Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқушылардың білім сапасының тәжірибелерді демонстрациялау әдісіне тәуелділігі





 

Мұғалім сөзі мен көрнекілік құралдар үйлесуінің төрт формасын талдау мұғалімнің көрнекілік құралдарын демонстрациялау әдісіне қарай оқушылардың ой қызметі өзгеретінін көрсетті. Демек, бұл әдістерді қолданудың педагогикалық нәтижесі де әр түрлі, яғни оқушылардың білімі мен іскерлік сапасындаайырмасы болуы тиіс.

Білім сапасының алуан түрлі белгілерінің ішінен салыстыруға қолайлысы – білімнің тұрақтылығы. Сондықтан оқыту әдістерінің тиімділігін осы белгі бойынша салыстыруға мүмкіндік бар.

Жекелеп оқытатын сабақтар жүргізгенде дәлелді нәтижелер алынады. VII класс оқушыларымен осындай эксперименттер негізінде химиялық тәжірибені (сынап оксидінің айрылуы) демонстрациялауда оқытудың иллюстративті әдісін (үшінші және төртінші формалары) иемесе зерттеу әдісін қолданған жағдайда оқушылардың білімді қабылдауындағы және игеруіндегі айырмашылықтары анықталды. Барлық оқушылар мұғалімнің тусіндіруін ынта қойып тыңдады және тәжірибені жақыннан бақылады. Содан соң әрқайсысы бақылағанын және нені білгенін жазды.

Иллюстративті әдіспен өткен сабақтарда қандай құбылыстарды бақылау керегі жөнінде мұғалімнің хабарынан кейін оқушылар тәжірибе демонстрациясын ыждағатты бақылады, оларға бәрі түсінікті болды, тек естігендері мен көргендерін естеріне сақтау және отчет жазу керек болды. Зерттеу әдісі қолданып өткізілген сабақтарда әр оқушы бақылаған құбылыстарын өзі белгілеп, көргендерін мұғалімге айтып берді. Олардың әрқайсысы өзінің әлі де болса тайыз сөз қорынан керекті сөздерді табуға қиналды. Бұл қиыншылық олардың жазған отчетынан айқын көрінеді. Тәжірибені демонстрациялауда қолданылған әдістер нәтижесін осы жазбаша отчеттар бойынша талқыласа, иллюстративті әдістің артықшылығы айқын білінеді. Бұл әдіс бойынша тәжірибе көрсетілген оқушылардың отчеттары сауатты жазылған: сабақтың барысын жүйелі, әңгімелесудің дәл жоспарын сақтап, эксперимент жүргізүшінің кейбір сөз тіркесін пайдаланып жазған. Зерттеу әдісімен сабақ өткізілген оқушылар есепті қысқа жазған, олардың отчеттары бастауыш класс оқушыларының шығармасына ұқсайды.

Үйрету эксперименті күтпеген нәтиже берді. Өйткені зерттеу әдісін қолданған жағдайдағы оқушылардың қарқынды ой еңбегін бақылай отырып, бұл оқушылардың отчеттары да мазмұнды шығады деп күтуге болатын еді. Сірә, бұл білімнің айқындалмауы олар химиядан жасаған жұмысы туралы отчеттарында ойларын еркін жеткізе алмайды, бұл оқу пәніне тән кейбір сөз тіркестерін әлі игермеген болу керек. Бұл жорамал жеті айдан соң өткізілген тексеруде расталды, онда сол оқушыларға тәжірибені еске түсіру, жазу және түсіндіру тапсырылған болатын. Бұл жұмыс оқу жылының аяғында оқушылар көптеген химиялық терминдермен, анықтамалармен және т.б танысқан соң жүргізілді. Бақылау эксперименті химиялық тәжірибені демонстрациялаудың әр түрлі әдістері кезінде оқушылардың алған білімінің тұрақтылығын анықтау және салыстыру мақсатын көздеді.

Оқушылардың отчеттары иллюстративті әдіспен әңгімелесуге қатысқандарының алған білімді естерінде берік сақтамағанын көрсетті. Олар еске түсіру отчеттарын тікелей тәжірибеден кейінгісінен гөрі анағұрлым нашар жазды. Оларда бұрынғыдай толықтық және жүйелілік жоқ. Оның үстіне өрескел қателіктер жіберілген. Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тұрақты, өздері бақылағанын нашар игерген. Зерттеу әдісі бойынша жұмыс істеген оқушылар тәжірибені бақылаудан алған білімін естерінде толық сақтаған. Сөзді көрнекілікпен үйлестірудің бірінші және екінші формасын қолданған жағдайда оқушылар білімінің үшінші және төртінші формасын пайдаланғаннан гөрі тұрақты болатынын педагогикалық эксперимент көрсетті. Бұл артыкшылық көрнекілік құралдарды демонстрациялаудың барлық жағдайында сақтала ма? Бұл мәселелерді шешуде қателеспеу үшін әр форманың қолданылуы мүмкін және тиімді болатын жағдайларын қарастырайық.

Date: 2015-07-22; view: 722; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию