Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте Қоспаларға мысалдар және бөлу әдістері





Қоспаның құрамы Мысалы Бөлу әдістері
Қатты-қатты   Қатты-сұйық а) ерімейтін ә) еритін     Сұйық-сұйық а) ерімейтін ә) еритін Темір мен күкірт Құм мен ағаш үгіндісі   Бор мен тұз     Саз бен су Бор мен су Тұз бен су Қант пен су   Май мен су Спирт пен су Магнит арқылы Су арқылы Еріту, тұндыру, сүзу   Тұндыру және сүзу   Қыздырып суалту   Бөлгіш воронкамен бөлу   Айдау

Зертханалық және көрнекі көрсетілетін тәжірибелер кезінде оқушылар химиялық стакандармен, сынауықтармен, колбалармен, жай және бөлгіш воронкамен, сауыттармен, термоскоппен, сүзгі қағаздармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді. Тұндыру, сүзу, буландыру, құрғату, айдау тәсілдерімен, қыздыру аспаптарымен танысады. Мұғалім олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларына назар аударады.

Заттардың өзгерістері мен құрылысы туралы алғашқы ұғымның қалыптасуы. Оқушылар «заттардың өзгерістері», «құбылыс», «физикалық және химиялық құбылыс», «айналу» терминдерімен белгіленетін жалпы ұғымдардың ара қатынасын түсіну арқылы химиялық реакция ұғымына келеді. Мұнда анықтаусыз енгізілетін ұғым – өзгеріс арқылы құбылыс туралы түсінік беріледі. Заттардың кез келген өзгерістері құбылыс деп аталады, ол екі түрлі: физикалық құбылыстар және химиялық құбылыстар.

Бір заттардан екінші жаңа заттар түзілетін өзгерістер химиялық құбылыстар делінеді, оларды химиялық реакциялар деп атайды.

Сонымен, өзгеріс пен құбылыс тең мағыналы жалпы ұғым, физикалық және химиялық құбылыстар солардан туындайтын екінші сатыдағы ұғымдар. Химиялық құбылыс, химиялық айналу және химиялық реакция бірінен бірін ажыратуға болмайтын тең мағыналы ұғымдар.

Химияның алғашқы сабақтарында физикалық және химиялық кұбылыстардың эмпирикалық ұғымдары қалыптасады. Ол үшін бірнеше көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелер жасалады. Әсіресе, бір затпен жасалатын әр түрлі тәжірибелер көрнекі нәтиже береді. Мысалы, шақпақ қантты кәрден келіге салып түйгенде ұнтақталып пішінін жояды, суда еріткенде сұйық күйге айналып, түсі жойылады, бірақ дәмі сақталады. Бұл екеуі – физикалық құбылыстар. Қанттың ұнтағын сынауыққа салып қыздырса балқиды және түсі өзгереді – бұл да физикалық құбылыстар. Одан әрі қатты қыздырғанда кант көмірленеді және су буы бөлінеді. Көмір мен су – жаңа заттар, бұл өзгеріс химиялық құбылыстарға жатады.

Шынының және парафиннің балқуы, мыс пластинкасын шамның жалынында қыздыру, сутегі пероксидін айырудың зертханалық тәжірибелерін оқушылар өздері жүргізеді, бақылау барысын кесте түрінде жазып, жаңа заттар түзілгені немесе түзілмегені жөнінде қорытынды жасайды, физикалық және химиялық құбылыстарға анықтама беріледІ.

Бұл тақырыпта химиялық реакциялардың басталуы және жүру жағдайлары, сыртқы белгілері, механизмі, заттардың реакция кезіндегі масса қатынастары, химиялық теңдеу, реакцияның типтері туралы алғашқы ұғымдар жүйесі қалыптасады.

Химиялық реакциялар жүруіне ең қажетті жағдайлардың бірі – заттардың тығыз жанасуы. Жанасу бетін арттыру үшін заттарды ұнтақ немесе ерітінді күйінде алады. Бұл жағдай жеткіліксіз болса, сырттан жылу беріледі (мыстың оксидке айналуы, қанттың айрылуы, т.б.). Жылу бір реакцияда реакцияның басталуы үшін ғана (күкірттің темірмен әрекеттесуі), ал екіншілерінде ақырына дейін жүру үшін қажет. Кейбір реакциялар жарық энергиясының (фотосинтез), енді біреулері электр тогының (судың айрылу реакциясы) әсерімен жүреді. Химиялық реакциялардың жүру жағдайларын білу арқылы адам оның нәтижесін өз қажетіне жаратады.

Оқушылар химиялық реакциялардың жүргенін сыртқы белгілеріне қарап біледі, оларға жататындар: тұнбаның түзілуі және еруі, газдың түзілуі мен сіңірілуі, түстің пайда болуы немесе өзгеруі, жылу мен жарықтың бөлінуі және сіңірілуі. Бұл мәселемен таныстыруға арналған арнайы сабақта кальций хлориді мен соданың арасындағы реакциядан тұнба түзілуін, қышқыл құйғанда тұнбаның еруін көрсетеді. Соңғы реакция газ бөліну белгісінің де мысалы бола алады. Мыс (II) хлориді мен темір ұнтағының арасындағы реакциядан түстің өзгеруін байқаймыз. Магнийдің жануы жарық шығып, жылу бөлінгенін көрсетеді. Реакциялардың сыртқы белгілері деп жүргеніміз жаңадан түзілген заттардың физикалық қасиеттері және реакцияның энергетикалық эффектісі.[6]

Date: 2015-07-22; view: 1326; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию