Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дістерінің тиімді болу шарттары





 

Мұғалімнің сөзін көрнекілік құралдармен үйлестірудің қайсы түрін қолдану мақсатқа сай келетінін анықтау шарттарына демонстрацияланатын химиялық тәжірибе және басқа көрнекілік құралдар арқылы шешілетін мәселенің күрделілігі жатады.

Егер мәселені шешуде оқушылардың ширыққан ой қызметі қажет болмаса, бірінші және екінші форманың артықшылығы болмай қалады. Мәселен, заттардың түсі, пішіні, физикалық күйі тәрізді бірден байқалатын қасиеттерін оқып үйренгенде олар мұғалім сезін көрнекілікпен үйлестірудің барлық түрінде біркелкі қабылданады.

Үйрену объектісі туралы білімді қабылдау және игеру үшін күрделі талдау, ес пен ойды жұмылдыру қажет болса, бірінші және екінші форманың артықшылығы өсе түседі. Бірақ бұл артықшылық өсуінің белгілі шегі бар. Оқу міндеті өте күрделі болса, бірінші және екінші форманы қолдану мақсатқа жеткізбейді. Мұны шам жалынын (VII және VIII кластарда) оқып үйренуден байқауға болады. Жалынның сыртқы конусының құрамын білу үшін тәжірибе көрсетілді. Жалынның бұл бөлігінен газ алынып ізбес суы бар шөлмекте жуылады. Ізбес суының лайлануына және су буының пайда болуына қарап оқушылар жалынның бұл бөлігінде су буы және көмір қышқыл газы бар деген дұрыс қорытынды жасайды. Содан соң жалынның ең жарық белігі зерттеледі. Ол үшін мұғалім кепке таныс тәжірибені көрсетті: жалынның осы бөлігіне фарфор тигельдің қақпағын апарды және жалынның ең жарық бөлігінде ең қара зат болу себебін түсіндіруді сұрады. Сұрау қозғау тудырғанымен дұрыс жауап болған жоқ. Жетекші сұраулардың да көмегі болмады. Бұл құбылысты талдау күрделілігі оқушылардың мүмкіндігінен асып түсті. Бұл жағдайда екіншіден гөрі төртінші форма тиімді болады.

Тәжірибелерді демонстрациялағанда сөзбен көрнекілік құралдарын үйлестіруді мақсатқа сай пайдаланудың маңызды шарты – оқушылардың бақылауға дайындығы, байқалуы қиын болған жағдайдың өзінде негізгі белгісін жекелей білу қабілетінің болуы. Мәселен, қатты заттар ерігіштігінің еріткіш температурасына тәуелділігін үйрету үшін мұғалім сөзді тәжірибе көрсетумен үйлестірудің бірінші формасын қолданып, калий селитрасының және ізбестің еру тәжірибелерін демонстрация жасады. Қатты заттың еруі және қаныққан ерітіндіні салқындатқанда тұнба түсуі көрінетін селитраның ерігіштігін көрсеткенде ғана тиісті нәтиже алынды. Ізбестің қанық ерітіндісін қыздыруды демонстрациялағанда ерітінді температурасының артуымен байланысты бұл заттың ерігіштігі кемитіні жөнінде оқушылар қорытынды жасай алмады, өйткені ерітіндінің лайлануын бәрі көрмеді, көргендері мұны ерітіндіден қатты заттың бөлінуі деп есептемеді. Мұғалімге тәжірибені «түсіндіруге» тура келді, яғни кеш болса да бірінші форманың орнына үшіншіні қолданды.

Бірінші және екінші форманы қолданғанын оқушылардың өздігінен бақылау дайындығын анықтағанда демонстрацияланатын көрнекі құралдардың күрделілігін ескеру керек.

Демонстрация үшін ең қарапайым прибор қолданылу қажет делінеді. Бірақ бұл пікір әрдайым дұрыс бола бермейді.

Оқушыларды күкірт қышқылымен таныстырғанда мұғалім күкірт қышқылы бар цилиндрге ареометрді салады және қайсы бөлікке дейін батқанын оқушыларға айтады. Оқушылар өз орындарынан бұл белікті көрмейді. Мұғалім бір оқушыны өз столына шақырады және тәжірибені қайтадан жасатып бақылағанын басқа оқушыларға түсіндіруін талап етеді. Біріиші және екінші жағдайда да оқушылар тығыздық туралы оқушының немесе мұғалімнің айтқанынан біледі. Қышқыл судан қанша (шамамен) ауыр екенін бәрі көру үшін үлкөндігі бірдей цилиндрлерді технохимиялық таразыда теңестіреді. Содан соң цилиндрдің біреуіне қышқылдың белгілі көлемін, екіншісіне таразы теңескенше су құяды.

Қышқыл мен судың салмақтары бірдей әр түрлі көлемдерін салыстырып есептеу арқылы күкірт қышқылының тығыздыгын табады.

Сабақтағы бақылаулар, арифметикалық есептеулер жасау оқушылардың көңілін бақылағандарынан бөліп кететінін көрсетті. Оның үстіне тәжірибені демонстрациялау және есептеулер көп уақытты қажет етеді. суреттегі прибор көрсетілгенде тәуір нәтиже алынды. Ол кәдімгі ареометр мен таразыдан күрделі. Бірақ оны демонстрациялау уақытты қысқартады және тәуір нәтиже береді, өйткені қышқылдың тығыздығын белгілентін санды тікелей көрсетеді. Бұл жағдайда күрделі прибор мақсатқа тез жеткізеді. Құрылысы жағынан күрделі прибор бақылауға қолайлы болды.

Айтылғаннан химиялық тәжірибелерді демонстрациялауда көрсететін мұғалімнің педагогикалық шеберлігі айрықша дарындылықтың нәтижесі емес, мақсатты дұрыс белгілеу мен әдісті таңдауға, көрнекілікті сөзбен үйлестіруіне, демонстрациялық химиялық эксперименттің техникасын игеруіне байланысты екені байқалады.[8]

Date: 2015-07-22; view: 708; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию