Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жаңа Европаны құрудағы негізгі дилеммалар
Қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен екі әскери блок арасында ұлттық және европалық қауіпсіздік мәселелері, бастысы кең масштабтағы әскери дағдарыс қаупі соңғы орынға шықты. Алдыңғы орынға жаңа проблемалар мен шақырулар қойылды, оған жеке және коллективті түрде континент елдері тіреледі. Европадағы мемлекет аралық қатынастар жүйесінің болашағына болжам жасайтын европалық саясатытың негізгі дилеммаларына келесілер жатады: 1. Германияның бірігуі мен оның суверенитетіне деген шектеуді алып тастау кейбір елдерде үрей туғызды. Германияның ЦВЕ елдері мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың жандануы; оның мұндағы реформаларды қолдауы мен шетел инвестицияларын қамтамасыз ету үрейді одан сайын күшейтті. Германия саясатының «ренационализациясы» соңында европалық державалар арасында бәсекелестікті жандандырды. Ол өз кезегінде жаңа дағдарыстар туғызды. Германияның бірігуі үрдісінде батыс елдері оның саясатының маңыздылығы Германияның ЕО және НАТО-ға интеграциялануы болады деп есептеді. Бұл көзқараспен кейін кеңес басшылығы да келісті. ФРГ-ң саяси класында 90 жылдардың басынан европалық саясатқа қатысты келесі консенсустар қалыптасты: - ЕО пен НАТО интеграциясындағы үрдісті сақтау, ФРГ-ң бір жақты іс-әрекеттерден бас тартуы; Германия ЕО қызметінің кеңеюін қолдай отырып, осы үрдістің жақтаушысы болып табылады; - ЦВЕ елдерінің батыс құрылымдарға кіруіне ықпал ету; осылай Бонн бір жағынан ЕО пен НАТО интеграциясы арсындағы қайшылықтарды жоюға, екінші жағынан ЦВЕ елдерінде саясатты жандандыруға талпынды; - Германия Ресеймен әріптестік қатынастарды сақтап қалуға ұмтылуда. 2. Ғасырлар бойы Ресей мен Европа қатынастары бір-біріне екі жақты тартылумен қатар алыстау ретінде қаралды. Бірінші КСРО-ң, кейін Ресейдің демократизациялануы, нарық реформаларының саясаты және шаруашылық үрдістерге бейімделуі Ресейдің европалық және жахандық жүйесіне біртіндеп интеграциялануына жол ашады. 3. 80 жылдардың аяғындағы Европадағы саяси және идеологиялық бөлінуді бастан өткізу Батыс және Шығыс Европа мемлекеттері арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін тез шеше алмады. ЦВЕ елдеріндегі өтпелі кезеңнің қиындықтары мен жалғасуы 90 жылдардың басында еленбеді, сондықтан Европада әлеуметтік-экономикалық бөлу сызықтары сақталуда. Ішкі дестабилизацияның қауіптілерінің бірі 1996-1997 жылдардағы Албаниядағы хаос болып табылады. 4. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Европа локальді және аймақтық дағдарыстарды басынан кешірді, соның ішінде қарулы. Бұрынғы Югославияда массалық күшті қолдану Европа үшін үлкен шок болды. Европадағы қазіргі дағдарыстардың көпшілігі ұлттық мемлекет құру деңгейінен өтпеген елдерде әскери қарсылық бой алды. 5. НАТО-ң 1999 жылғы наурыз-маусым айларындағы Косово (СРЮ) дағдарысына әскери араласуы Европаны жаңа проблемалар алдына қойды. Осымен бірге 1998-1999 жылдардағы косоволық дағдарыс басқа маңызды және ұзақ мерзімді проблеманы туғызды. Ол халықаралық, соның ішінде европалық қауымдастық мемлекеттерінде бейбіт, қарусыз құралдардың болмауымен байланысты. Арнайы халықаралық құралдарды дайындау косово дағдарысы тұсында айқын болды. 6. Қауіпсіздіктің жаңа шақырулары 90 жжылдары қауіпсіздік саясатының дәстүрлі емес өлшемдері ы айтуды рұқсат етті. Егер 1989-1992 жылдары европалық мемлекттердің көпшілігі жаңа европалық жүйені құру нұсқалары туралы айтуда сақтық білдірсе, ал 1993-1994 жылдардан бастап көптеген үрдістердің ықпалымен нұсқалар саны азая бастады. 1997 жылы дискуссиялар дейгейі аяқталды. 1993-1997 жылдары біріккен Европаны құрудағы «парадигма өзгерді». Ол қазіргі кезде Шығыс пен Батыстың «жақындасуы» негізінде пайда болды, ал нәтижесінде батыс ұйымдарының біртіндеп кеңеюімен жалғасты.
Date: 2015-07-27; view: 722; Нарушение авторских прав |