Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Адам өмірінің үш бастауы
Адам тағдыры оның бұл дүниеге келгендегі үш жағдаймен тығыз байланысты. Мұны адам өмірінің үш бастауы деуге болады. Яғни, адамның болашақта көретін қуаныш-қайғысы, жасайтын жақсы-жаман қылықтары мен істері, ой-өрісінің қалыптасуы, тіпті бүкіл өмірінің бақыты осы үш бастаудың сапасына, іске асу деңгейіне және олардың өзара үйлесімділігіне байланысты. Халық дәстүрінде бұл бастаулар жақсы ескеріліп, олардың үйлесімділігі келешек ұрпақ тағдыры үшін қатаң қадағаланып отырған. Бұл бастаулардың біріншісі – ата-анасының қасиеттері, яғни генасы; екіншісі – өскен ортасы, яғни алған тәрбиесі; үшіншісі – адамның жан дүниесінің ерекшеліктері. Адам болмысының дұрыс қалыптасуына керекті бұл үш бастау кімнің болса да келешек тағдырын құрап, оның келешектегі көретін қайғы-қасіретіне, барлық ләззат-қуанышына себепкер болады. Адам тағдырын құрайтын бұл негізгі үш шарт бір-бірінен бөлек, бір-бірімен байланыспайды, өзара тәуелсіз, сондықтан біреуінің әлсіздігін екіншісі толықтыра алмайды. Бұл табиғи заңдылық және барлық жан иелеріне ортақ. Мысалы, өсімдік дүниесін алатын болсақ, өсімдіктің дұрыс өсуі оның ұрығының жоғары сапалы, топырақтың құнарлы және оның күтімінің жақсы болуына байланысты екені белгілі. Егер құнарсыз топырақ болса, оған қандай жоғары сапалы ұрық егілсе де өнімі төмен болады. Ал қандай құнарлы топырақ болып, оған қандай жоғары сапалы дән себілсе де егер кезінде суару, не болмаса топырағын қопсыту тәрізді түрлі агротехникалық күтімдер болмаса, дұрыс өнім болмайтыны белгілі. Тіпті егілген тұқым өнім бермей, өліп қалуы да мүмкін. Сондықтан генетика ғылымы дұрыс өнім алу үшін ұрықтың сапасын жақсартумен, агрономия ғылымы жерді өңдеу, құнарлылығын арттырумен және өсімдікті дұрыс бағып-қағумен шұғылданады ғой. Ендеше осы заңдылықты адам тәрбиесінде неге ұмытуымыз керек? Осыны ескермесек, мысалы, баланың туған ата-анасы жақсы болып, оның жан дүниесі басқалардан ерекшеленіп тұрса да, егер келешектегі өскен ортасы, алған тәрбиесі дұрыс болмаса, ол баланың өсе келе өзінің ерекше қасиеттерін жоғалтып, басқа қарапайым пенделерден айырмашылығы болмай, солардың бірі болып кетуі әбден мүмкін. Мұны бала тәрбиесімен шұғылданатын адамдар жақсы біледі. Мектепте, бала бақшаларында тәрбие жұмысымен айналысатын педагогтардың айтуларына қарағанда қазіргі күндерде осындай өз қатарынан артып туған балалар баршылық. Қазіргі кезде ондай балаларды «Индиго» деп атап жүр. Олар өте талантты және талапты, барлық жағдайларда өздерін еркін сезінеді, қандай істі болса да тез үйреніп, игеріп кетеді. Ерекше туған Индиго балаларды кезінде көре біліп, олардың ерекшеліктерін дұрыс түсініп, басқалардан бөлек тәрбие беру керек. Егер оларды көпшілікпен бірге тәрбиелесе, онда олар өздерінің ерекше қасиеттерін жетілдіре алмай, тіпті олардан айырылып қалып, басқа қарапайым балалармен бірдей болып кетуі мүмкін. Ал бұл балалар өздерінің зор қасиеттерін өсіріп, келешекте ата-анасының мақтанышы, халқының сүйенер тірегі, адамзаттың жарық жұлдызы, кемеңгер ойшылы, ірі ғалымы, не болмаса өнер қайраткері болуы мүмкін. Үлгі алатын, алға сүйрейтін жарық жұлдыздай жол көрсететін ондай адамдар болмаса халық қарапайым тобырға айналып, артынан іріп-шіріп, кері кетіп, өзін-өзі жоғалтып алуы да ғажап емес. Алға сүйрейтін зиялы қауымынан айрылып, ақыры тарих сахнасынан жоғалған халықтардың тағдыры бұған жақсы мысал болады. Кейбір елдерде Индиго балаларға ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалады. Мысалы, Қытайда олар көпшілік назарынан тыс арнайы мектептерде оқиды. Олар елдің келешек басшылары, елдің стратегиялық ісін атқаратын іскерлері мен барлаушылары. Израилда мұндай балалармен білім министрлігі арнайы құпия жоспар бойынша шұғылданады. Францияда оларды басқа шет елдерге жіберіп оқытады. Ал Ресейде бұл балаларды тәрбиелеу жөнінде арнайы жоспар дайындалып жатыр. Материалдық ғылым болмысты тар шеңберде қарастырып, оның тереңіне бара алмайды. Ол өмірдің тек қана беткі көрінісін ғана сипаттап, оны өте қарапайым да, қарабайыр етіп көрсетеді. Оның бергені біржақты және жеткіліксіз болғандықтан, ол өмірдің күрделі, түпкі мәселелерін ешуақытта толық шеше алмайды. Оның себебі – ғылымның негізгі жаратушы күшті жоққа шығарып, рух пен жанды білмеуінде. Ол тек қана таза материяны зерттейді. Ал жансыз табиғат – өлі табиғат. Өліде қозғалыс та, ендеше жетілу де болмайтыны белгілі.
Date: 2015-07-22; view: 1547; Нарушение авторских прав |