Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Модельдер мен макеттерді демонстрациялау





 

Химияны оқытуда көрнекілік құралдар есебінде кристалдар, органикалық заттар молекулаларының модельдері; химия кабинетінде сақтауға және тікелей бақылау үшін пайдалануға болмайтын заттар имитациясы; химия өндірістерінде қолданылатын аппараттардың завод қондырғыларының макеттері пайдаланылады.

Оқу процесіндегі ролі бойынша көлемдік көрнекі құралдар заттардың өздеріне ұқсайды. Сондықтан бұл көрнекі құралдарды демонстрациялағанда сөзді көрнекілік құралдармен ұштастырудың жоғарыда қарастырылған формалары қолданылады.

Кристалдар модельдерін және заттар имитациясын үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс істегенде пайдалануға болады. Химиялық өндірістерде қолданылатын аппаратардың макеті бөлшектенетін болса ғана бағалы болып есептеледі. Бөлшектенетін «әрекет етпейтін» модельдерді демонстрациялау методикасын жасағанда мыналарды шешу қажет: бөлшектенетін модельдер демонстрациясы белгіленген сабақтан бұрын қандай химиялық тәжірибелер (демонстрациялық немесе оқушы) қойылады; бөлшектенетін модельдерді табысты пайдалану үшін қандай тағы басқа көрнекі құралдар пайдаланылады?

Бөлшектенетін модельдер схемасын демонстрациялағанда немесе олармен оқушылардың өздігінен жұмыстарын ұйымдастырғанда аппараттың қолданылуына сәйкестігін ашудың, сол химиялық реакция жүзеге асатын лабораториялық прибормен салыстырудың маңызы зор.

Бөлшектенетін модельдерді демонстрациялағанда заводтық аппараттар мен қондырғылардың жазықтық бейнесін жоққа шығармау керектігін практика көрсетті. Оқушыларға политехникалық білім беру үшін көп түрлі химиялық аппараттардағы жалпы белгіні анықтаудың маңызы зор. Ол үшін домна және ізбес өртейтін пештердің модельдерін, әр түрлі химия өндірістерінде қолданылатын абсорберлерді салыстыру қажет.

Қандай болмасын химиялық өндірістің мәнін түсіну үшін әрекеттегі модельдерді демонстрациялаудың зор маңызы бар. Мұндай прибор бөлшектенетін модельдерді демонстрациялаудың алдыңда көрсетіледі. Көрнекілік құралдарының әрқайсысының елес және ұғым тудыру үшін жағдайлар жасайтын маңызы барын атап өткен жөн. Олардың әркайсысының маңызы басқа көрнекі құралдармен тиімді ұштастырғанда арта түседі. Сондықтан бұл көрнекі құралдардың ішіндегі ең маңыздысы қайсы деген сұрау қою дұрыс емес. Оқылатын объектіге байланысты әрқайсысының маңызы артады немесе кемиді.

Труба арқылы бір ағыс, труба арасындағы кеңістік арқылы қарсы ағыс жүріп, сұйықтық немесе газдар арасында жылу алмасу жүзеге асатын аппараттарды оқып үйренгенде көлемдік көрнекі құралдар тиімді. Мұндай аппараттар күкірт қышқылы өндірісіндегі контакт аппаратының кұрылысы және әрекет ету принциптерімен таныстырғанда қарастырылады. Бөлшектенетін модельдерді пайдаланбайынша бұл аппаратта не жүретінін, оған келетін газдармен одан шығатын реакция өнімдерінің арасында жылу алмасуы қалай жүзеге асатынын түсіну қиын. Сондықтан мектептерді педагогикалық талаптарға сай келетін көрнекі құралдармен жабдықтау тек қана тілекке сай емес сондай-ақ қажеттілік болып табылады. Бірақ бұл жазықтық көрнекі құралдарын, әсіресе оқу фильмдерін әзірлеуге кедергі болмауға тиіс.

 

Date: 2015-07-22; view: 811; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию