Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс 3. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі
Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады, Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты. Педагогикалық процесте баланың еңбексүйгіштік сезімі қалыптасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгеруін және оны тәжірибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді. Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланыста қарастарады. Н.К.Крупская: «Балалармен құрғақ сөйлескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне сенім арттыру керек», - дейді. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді. Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы келетін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Жеке тұлғаның эстетикалық және физиологиялық жағынан адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп, қалыптастырудың қажеттілігін ашып көрсетіп, олардың өз мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады. Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің күші адамның жеке басының өнегесіне негізделген, сондықтан да жеке басты тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге болады»,-дейді. Жағымды үлгі-өнеге арқылы балаларға ықпал етудің психологиялық-педагогикалық негізі оларды басқаның мінез-құлқына еліктеуіне, солардай болуды армандауына әсер ете білуде жатыр. Ол жөнінде ұлы педагог Я.А.Коменский: «Балалар білуден гөрі еліктеуді ерте игереді»,-дейді. Оқушылар басқаның аса жоғары идеал іс-әрекетін байқап, бақылай отырып, ерлік, еңбексүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың өскен сайын басқаға еліктеуі оны көшіре салуы емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды. Жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарайтын болады. Жеткіншектердің өзіне жақын адамдардың жеке бас үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуына әсер ету, тәрбиенің ең маңызды құралы болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдату керек. Жеке басқа үлгі болатындар: белгілі қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, өнер және мәдениет қайраткерлерінің іс-әрекеті, өмір жолы. Оларды оқушыларға үлгі ету ісі әңгіме, саяси хабар, кездесу кештері, т.б. Жаттықтыру әдісі. Жек бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет. А.С.Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттілік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады. Ол: «Мінез-құлық саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі саналылыққа ғана сүйену керек деген ұғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналатын әдет дағдыға, іс-тәжірибеге сіңісіп, мүлде дағдылы әрекетке айналғанда ғана, шынайы мәдениетті адам тәрбиелеуге болады. Сондықтан да балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орнығуы үшін, оны үнемі жаттықтыру керек» - дейді. Психолог Л.И.Божович: «Жеке бастың қасиетін сенім, талап ету, мадақтау және жазалау әдістерімен ғана тәрбиелеп жетілдіруге болмайды. Тұрақты жағымды мінез-құлықты бала бойына сіңіру оларға тіл мен математика сабақтарын үйреткендегі сияқты, жаттықтыру әдісімен іске асырылады»,- дейді. Сонымен «Жаттықтыру әдісі дегеніміз – оқушының бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты бала бойына сіңіру, оны қалыпты мінез –құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру». Осы әдісті жүзеге асыру үшін, оқушыны әр түрлі сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды атқаруға, еңбеке, мәдени-көпшілік, саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуға тәрбиелеу абзал. Бір сөзбен айтқанда оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әрекеттердің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады. Жаттықтырудың мәні адамның іс-әрекеті мен қимылын әлденеше қайталау арқылы сол мінез-құлық нормасына деген адам бойында қажеттілікті туғызу екенін психологиялық жағынан дәлелдей, нақтылай түсуде жатыр. Баланың бойында әдет, дағдыны қалыптастыру жаттықтырудың педагогикалық негізі жөнінде К.Д.Ушинский келелі пікір айтқан болатын. Ол жаттықтырудың іс-әрекет қимыл үстінде адам психологиясының орнын айқындай келе, жаттықтыруды іске асырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады: оқушылардың алдына белгілі бір іс-әрекетті жасауға ынталылық туғызатындай міндет қою; сол іс-әрекетті шешуге қажетті білімді алдын ала меңгерту; оқушыға іске асырылатын әрекетті алдын ала қайталатып, жасатып үйрету; кейін ол іс-әрекетті әлденеше қайталатып жаттықтыру, қалыпты әрекетке айналдыру; оқушылардан жаттығуды жетілдіре түсуді талап ету; іс-әрекет үстіндегі адамның мінез-құлқының үнемі бағыты болатынын ескерту. Мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау әдісі дегеніміз- тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі Ал, бұған қарама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Бұл әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзіне-өзінің баға беруіне бағыттайды. Демек, өзін теріс іс-әрекеттен тежей білуге үйретеді. Олай болса, мадақтау немесе жазалау әдісі оқушылардың адамгершілік сана-сезімінің оянуына, дамуына ықпал етеді. Оқушыны өзіне-өзі талап қоя білуін үйретеді. Мадақтаудың құралына мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, мақтау қағаздарымен марапаттауы, құрмет кітабына жазу, құрмет тақтасына суретін ілу, т.б. жатады. Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн. Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы – мұғалімнің сұрауы және орынды нұсқау беруі. Бұл әдістің ерекшелігі- баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез–құлқын, өзін-өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының арақатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қойған кезде болатын жағдай. Бақылау әдісі дегеніміз - баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Олбелгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындатуқұралына баланың күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі. Баланың бір іс-әрекет түрінен екінші іс-әрекет түріне ауысуының психологиялық негізі педагогикадан өзгеше. Бала өзі дағдыланған іс-әрекетін өзгертуге бастапқы кезде қарсылық білдіреді. Ондай балаға жаңа іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі атқаруға ынтасын ояту керек. Тәрбие әдісін орынды жерінде қолдану ғана оң нәтиже береді. Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін кешенді түрде қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болады. Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Қазіргі педагогикада әдістер жүйесінің ондаған жіктемелері бар, олардың кейбіреуінің теориялық немесе практикалық жағынан маңызы басымырақ. Тәрбие әдістерін жіктегенде, әдістердің маңызды және жалпы жақтары ескеріледі. Тәрбие әдістері сипатына қарай сендіру, жаттығу, талап қою, мадақтау, жазалау болып бөлінеді. Ал, жалпылама классификация жүйесіне сендіру, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері жатады. Тәрбие әдістерін нәтижесіне қарай екі топқа бөлуге болады: 1. Адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған мотивтер, қатынастар, түсініктер, идея тудыратын әдістер. 2. Әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. Тәрбие әдістерінің Г.А.Щукина жасаған жіктемесі кешенді сипатқа бағытталып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдістемелік жағын қарастырады. Осыған орай, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді: Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері – сендіру (әңгімелеу,түсіндіру, түсініктеме беру, дәріс, этикалық әңгіме, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, үлгі көрсету). Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер – жаттықтыру (жаттықтыру, үйрету, педагогикалық талап қою, тапсырма беру, тәрбиелік жағдай тудыру). Тәртіпке, іс-әрекетке түрткі тудырып, ынталандыратын әдістер – (жарыс, мадақтау, жазалау). Date: 2015-07-22; view: 6826; Нарушение авторских прав |