Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Тақырып: Демографиялық императив





Тақырып: Демографиялық императив

Дәрістің мақсаты: Қазіргі қоғамның демографиялық құрылымындағы жалпы өзгерістер. Жер халқының өсу динамикасындағы айырмашылықтар туралы түсінік беру.

Тірек сөздер: Демография, императив, диспропорция

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазіргі қоғамның демографиялық құрылымындағы жалпы өзгерістер. Жер халқының өсу динамикасындағы айырмашылықтар.Әлемнің қазіргі демографиялық процестерінің саяси аспектілері. Демографиялық диспропорциялар және жаңа жанжалдар.

Қазіргі қоғамның демографиялық құрылымындағы жалпы өзгерістер. Жер халқының өсу динамикасындағы айырмашылықтар.Әлемнің қазіргі демографиялық процестерінің саяси аспектілері. Демографиялық диспропорциялар және жаңа жанжалдар.

Жалпыәлемдік мәселелер демографиялық жағдаймен тығыз байланысты. ХХғ. ІІ ж. демографиялық өзгерістер жеке әлемдік мәселеге айналды.

Қазіргі кезде демографиялық процестердің ерекшелігі халық санының тез қарқынмен өсуі. Егер ХХ ғ. І ж. Жер халқының саны 1 млрд. өссе, 1,5 млрд. 2,5 млрд. дейін, келесі онжылдықта 3,5 млрд. өсті, ал 1996 ж. 6 млрд. адамға жетті. Болжам бойынша 2025ж. Қарай халық 8 млрд. адамға жетуі мүмкін.

Әлемде халық санының өсуі тең дәрежеде жүрмейді. Әлемнің негізгі орталықтарының халқы – Солт. Америка, Бат. Европа, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия қасқанда 1950 – 1996 жж. Аралығында 1,5 есеге өсті, ал Шығ. Европа және бұрынғы КССР елдерінде – 1,6 есеге өсті. Сол уақытта дамушы елдерде халық 2,7 есеге, Африкада - 3,3 есеге, Латын Америкасында – 3, Азияда - 2,5есеге өсті.

Әлем халқының жалпы саны өскенмен, оның жыл сайынғы өсімі 1960 ж. Бастап төмендеуде: 1964 ж. 2,2% - дан 1997 ж. 1,4% төмендеді. Халықтың жыл сайынғы абсолютті өсімі де төмендеді – 1988 ж. 87 млн – нан 1997 ж. 80 млн. Адамға дейін. Бұл тенденция өткен жылдардың көңілсіз болжамдарынан, оған сәйкес көптеген жылдарға созылған күшті «демографиялық жарылыс», адамдарды катастрофа алдына қояды деген болжамдар іске аспады. Көптеген демографтар фертильность коэффицентіне көңіл бөлмеді, яғни ана өмірінің барысында дүниеге келген балалар.

Мұндай өзгерістердің нәтижесі халықтың әл – ауқатының өсуі, дамушы мемлекеттерде кедейлердің азаюы, өмір деңгейінің өсуі. Соңғыларына Қытай, Үндістан, Индонезия, Бразилия жатады, оларға әлем халықтарының 45% сәйкес.

Келесі демографиялық өзгеріс – дамушы мемлекеттерде тұрғындардың «жасаруы» және керісінше дамыған мелекеттерде тұрғындардың қартаюы. Соғыстан кейінгі үш онжылдықта дамушы мемлекеттерде 15 жасқа деінгі балалар үлесі 40 – 50 % көбейді. Нәтижесінде қазіргі кезде жұмысқа қабілетті жастар осында шоғырланған. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттерде үлкен еңбек ресурстарын жұмыспен қамту халықаралық маңыздағы ең ұшқыр әлеуметтік мәселе. Ал дамыған мемлекеттерде өмірдің ұзаруы және тууыдың бәсеңдеуі қарт адамдардың көбеюіне алып келді, бұл зейнетақылық, денсаулық сақтау жүйелерніе үлкен ауыртпалық туғызып отыр. Үкіметтерге ХХІ ғ. Халықтың қартаю мәселесін шеше алатын жаңа әлеуметтік саясат жасау қажеттілігі алдында тұр. Экономикалық дамыған мемлекеттерде Жер шары тұрғындарының 1/7 өмір сүреді, онда 4/5 әлемдік ішкі өнім өндіріледі, ал адам басына шаққандағы ЖІӨ дамушы мемлекеттерге қарағанда 20 есе артық. Яғни 1 – ші топтағы елдерде денсаулық сақтауға, білім, табиғи ортаны қорғауға шығындар деңгейі үлкен, бұл дамушы мемлекеттер тобына қарағанда өмір ұзақтығы көбірек дегенді білдіреді.

Шығ. Европа және КСРО – ның бұрынғы мемлекеттеріне келсек онда әлем халқының 6,7% өмір сүреді, әлемдік ішкі өнімнің 6% өндіріледі, адам басына шаққандағы ЖІӨ өсу қарқыны бойынша дамыған мелекеттерден 2 есе алға шығады және олардың әлемдік ЖІӨ - ге үлесі 90 – шы жылдардың ортасынан 19,5% - дан 2020 ж. 29,7% өсуі мүмкін.







Date: 2015-07-27; view: 1173; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию