Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 5. Оқушының қоғамдық мінез-құлқын және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері





Адам еңбек, таным, қарым-қатынас субьектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Оқушыға субьект ретінде шындықтың ғылыми негізін меңгертіп, қызығушылығы мен сезімін арттырып, жаңа қажеттіліктер қалыптастырып, ерік пен күш-қуатын белсендіретін жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытып жетілдіру көзделеді. Қоғамдық қатынастар мен қоғамдық тәртіпті оқушылар іс-әрекет арқылы меңгереді. Кез келген қызмет операция мен іс-әрекеттен тұрады. Операциялар - іс-әрекет арқылы жүретін үрдістер. Іс-әрекеттер –қызмет мотивімен анықталатын үрдістер. Тәрбие үрдісінде педагог басқару операцияларынан іс-әрекетті басқаруға, онан кейін қызметті басқаруға көшеді.

Педагогикада іс-әрекет пен қоғамдық мәдени тәжірибені басқарудың заңдылықтары бар:

§ қоғамдық мақсаты бар әрекеттің бәрі, оқушыны дамытатын және тәрбиелейтін мүмкіндіктерге ие. Сондай кез келген әрекеттің тек өзіне тән білім, біліктері бар. Бір әрекет түрімен бүкіл дүниені меңгерту мүмкін емес, сондықтан да тәрбиеде кешенді әрекеттер жүйесі қолданылады;

§ оқушының “жеке басы үшін маңызды емес” кез келген қоғамдық әрекет түрі (А.Н.Леонтьев) оның дамуына ықпал жасамайды. Ол үшін қоғамдық қатынас жеке бастық қатынасқа айналса ғана өзінің мәнін ашады;

§ оқушыларға педагогикалық ықпал жасау, мақсат пен әрекет түрін таңдауды қалыптастырады. Мақсат үнемі нәтижені алдын ала белгілеп отырады (П.К.Анохин). Адамның көздеген мақсаты оның әрекет тәсілі мен сипатын анықтайтын күш болып саналады;

§ оқушы тұлғасын қалыптастыруға таңдалып алынған іс-әрекет нәтижелі болуы үшін пеагогикалық құралдарды қолдану тәсілдері анықталуы шарт. Педагогикалық құралдарда қоғамдық мәдени тәжірибені қалыптастыратын үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылуы тиіс.

Үйрету балаларды дамыту үшін жас кезінен бастау керек. Бұл әдісті қолдану үшін педагогикалық талаптаррды орындау қажет. Үйретілетін нәрсе нақты болуы тиіс. Кез келген әрекетті үйрету үшін оны қысқа және нақты түрде көрсеткен жөн. Әр уақыт кезеңінде белгілі әрекет түрі үйретілуіне оқушының іс-қылық формаларын қалыптастыруға болады. Тәжірибелі педагогтар іс-қылық түрлерінің үлгілерін көрсетіп, соған байланысты көңіл-күйді тудырады. Үйрету барысында әдет қалыптасады, оны қарқындатудың пайдасы жоқ. Бастапқыда қажетті әдеттер қалыптастырғаннан соң оны жылдам орындауға дағдыландыруға болады. Үйреті әдісі үнемі тәрбиешіден бақылауды және оқушыдан өзін-өзі бақылауды қажет етеді. Үйрету әдісі оқушының жасына, өскен ортасына және тәрбиесіне байланысты. Қоғамдық қылықтар формасы қалыптасқан оқушылар кез келген жағдайда өзін ұстай біледі.

Жаттықтыру әдісі үйретумен тығыз байланысты. Мектеп өмірінде оқушы бойында қалыптасқан қоғамдық қатынастарының беріктігі көрініс береді. Педагог кез келген жағдаяттан шығудың тиімді жолдарын қолдана біледі. Жағдаяттағы қайшылықты тез тауып, оның себептерін айқындап, шешім қабылдауына болады. Бірақ та ойлы педагог өз тарапынан оқушыға ықпал етіп, шешім қабылдау жағдаяттарын ұсынуы да мүмкін. Оны тәрбиелік жағдаяттар, ситуациялар деп атауға болады.


Тәрбиелік жағдаяттар да өз мәнінде жаттықтыруға жатады. Бұл жағдайда оқушы түрлі варианттардан өзі таңдауы бойынша шешім қабылдауы тиіс: өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануы басқаға өз орнын беруі, пікірін айтпауы, шындығын айтуы немесе “білмеймін” деуі. Мұғалім ұсынған жағдаят, яғни ситуацияда оқушы өз ойында түрлі вариантардың шешімін ойластырып, сол жағдайға байланысты өз шешімін айтуға мәжбүр болады. Мұғалім ұсынған ситуация оқушылардың адамгершілік қылықтарын тек ақылмен ғана емес жүрек, сезім тарапынан да шешім қабылдауын талап етеді.

Педагогикалық талап қоюәдісі. Оқушыны дамытудағы мұғалім тарапынан қойылатын талап біртіндеп оқушының өзіне-өзі талап қою жауапкершілігіне айналуы тиіс. Талап қою педагогикалық үрдістің ішкі қайшылықтарын, оқушылар тәртібін, қарым-қатынасын ашып көрсетіп, оны жетілдіруге ықпал етеді. Талап қою әдісі тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.

Ұжымдық пікір ұжымдық талаптан пайда болады. Тәжірибелі педагог ұжымның бағасын, талқысын, ұжымның талабын, қоғамдық пікірін белсенді тәрбиелік күш ретінде қолдана алады. Талап қою мектептің ішкі ережесімен, білім, білік, дағды өлшемдеріне сәйкесуі абзал.







Date: 2015-07-22; view: 2747; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию