына жатқызылады. Мемлекеттердің көп бөлігі кірісі төмен орта топтарға жатады. Тек үш ел (Чехия, Венгрия және Словения) кірісі жоғары төмен топтарға кіреді. Кірісі жоғары топтар қатарына ЦВЕ-ң ешбір елі жатпайды. Экономикалық дамудың төмендігі, коммунистік жүйенің тез бөлінуі, ескі мәселелер мен өнімділіктің төмендеуі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық үрдістерге кері әсерін тигізді.

ЦВЕ-ң бес мемлекеті-Чех Республикасы, Польша, Венгрия, Словакия және Словения реформаларды жүзеге асыруда лидер болып табылады.

ЦВЕ-ң лидерлік бестігі реформаларды жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізді, 90 жылдардың екінші жартысында олардың экономикалық жағдайы жақсарды. 1993-1994 жылдары барлық бес елде экономикалық өсім байқалады. Бұл елдер үшін оң фактор инвестициялардың өсуі және инфляциялардың бірқалыптылығы болып есептеледі. Кері факторларға бұнда жұмыссыздықтың жоғары деңгейі жатады (Чехиядан басқалары); орта жалақы деңгейінің төмендеуі; әлеуметтік дифференциациялардың өсуі; әлеуметтік қамтамасыздандыру жүйесінің болмауы; тұрғындардың кедейлікке ұшырауы.

Балтия елдері-Латвия, Литва және Эстония ЦВЕ-ң лидерлік бестігі қатарына қосыла алатындарға жатады. Алайда, олар бұрынғыдай экономикалық және әлеуметтік проблемаларға тіреледі. Оңтүстік Шығыс Европа елдері-Албания, Болгария және Румыниядағы трансформация үрдісі тұрақсыз нәтижелермен көрінді, соның ішінде 1996-1997 жылдардағы албан дағдарысын айтуға болады.

ЦВЕ-ғы сыртқы саяси жағдай аймақтық және экономикалық ынтымақтастық механизмдерінің жоқтығымен сипатталады. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін мұнда түрлі субаймақтық ұйымдар пайда болды. ЦВЕ елдері Орталық европалық инициатива, вышеградтық топ, СГБМ, ЧЭС, карпат аймақтарының ынтымақтастығына мүше. Болгария Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен қатынасты дамытуда инициатива білдіруде. Субаймақтық ынтымақтастық саясатын Румыния жүргізеді. Ол 90 жылдары бір-бірін толықтыратын үш жақты ынтымақтастық пактісінің күрделі «үшбұрыш» жүйесін құрды (Польша мен Украина, Болгария мен Түркия, Молдова мен Украина, Венгрия мен Австрия, Болгария мен Греция).

 







Date: 2015-07-27; view: 730; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию