Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Европадағы болашақ қатынастар жүйесінің негізгі контурлары
1997 жылғы қабылданған ЕО пен НАТО-ң Шығысқа кеңею, сонымен қатар ОБСЕ аясындағы ХХI ғасырда Европа үшін жалпы және кең көлемді қауіпсіздік моделі туралы дискуссиялар нәтижесінде қазіргі кезде Европа мемлекет аралық қатынастардың жаңа жүйесін құрудағы фазаға өтуге аяқ басты деуге болады. Біріншіден, бұл батыс европалық және атлантикалық ынтымақтастық қауіпсіздігінің кеңеюі. Соңғы төрт жылда европалық даму динамикасы «үлкен» Европаны құру парадигмасының ауысуымен сипатталды. Шығыс пен Батыс континенттер бөліктерінің жақындасуы алдыңғы тенденция бола алмады. Алдыңғы орынға батыс ұйымдардың Шығысқа кеңею тенденциясы шықты. Басталған батыс ұйымдарының кеңеюі Европаның жаңа бөлшектенуін білдірмейді, керісінше оның бірігуі болып табылады. Екіншіден, бұл европалық қауіпсіздіктің құрылып келе жатқан жүйесінің плюралистік мазмұны болып есептеледі. Қазіргі кезде және болашақта ешбір европалық ұйым Европа ауыспалы кезеңде басынан өткізіп жатқан барлық проблемаларды өздігінен шешіп және пайда болған қауіптерге төтеп бере алмайтын фактті мойындады. Бұл қорытынды ОБСЕ-ге де, НАТО-ға да бірдей қатысты. Осылай, шындығында біз әлде-ОБСЕ, әлде-НАТО деген таңдау алдында тұрған жоқпыз. Егер НАТО-ң кеңеюі атлантикалық ынтымақтастық қауіпсіздігінің тұрақты ісін Орталық және Шығыс Европа елдерінің бірқатарларына тарата алса, онда ОБСЕ европалық саясат салаларында алдыңғы орындарды сақтап қалып отыр. Бұл басқа аймақтық ұйымдардың қызметін санкциялай алатын европалық мемлекеттердің жалғыз әмбебап ұйымы. ОБСЕ локальді дағдарыстарды реттеу мен алдын алу, әскери салада қару жарақтарды бақылау, ұйымның барлық мемлекет-мүшелерінде адам мен ұлттық азшылықтар құқықтарының сақталуында маңызды рөлге ие. Үшіншіден, бұл Европада жаңа ұйымдарды құру қажеттігінің керексіздігі. Бүгінгі таңдағы міндет аймақтық ұйымдардың қарым қатынасын реттеу, біріккен істер нәтижелерін координациялау болып табылады. Басқаша айтқанда, қауіпсіздік концепциясына сай ОБСЕ, НАТО, ЕО, ЗЕС және Европа Кеңесі арасындағы қарым қатынасты жақсарту. Соңғы мәселе, бұл Ресейдің Европадағы қатынастардың жаңа жүйесіне қалай енетіндігі болып табылады. Біріккен Европаны құрудағы парадигманың өзгеруі, әрине, көптеген шығыс европалық елдерге қарағанда Ресей үшін басқа мағына иеленді. Бастысы, басқа елдерге қарағанда Ресей алдында ЕО немесе НАТО-ға кіру туралы мәселе тұрған жоқ. Олардың кеңеюі Ресей үшін европалық жүйеге интеграциялануын азайтады. Біздің түсінігімізде Ресейдің басты қызығушылығы бөлшектенген емес, керісінше біртұтас Европамен қызмет ету болып табылады. Екінші Ресейдің маңызды қызығушылығы Ресей мен Батыс арасында, жеке Европа, қайшылық жағдайларды туғызбау, Ресейдің кеңейіп келе жатқан европалық ынтымақтастық қауіпсіздігіне жол табу болып есептеледі. ЕО пен НАТО әріптестік қарым қатынастарының институционалдануы Европадағы Ресей саясатының негізгі приоритетеріне айналуы тиіс. Ресейді ЕО және НАТО-мен байланыстыратын арнайы механизмдер мен институттар европалық институттар жүйесінде жаңа бағыт болуы тиіс. Солтүстік атлантикалық одақтың Шығысқа кеңеюінен емес, жоғарыдағы мәселелерге қатысьы НАТО-мен диалог қажет. Ресей мен НАТО арасында ұзақ мерзімді әріптестіктің құрылуы екі жақтың мүдделеріне сай келуімен қатар, европалық қауіпсіздіктің жаңа жүйесінің негізіне айналуы қажет. Ресй үшін НАТО-мен әріптестіктің институционалдануы Европлық Одақпен қатынастардың дамуымен бірге бұл жүйеде маңызды орынды иеленуге жол ашады.
Date: 2015-07-27; view: 766; Нарушение авторских прав |