Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Заттардың бейнесін демонстрациялау





Химияны оқытуда класс тақтасындағы мұғалімнің суреті, приборлар, аппараттар, заводтық қондырғылар бейнеленген таблицалар, диапозитивтер, диафильмдер, мұғалім мен оқушының класс тақтасына салатын суреттері (динамикалық таблицалар және оқу кинофильмдері) демонстрацияланады.

Мұғалімнің тақтадағы суреті химияны оқыту практикасындағы ең көп таралған бейнелеу көрнекі құралы. Ол әр түрлі методикалық міндеттерді шешу үшін қолданылады: жеке бөлшектері анық көрінбейтін қандай болмасын прибордың құрылысын түсіндіру, таблицада немесе диапозитивте бейнесі онша анық емес аппараттың қандай болмасын белігін үлкейтіп көрсету. Мұнда мұғалім сөзді суретпен үйлестіру формаларының бірін пайдаланып, суретке түсінік береді. Мұғалім өндіріс аппараттарын және бүтін қондырғыны салып көрсеткенде, үлкен педагогикалық нәтижеге жетеді. Сондықтан схемалық турде болса да приборлардың, аппараттардың, қондырғылардың суретін сала білу химия мұғалімін дайындаудың негізгі талаптарының тізіміне енуі керек.

2.7 Приборлар, аппараттар суреті салынған таблицаларды пайдалану

 

Бұлар бейнеленген заттарды алмастырушы деп есептеуге болады. Сондықтан бұл көрнекілік құралдарын демонстрациялау методикасы, заттарды демонстрациялауға ұқсас. Егер таблицада заттар (приборлар, аппараттар және т. б.) көрсетілсе, сөзді көрнекілік құралдарымен үйлестірудің бірінші немесе үшінші формасы қолданылады. Химияны оқыту практикасында үшінші форма жиі қолданылады. Мысалы, ізбес әртейтін пештің құрылысы және әрекетімен таныстыру мына жоспармен жүзеге асады: пештің жалпы сипаттамасы, шихтаның кұрамы және оны салу, ауа жіберу, пеште жүзеге асатын химиялық процестер, ізбес және көмір қышқыл газының шығымы. Мұғалімнің әңгімесі кезінде пештің суреті салынған таблица көрсетіледі.

Бекіту үшін мұғалімнің айтқанын бір немесе екі оқушы қайталайды. Айтылған оқу міндеті басқа тәсілмен шешілуі де мүмкін. Кальций карбонатының термиялық айрылу реакциясының тәжірибесін демонстрация жасаған соң мұғалім бұл реакцияның теңдеуін жазады, класс тақтасына тәжірибенің суретін сызады немесе дайын суретті көрсетеді, содан кейін оқушыларды бұл реакцияның өндірісте қалай жүзеге асатынымен таныстырады.

Отын есебінде көмір пайдаланылатын ізбес тасын өртеудің бұл тәсілімен таныстырғанда ол өндірісте жылу көмірдің жануынан алынатынын, оның қабаты арқылы ауа өтетінін, көмір қабатының үстіне ізбес тасының кесектері қойылатынын айтады. Тақтаға кемір қабатын оның үстіндегі ізбес тас қабатын сызады. Ары карай әңгімелесу басталады.

М ұ ғ а л і м. Ізбес тас көбірек өртелуі және жылу тысқы ауаға шығып кетпеу үшін не істеу керек?

О қ у ш ы. Көмір мен ізбес тасын тысқы ауаға жылу жібермейтін етіп қоршау керек.

М ұ ғ а л і м. Бұл қоршау қандай материалдан жасалуы керек? О қ у ш ы. Көмір жанғанда жоғары температура пайда болатындықтан, бұл қоршау отқа төзімді материалдан істелуі қажет.

М ұ ғ а л і м. Көмір жанғанда бөлінетін жылуды толық пайдалану үшін, пеш қабырғасының биіктігі қандай болу керек? Пештің төменгі бөлігінің кесіндісін сызады.

О к у ш ы. Пештің биік болғаны тиімді (мұғалім пештің схемасын сызады).

Осылайша сұрақтар қою арқылы пеште көмір мен ізбес тасын қалай орналастыру, көмір қышқыл газын қалай шығару, ауаны қалап жіберу және ізбесті қалай салқындату және шығарып алу керектігі шешіледі. Әр мәселе шешілген соң мұғалім соған сәйкес схеманы толықтырады.

Мұғалім сызған схема бірқатар химия-технологиялық мәселені шешудін нәтижесі болып табылады оларды шешуге оқушылар қатыстырылады.

Бұдан соң мұғалім таблицаны немесе кітаптағы суретті көрсетеді және оқушылардан пештің құрылысын және онда қандай процестер жүзеге асатынын айтып беруін сұрайды. Таблицаны бұлай пайдаланғанда оқушылар оның түп тұлғасын жасауға қатыса отырып, жалпы мақсатты – аппарат құрылысының оның ішінде жүретін процестерге сай келуін анықтауды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар әдейі іріктеп алынған мәселелерді шешеді. Сонда олар аппарат құрылысының схемасын жақсы игерумен бірге, оның құрылысының басқаша емес, дәл осылай болу себебін түсінеді.

Оқушыларды ізбес өртейтін пештің құрылысымен таныстырудың екінші тәсілінен көрнекілік құралдарын сөзбен үйлестірудің бірінші және екінші формасын аңғару қиын емес.

Домна пеші, аммиак синтезінің колоннасы, химия өндірісінде қолданылатын әр түрлі сіңіру колонналары құрылысының схемасымен оқушыларды осы айтылғандай таныстыруға болады. Мұнда жалпы схемадан негізгі химиялық реакция жүретін аппаратты жекелеп алады да оның дайындық операцияларын (ұсақтау, тазарту, еріту) жүзеге асыратын аппараттармен және ақырында шығарылатын өнімді өңдейтін аппараттармен байланысын анықтайды. Көрсетудің айтылған тәсілін кәдімгі қабырғаға ілінетін таблицаларды пайдаланғанда да қолдануға болады. Бұнда таблицаны қағазбен жауып қарастырылатын бөлшектері бойынша ашу керек. Химияны оқыту практикасында прибордың немесе заводтық қондырғының бейнесін белшектеп көрсету үшін басқа да амалды қолданады. Әрқайсысында суреттің жеке бөліктері салынған бірнеше таблина әзірленеді. Қондырғыны оқып үйрену барысында қайсы процесс оқылатынына қарай прибордың немесе қондырғының соған сәйкес бөлігін көрсетеді. Демонстрация соңында бүтін қондырғының не аппараттың кескіні бар тұтас таблица құрастырылады. Химиялық өндірістерді оқып үйрену үшін тұңғыш рет С. С. Иванов жасаған динамикалық тәжірибелерді қолданудың іс-тәжірибесі тартымды және кеп нәрсені үйретеді. В.С.Полосин және М.Н.Қонюхов зат құрылысын оқып үйренетін көлем-жазықтык таблицаларды сипаттап жазды.

Жазықтықта немесе көлемдік құрал түрінде кескінделген молекулалар, иондар және атомдар құрылысының схемасып пайдалану методикасы туралы мәселенін теориялық және практикалық зор маңызы бар. Мұндай көрнекі құралдарды қолдануға қарсы пікір мынаған келіп саяды: материя козғалысының химиялық формасын молекулалардың, атомдардың, электрондардың және басқа бөлшектердің механнкалық орын алмастыруы деуге болмайды, ал бір-бірімен стержень немесе ілгек арқылы қосылған тұрақты немесе айналмалы шарлар түрінде көрсетілген зат құрылысының кез келген схемасында химиялық реакцияны түсіндірудің механнкалық элементі бар. Мұны жоғары мектептің химия оқулықтарынан, тіпті ғылыми әдебиеттердегі хпмнялық реакцияларды түсіндірудек кездестіруге болады. Атомдар құрылысының схемасы және органикалық химиядағы структуралық формулалардың өзі заттың күйін әбден дәл бейнелемейді.

Егер мұның бәрін жоғары және орта мектептегі химиядан сабақ беруде шығарып тастаса, химия ғылымдарының негіздерін үйренудің теориялық деңгейі төмендейді, эмпиризм позициясына ауысады. Шартты көрнекілікті қолдануға қарсылық көрсетудің жөні жок екені айқын. Бірақ құбылысты ғылыми түсінуден оқушыларды алыстатып әкететін үстірттікті болдырмау үшін модельдер мүмкіндігінің шамасын сақтау керек.

Көрнекі құралдарды, көбінесе оқылатын заттар туралы оқушыларда елес тудыру үшін пайдаланады. Бұлайша түсіну көрнекілік құралдарын қолданудың өрісін тарылтады, өйткені олардың қорытындылар жасау процесінде, елестің ұғымға ауысында маңызы зор. Кез келген көрнекі құралда жалпылау элементі бар, бірақ олардың кейбір түрлері қорытындылар, классификация жасауда оқушыларға жәрдем көрсету үшін арнайы қолданылады.

Мұндай көрнекі құралдарға заттар классификациясының, генетикалық байланыстардың, элементтердің табиғаттағы айналымының әр түрлі схемалары жатады. Бұған Д.И.Менделеев жасаған периодтық система таблицасын жатқызуға да болады.

Date: 2015-07-22; view: 791; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию