Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Химия сабақтарында интерактивті тақта, электрондық оқулықтарды және слайдтарды пайдалану





Диапозитивтерді демонстрациялау методикасы аз зерттелген. Әдетте мұғалім диапозитивтерді, тақырыпты оқып үйренудің соңында көрсетеді. Мұнда оқушылардың экрандағы кескіндерді бақылауы өтілгенді бекіту үшін жүзеге асырылады.

Диапозитивтерді жаңа материалды оқып үйрену үшін де қолданады. Мұндайда бір сабақта бір серияны тегіс көрсетпей, жеке кадрларды ғана көрсетеді. Мұнда да суретті немесе таблицаны демонстрациялағандағы әдістермен пайдаланады.

Диапозитивтерді пайдалану үшін химиялық кабинеттің тұрақты жабдығы есебінде класс тақтасының үстінде тез түсіріліп және тез жиналатын экран, проектор үшін тұрақты қойғыш, эпидиаскоп (алыстан басқарылатын болғаны дұрыс) диапозитивтер мен диафильмдердің комплектісі болу керек.

Эпидиаскоп арқылы мұғалім фотографияларды, кітаптың суреттерін, чертеждарды, өзі салған суреттерді және т.б. демонстрациялауына болады. Кейбір жағдайларда эпидиаскоп арқылы экранда заттың кішкене үлгілерін көрсетуге болады.

Қазіргі кезде химиядан көптеген оқу фильмдері әзірленді, олардың мазмұнын сипаттайтын құралдар жарық көрді.

Арнайы кітапшаларда және журнал мақалаларында оқу фильмдерін демонстрациялаудың әдістері жазылған. Тәжірибелерді және бейнелеу құралдарын демонстрациялаған секілді мұғалім сөзімен үйлестірілген әр үзіндісі сабақтың ажырамас белігін құрайтын етіп фильмді үзінділері бойынша көрсету ұсынысын атап еткен жөн. Қалыптасқан тәжірибемен бірге оқу процесіне кинофильмдер демонстрациясын өндірудің тиімді әдістерін анықтау мақсатымен жүргізілген педагогикалық зерттеулердің нәтижесін айта кеткен жөн.

VII кластағы химия сабақтарында бір ғана фильмді демонстрациялаудың төрт вариантын салыстыру нәтижесіне айрықша көңіл аударған дұрыс. Бірінші вариант бойынша кіріспе сөзсіз фильм толық демонстрацияланды. Мұғалім фильм көрсетілген сон, оның мазмұнын қалай игергенін тексеретіні туралы ескерту жасаумен шектелді.

Екінші вариант бойынша алдымен фильмнің мазмұны сөзбен баяндалды, содан кейін фильм көрсетілген соң мазмұнын қалай игергенін тексеретіні ескертілді. Фильм толық демонстрацияланды.

Үшінші вариант бойынша фильмнің жеке бөліктері демонстрацияланды, әр бөліктен соң көргендері бойынша қойылған сұрауларға оқушылар жазбаша жауап берді.

Төртінші вариант бойынша да фильмнің жеке бөліктері көрсетілді, әр бөлігін демонстрациялау алдыңда оқушылар сұрақтар жазып алды, жауабын фильмді көрген кезде алу керек болды. Фильм көрсетіліп болған соң барлық оқушылар жазбаша бақылау жұмысын орындады: фильмнің тұтас мазмұны бойынша қойылған сұрауларға жауап жазды.

Бұл жұмыстарды тексеру нәтижесінде және нәтижені өңдегенде дұрыс жауаптар процентпен белгіленген мынадай көрсеткіштер алынды: бірінші вариант бойынша – 35, екінші вариант бойынша – 61, үшінші вариант бойынша – 70 және төртінші вариант бойынша – 78.

Зерттеу нәтижелерін талдаудан екі қорытынды шығады:

1. Фильмді тегіс көрсетумен салыстырғанда жеке беліктері бойынша демонстрациялау білімді тәуір игеруге септігін тигізеді.

2. Фильмді демонстрациялаудың алдыңда сұраулармен таныстыру, фильмнің мазмұнын игеруді жақсартады.

Бұл қорытындылардың құндылығын және дәйектілігін мойындай отырып, мынаны ескерткен жөн, оларды біраз фильмдерді демонстрациялағанда ғана, атап айтқанда химияны оқытудың басында демонстрациялауға арналған орта метражды фильмдер үшін ғана қолдануға болады. Бұнда фактілерді есте сақтау анықталды. Алдағы уақытта оқушылардың дамуы үшін, оқу фильмдерін демонстрациялаудың маңызын зерттеу керек. Әр класта әр түрлі метражды фильмдерді демонстрациялау әдістерін зерттеу қажет.[10]

Date: 2015-07-22; view: 723; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию