Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 2. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен қағидалары





Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіруге байланысты саналы, мақсатты іс-әрекеті.

Жеке адам өзін-өзі тәрбиелеумен саналы түрде айналысуы тиіс. Бұл процесс педагогикалық процесте өзін-өзі тәрбиелеу процесі деп аталады. Мұның құрамына: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі аңғару, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау т.б.

Қайта тәрбиелеу – қиын да ұзақ процесс. Ол ұстаздар тарапынан педагогикалық аса шеберлікті қажет етеді. Шеберлік – ұстаздың педагогтік жұмысының жоғары сатысы. Қайта тәрбиелеудің мәні баланың мінез-құлқында бұрыннан қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылар мен әдеттерді түзету, кемшіліктерді жоюды көздейді. Қайта тәрбиелеу мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамдық саналарды дамытуға бағытталған тәрбие түрі. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеуді, қайта тәрбиелеумен ұштастыру. Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді

Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді.

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.

Тәрбиенің негізгі заңдылықтары:

1. Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы.

2. Тәрбиенің тұлғаның қоғамман, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәуелді болу заңдылығы.

3. Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы.

4. Жеке тұлғаны тәрбиелеу педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады.

5. Тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады.

6. Тәрбиенің мазмұны, әдістері, формасы жас, жыныс және дара ерекшеліктеріне сай жүргізілуі

7. Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынас тәуелді.

8. тәрьбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді.

9. Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың іс-әрекеттерін келісіп іске асыруы.

Принцип деген ұғым латын тілінде «бастапқы», «негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.

Олай болса, тәрбие принциптері деп - тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз.

Тәрбие принциптері дегеніміз – тәрбие процесін жүзеге асыру барысында ұстануға тиісті талаптар. Олар:

- тәрбиенің өмірмен, қоғаммен байланыстылығы;

- тәрбиенің міндеттілігі тәрбиеде іске асырылуы тиіс:

- кешенділік;

- барлық принциптердің тепе-теңдігі;

- ізгілік принциптері;

- жағымды қасиетке сүйену;

- тұлға дамуына бағытталу принципі.







Date: 2015-07-22; view: 5058; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию