Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оршаған орта





 

Қоршаған табиғи ортаның нашарлауы, оның барлық маңызды компоненттеріне әсерін тигізді – атмосфера және климатқа, су ресурстары және Әлемдік мұхитқа, Жер қойнауына, өсімдік және жануар әлеміне. Бріақ бұл ықпал түрлі болды және өзгеше салдарларды туғызды.

Өндіріс объектілерінің көлік құралдарының улағыш заттарды өндіру нәтижесінде атмосфераның ластануы, аса қауіпті төндіріп отыр. Әлемнің металлургия, мұңайөндеу, химия өнеркәсіп орындары орналасқан аудандарда 200 – ге жуық улы заттар табылып отыр, ол мүмкін концентрация деңгейінен 10 есе асып отыр. Атмосфераның ластануы географиялық шекараларды білмейді.

Басқа қауіп – тоңазытқыш реагенттерінің, пеноөнімдерінің, аэрозольдерді өндіру және қолдану нәтижесінде атмосферада озон қабаты жұқаруы болып табылады. 1986 ж. Антарктидада «озон тесігінің» пайда болуы, он жылдан кейін – Якутск ауданында, Арктикада «озон тесігінің» белгілері, Жердің солтүстік және оңтүстігінде озонның жұқаруы жаһандық атмосферан.ың радияциялық және термиялық режимнің өзгеруіне, адам денсаулығына қауіп төндіретін Күннің ультракүлгін суленің өсуіне алып келеді. Атмосфераның ластануы қышқылдық жауын – шашындарды тудырады.

Климаттың жалпы жылынуы – парниктік эффект те қауіп төндіреді. Ол жанармай және ағашты өртеу нәтижесінде атмосферада көмірсутектің жиналуымен байланысты.

Соңғы онжылдықта су ресурстарының жағдайы нашарлады. Суды жаһандық пайдалану 1940 және 1980 жылдар аралығында екі есе өсті, 2000 ж. осындай жағдай қайталанды. Шаруашылық қызметтің ықпалымен су ресурстарының сарқылуы байқалып отыр. Қазіргі кезде жер тұрғындарының 40% - ы келетін, 80 елде су тапшылығы байқалып отыр.

Су уландырушы заттарды тасымалдап қана қоймай, оны жинайды. Су объектілеріне өндіріс және тұрғын – коммуникациялық шаруашылықтардың қалдықтарын жіберуі, осы объектілерге ауылшаруашылық жерлерден улы химикаттар мен пистицидтердің, малшаруашылығынан биогендік және органикалық заттардың түсуі, ауыз суының сапасын төмендетті. Мысалы, Ресейде ауыз су сапасы су объектілерінің жартысынан ¾ дейін нормативтік талаптарға сай емес. Мұндай жағдай көптеген дамып келе жатқан елдерге тән, ол адамның денсаулығына қауіп төндіріп, аурулар және өлім деңгейінің төмендеуіне алып келіп отыр.

Ластанудың қайнар көздері жерде және оған жақын суларда орналасқан. Әлемдік мұхит ластаушы улы заттардың қоры. Сонымен қатар теңіздер және оның жағалаулары танкердің мұнайды тастау нәтижесінде, жылына 5 млн. тоннаға жететін, қауіпті ластануға ұшырап отыр.

Жер бетінде тірліктің сақталуына топырақтың әсері мол. Адам тамақ өнімдерінің 98 – 99 %, топырақты ауылшаруашылығы және малшаруашылығында қолдану нәтижесінде алып отыр. Жер бетінің жағдайынан күн радияциясының жұтылуы және шағылысуы, жер мен атмосфера арасындағы ылғалдылық айналымы, ауа және су бассейндерінің құрамы және режимі, су қоймаларының биологиялық өнімділігі тәуелді. Жер бетіне антропологиялық ықпал өзінің деңгейі және салдарлары бойынша құртуға жеткізе алады.

Жер ресурстарын дұрыс емес пайдалану нәтижесінде әлемде егінге қолданылатын жер азаюда, ал тұрғындар саны болса өсіп келеді. Адамзат құнарлы желердің 2 млрд. га айрылды, олар шөлдерге немесе «бедлендтерге» айналды.


Қазіргі кезде жердің деградацмясы өсіп келе жатыр. Тоғайлардың жойылуы, бұрыс агромәдениеттің нәтижесінде жел және су эрозиясының жылдамдығы соңғы 50 ж. 30 есеге өсті.

Әлемнің тоғай ресурстарына зиян келтірілуде. Тоғайлар – көмірсутектердің қоры, оның атмосфераға шығарылуының, қоршаған ортаның газ, су жылу режимдерін реттеуші ағаш, тамақ және басқа да ресурстардың қайнар көзі. Ағаш өнімдері халықаралық саудада үлкен маңызға ие. Жасанды егінді ағаштардың өсірілуіне қарамастан, орман аландары қысқаруда. Соңғы 100 жылдықта ол 1/3 – ке қысқарды. Тоғай ресурстарының сапалы құрамы нашарлады. Негізгі себеп ормандардың қысқаруы және деградациясы. Болжам бойынша әлемнің тропикалық және аридті аудандарда тоғайлардың қысқаруын тоқтату жақын болашақта мүмкін емес.

Қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың әсері – Жердің биологиялық түрлілігінің қысқаруы. Өткен 100 жылдықта жоғары өсімдіктердің 25 мың түрі, үй жануарларының 100 – ге жуық түрлері толықтай жойылды. Биологиялық түрлердің мұндай жойылу темптері теңдессіз. Мамандардың есебіне сәйкес, 2010 – 2015 ж. қарай биосфера оның құрамдас түрлерінің 10 15% айырылуы мүмкін. Жердің генетикалық фондының сақталуы үлкен мәселеге айналып отыр, бұл адамдардың қоршаған ортаға қатысиы қимылдарын өзгертуді талап етеді.

Энергиямен қамтамасыздандыру адамзаттың алдында тұрған үлкен мәселе. Бір кездері ағаштың азаюына байланысты көптеген мемлекеттер жанармай дағдарысына ұшырады. Көмірдің кең қолданылуы, бұл мәселені шешкен жоқ. Жергілікті көмір өндіру көздерінің сарқылуына байланысты, көптеген елдердің тұрғындары энергетикалық аштыққа ұшырады. Энергияның арзан көздеріне өту – мұнай және табиғи газға – энергиямен тұрақты қамтамасыздандыру мүмкіндігі ашылды. 1970 – ші жылдарға қарай әлемдік энергобаланста мұнайдың үлесі 60% - ға өсті, ал көмірдің үлесі 25% - ға төмендеді. Әлемдегі энергоқажеттіліктің қалған бөлігі табиғи газ және атомдық энергиямен қамтамасыз етілді.Энергоқамтамасыздандыруға ешқандай қауіп төнбеген секілді болды.


1972 ж. Терең энергетиикалық дағдарыс, яғни мұнайға әлемдік бағаның 10 есе көтерілуі әлемдік қоғамдастықты қиын жағдайға соқтырды. Үкімет іскер әлемнің, халықтың жаңа энергетикалық жағдайға, әлемдік энергетикалық нарықтағы жаңа талаптарға үйрену үшін 10 жылға жуық уақыт қажет болды.

ХХ ғ. аяғында шаруашылық қызметтің есеюі және халық санының өсуі энергоресурстарға сұранысты көбейтті. Ал минералдық шикізат және жанармай, басқа табиғи ресурстарына қарағанда кері толастамайды, қайта өндірілмейді. Пайдалы қазбалар қорлары сарқылады. Бірақ энергетикалық шикізат мүлдем жетіспейді емес. Қазіргі кездегі энергия қолданудың негізінде әлемдегі көмір – 100 жылға, табиғи газ – 70 ж., мұнай – 40 ж. жетеді. Сонымен қатар энергияның альтернативті көздері қолданылады – ядролық, желдік, геотермальді, күн және энергияның басқа түрлері.

Біріншіден минералды жанармайды өндірудің табиғи – географиялық жағдайының нашарлауы, геологиялық барлауға, өндіруге және энерготасымалдаушыларды үлкен қашықтыққа тасымалдау шығындарды көбейтіп отыр. Қазіргі кезде энергоресурстарының ірі тұтынушылары әлемнің дамыған өнеркәсіптік аймақтары ғана емес, сонымен қатар дамушы елдер, сонын ішінде Үндістан мен Қытай. Ал мұнай және газ өндірудің негізгі орталықтары Таяу және Орта Шығыс елдерінде және Ресейде орналасқан. Каспий теңізінің шельфінде мұнай және газдың жаңа көздерін игеру, көп мемлекеттің шекаралары, таулы аудандардын, территориялар арқылы өтетін құбырларды салуға көптеген млрд. шығындарды қажет етеді. Солтүстік мемлекеттер, Ресей, АҚШ, Канада, Норвегия, Ұлыбританияның мұнай – газ өндірісі Арктикалық теңіздер шельфтерінің сирек қоныстанған және елсіз аудандарына ығысып жатыр. Бағалауға сәйкес, арктикалық және субарктикалық территориялар минералды ресурстар көп шоғырланған аймақтар.


Екішіден, әлемдегі энергоресурстар қажеттілігін қамтамасыз ету тез қарқынмен жүрді – айналымға энергоресурстардың жаңа көлемін қатыстыру, оларды тиімсіз пайдалану арқылы. Энергожинақтаушы техника мен технологияға өту 70 – ші жылдардағы дағдарыстың қысымымен ғана басталды, сонын ішінде техникалық дамыған елдерде. Ал дамушы мемлекеттердің көбінде ірі қаржы салымдарын қажет ететін бұл процесс кідіріп қалды.

Үшіншіден, әлемде энерго тұтынудың кеңеюімен табиғи ортаны ластау өсті. Мұнай және көмірді өртеу нәтижесінде атмосфераға шығарылған көмірсутек ғаламның климаттық жағдайына әсер ете алатын деңгейге жетті.

Төртінщеден, қазіргі кездегі өндіріс күшінің және техникалық прогресстің даму деңгейі әлемдік қоғамдастыққа энергияның дәстүрлі көздерін альтернативті, сонын ішінде ядролық энергиямен алмастыруда толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Соңғысының артықшылықтарына (арзан және энергияның толықтырылатын көзі) қарамастан, олардың кең қолданылуы әлемдік қоғамдық пікірдің қарсылығына тап болды. Ірі техногенді апаттар, мысалы Три – Майл – Айлендтегі (АҚШ) ядролық авария және Чернобль АЭС – дегі апат өзінің салдарлары бойынша қайғылы апаттар, әлемде жаңа атом электростанция құрылысы жоспарына қарсылық туғызды. Ядролық энергия өндіру нәтижесінде биосфера және адам денсаулығына зиян келтіретін мыңдаған тонна ядролық қалдықтар сенімді жерлеуді қажет етеді.

Адамзат алдында тарихи маңыздылығы бар міндет тұрды – бұл адам днсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз энергия көздеріне өту және оларды тиімді пайдалану.

Адамзат даму тарихында азық – түліктің жетіспеушілігі нәтижесінде елдерді аштық жайлап отырды. Әлемдік азық – түлік өндірісі тез өсіп отырған халықты қамтамасыз ете алмады. Мұндай тенденцияны тек ХХ ғ. ІІ ж. тоқтату мүмкін болды. Бұл жылдары азық – түліктік жағдайдың басты индикаторы - әлемдік дән өндірісі өзінің қарқыны бойыеша халық өсімін оза бастады. 40 ж. ішінде (1950 -1990 жж.) халық саны 2 есеге, ал дән өндірісі 3 есеге өсті. Кең ауқымды траулер құрылысына байланысты теңіз өнімін өндіру көбейді. Әлемдік азық – түлік мәселесі жартылай шешілді.

Қазіргі кездегі тамаққа жарымаудан 840 млн. адам азап шегіп отыр. Дамыған және дамушы мемлекеттердегі азық – түлік өндірісінде теңсіздік байқалады. Ең кедей континент – Африкада, 70 – ші жылдардан бастап, адам басына шаққандағы азық – түлік өндірісі жылына 1% - ға қысқарып отыр, аштық үлкен мәселеге айналды. Соғыстан кейінгі жылдарда құрылған халықаралық азық – түліктік көмек жүйесінің арқасында ғана әлемнің аз дамыған аудандарында азық – түлік дағдарысының салдарын ұстауға мүмкіндік туып отыр.

Соғыстан кейінгі жылдары азық – түлік өндірісінің өсімі бәсеңдеп, оларға сұраныс көбеюде. Соңғысы халық саның өсуімен қатар, дамушы елдерде, сонын ішінде Азияда индустрализация нәтижесінде адамның әл – ауқатының өсуі де себеп болып отыр. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа мемлекеттері өз экономикасын радикалды модернизациясына көшкен кезде, олардың халық саны 280 млн. адамды құрады. 160 млн халқы бар АҚШ, тез экономикалық өсім кезеңінен өтті. Қазіргі таңда 3,5 млрд. халқы бар Қытай бастаған Азия мемлекеттері өнеркәсіптік бум өткеріп жатыр. Бұл кезде әлемдік сұраныспен қатар, оның құрылымы – сүт, ет, жұмыртқа және т.б., теңіз өнімдерінің ұлғаюына қарай өзгеріп отыр. Яғни, әлемдік балық ресурстарын өндіру және ауылшаруашылықтың дамуы, азық – түлікке әлемдік сұраныстың көлемі мен құрылымының өзгеруіне тең емес. Егер мұндай тенденция тоқтатылмаса, болжам бойынша, 2030 ж. қарай жетіспейтін дәнге импорт қажеттілігі бірнеше есеге өсуі мүмкін. Тек, Қытайдың өзі жылына 200 млн. тонна дән әкелуге мәжбүр болады, бұл 1996 ж. әлемдік дән экспортының барлық көлеміне тең.

Азық – түлік өнімдерінің жетіспеушілігі, оларға бағаның өсуіне әкелуі мүмкін. Жапония үкіметінің болжамы бойынша, 2010 ж. өарай бидайға және күрішке баға 2 есе өсуі мүмкін. Негізінде, бұл фермерлік шаруашылықтарға азық – түлік өндіруге және оның инфрақұрылымына жаңа инвестициялар салуға стимул бола алады. Алайда бұл жолда көптеген шектеулер пайда болды. Біріншісі – ауылшаруашылық жерлерінің деградациясы. Қазіргі кезде әлемдегі жерлердің 15% жарамсыз немесе ауқымды ақша салымын қажет етеді. Екіншісі – ауылшаруашылығында қолданатын су ресурстарының азаюы. Үшіншісі – ауылшаруашылық жерлерінің минералды тыңайтқыштармен қануы.

Кезінде «жасыл революция» алып келген артықшылықтар, қазіргі кезде ауылшаруашылығы дамуында кері әсер туғызып отыр.

Мұндай дамудың нәтижесі әлемдік азық – түліктік жағдайдың нашарлауы болып табылады.

 







Date: 2015-07-27; view: 682; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию