Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жан иелерiнің үш топқа бөлінуі





 

Көптеген ғаламшарлардың (планеталардың) арасында Жердің маңызы өте зор. Себебі ол жоғары және төменгі әлемдерді байланыстыратын кіндік тәрізді. Барлық жан иелерінің қозғалысы осы Жер арқылы өтеді. Ғарыштағы жетілудің мінсіз заңдылығы бойынша барлық жан иелері белгілі тәртіппен жетілу жолымен үздіксіз қозғалыста. Олар бір көріністен екінші көрініске көшіп, санасының өсуінің барысында ақыры өмірдің жоғарғы мақсатына жетеді. Жәлел-ад-дин Румидiң жазғанына қарағанда бұл жол минералдардан басталып, өсімдiктер, хайуанаттар, адамдар, перiштелер деңгейлерi болып жалғасады екен. Егер әрбiр деңгейде сана-сезімнің сансыз көп дәрежелерiн ескеретiн болсақ, сонда бұл жолдың қандай алыс та ұзақ екенiн түсiне аламыз.

Жәлел ад-дин Руми әрі қарай жан иелерiн былай деп үш топқа бөледi:

"1. Таза ақыл-естен құралатын перiштелер. Олардың өмірi дұға оқып, бас июге, құлшылық пен Құдайды ойлауға бағышталған. Балыққа судың iшi оның ұйықтайтын төсегi, жастығы және барлық өмір болмысы болғаны тәрiздi, перiштелерге де ол тамағы, iшетiн iшiмдiгi болып табылады. Олар сезiмдердің ықпалынан толық шыққан, сондықтан олар сезiмдерiне бағынбайды.

2. Өздерiнiң инстинктерінің толық ықпалындағы, бірақ зұлымдықтан өздерiн аулақ ұстауға мүмкiндiк беретiн ақыл-есi жоқ жануарлар. Оларда адам баласы тәрізді өздерiнiң мiндетi туралы ой жоқ.

3. Ал бейшара адамға келетiн болсақ, ол ақыл-ес пен құмарлықтан жартылай перiште, жартылай жануар, жартылай жылан, жартылай балық болып жаратылған. Балық табиғаты оны теңiзге, ал жылан табиғаты жерге тартады, сөйтiп ол үздiксiз осы екеуiнiң арасындағы күреспен өмірiн өткізедi. Ақыл-есi құмарлықты жеңгенде ол перiштелiк деңгейге көтерiлiп, ал нәпсiқұмарлығы жеңгенде жануардан төмен құлдырап кетедi.

Азаптан перiштелер өздерiнiң бiлiмдерiмен құтылады, ал жануарлар өздерiнiң бiлiмсiздiктерiмен құтылады. Ал адам осы екеуiнiң арасында күресу мен азапта." Ұлы Руми осы сөздерiмен адам жануарлар мен періштелердің арасындағы жан иесi екенiн көрсетеді. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой өзiнiң "Исповедь" деген шығармасында адам баласының өмірiн суда ағып бара жатқан жаңғақпен салыстырады. Жаңғақ ағын судың ықпалымен бiресе бiр жағаға, бiресе екiншi жағаға жақындап ағып келе жатады. Сол сияқты адам баласы да өмір ағысына берiлiп, бiрде рухани, ал бiрде материалдық жағаға жақындап, кейде оларға тiрелiп аялдайды да.

Жетілу жолындағы барлық жан иелерi үнемі өзгерісте. Олар әуелi өмірге келеді, сонан соң өседi, жетiледi, артына ұрпақ қалдырады, ақыры қартаяды және өледі. Олардың орнын басқалар алады. Осылайша табиғат үздiксiз айналысқа түсiп, ауысып отырады.

Абайдың және басқа да ғұламалардың ойлары бойынша, осы ұзақ жолда басқа жан иелерінің арасында адамның ерекше орны бар. Жер планетасы жан иелерінің жоғары не болмаса төменгі өмірге баруын шешетін орын болса, ал адам деңгейi жан иелерінің санасының жетілуінің шешушi сатысы. Себебi, жан иелері осы сатыда ғана екі ерекше қасиетке ие болады. Ол қасиеттердің біріншісі – адамға берілген ерекше ақыл-ес, екіншісі – оған берілген ерік. Бұл екі қасиет жер бетіндегі басқа жан иелерінде жоқ. Адамның басқа жан иелерінен айырмашылығы және олардан артықшылығы да, міне, осында жатыр. Адам баласы өзінің ойлай қабілетін дұрыс пайдалану арқылы тіршіліктің кереметтей хикметтерін сезіп-түйсініп, болмыс құпияларын тереңдеп сезе алады. Сөйтіп, ол басқа жан иелерінің несібесіне берілмеген жылдамдықпен жетілу жолымен көтерілуге мүмкіндік алады. Бірақ бұл артықшылықтар адам баласына тегін берілмейді. Оның да сұрауы бар. Ол сұрау әділет заңдылығымен анықталады. Егерде адам өзіне берілген артықшылықты дұрыс пайдаланбай, өзінің еркі бойынша ақыл-есін жарқын істерге арнамай, нәпсісіне арнап, болмыс заңдылықтарын бұзып, имандылық тәртіптерінен шығып кетсе, онда соған байланысты жазасын тартады. Бұл жаза болмыстың "Не ексең, соны орасың" деген ұғымды білдіретін әділет заңдылығы бойынша орындалады. Сондықтан, Абай әділет ұғымын өте жоғары қояды. Оның әйгілі "үш сүюін" осы әлем үшін қолданатын болсақ, онда "Және Хақ жолы осы деп әділетті сүй" делініп "әділетті сүю" үшінші сүю болып шығады. Сонымен адамның ақыл-есі оған берілген артықшылық. Егер оны дұрыс пайдалансаң – басқалар жете алмайтын шыңға көтерілесің. Ал егер дұрыс пайдаланбасаң – басқалардың көрмейтін қорлығын көресің. Ерік өзіңде. Ол саған табиғатыңнан берілген. Бұл – табиғат заңдылығы. Оны ешкім бұза алмайды. Осы ойларды Абай былай деп білдіреді:


"Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды етi ауырмайтұғын қылып, жан иесi хайуандарды ақыл иесi адам баласы асырайтын қылып, әрi олардан махшарда сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың hәммасынан пайда аларлық ақыл иесi қылып жаратқан. Адам баласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында әрi әдiлет, әрi махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар секiлдi тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екi қолды басқа қызмет еттiрiп, аузына қолы ас бергенде, не iшiп, не жегенiн бiлмей қалмасын деп, иiсiн алып ләззаттанғандай қылып, ауыз үстiне мұрынды қойып, оның үстiне тазалығын байқарлық екi көз берiп, ол көздерге нәзiктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ берiп, ол қабақтарды ашып-жауып тұрғанда қажалмасын деп кiрпiк жасап, маңдай терi тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас берiп, оның жүзiне көрiк қылып, бiрiнiң қолынан келместей iстi көптесiп бiтiрмекке, бiреуiнiң ойын бiреуiне ұқтырарлық тiлiне сөз берiп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кiм өзiңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе? Жер мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер гүлiн, құстар жүнiн, ара балын, балауызын, құрт жiбегiн – һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбiрiнде бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi – адам баласына таусылмас азық".


Абайдың бұл сөздерiнен өмiрдiң үлкен мәнiн көруге болады. Жан иесi хайуандар махшарда сұрау бермейдi (о дүниеде iстеген iстерi үшiн жауап бермейдi), себебi олар өздерiнiң табиғи сезiмiмен (инстинктімен) әрекет жасайды. Сондықтан олар табиғат заңдылықтарын бұзбайды. Олардың жетiлуi табиғаттың эволюция заңдылығымен жүредi. Бiрақ оларда өмiрдiң мақсаты туралы ойлайтын мүмкiндiк жоқ.

Адам мен хайуанның айырмашылығын Абай жетiншi қара сөзiнде былай деп анықтай түседi:

"Дүниенiң көрiнген hәм көрiнбеген сырын түгел түгелдеп, ең болмаса денелеп бiлмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны бiлмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде Құдай тағала адамның жанын хайуанның жанынан iрi қылып жаратқан, сол әсерiн көрсетiп жаратқаны". Әрi қарай данышпан адамның бала кезiнде барлығын сұрап, бiлуге құштар болатынын, бiрақ өскеннен кейiн оның барлығы ұмытылып, көңiлi суитынын айтады. Сонымен, жан адамды жас кезiнде билеп, оны бiлiмге құштарландырады. Ал, өсе келе ол нәпсісіне ие бола алмай жанын фәни өмiрдiң залалдарымен былғап алады. Бұл тәннiң ықпалын өсiрiп, жанды тәнге бас ұрғызады. Тән жанға бой бермей, адам тек қана тәннiң құмарына берiледi. Сөйтiп оның жаны рухани азықтан тапшылық көрген соң, адам азғындау жолына түседi. Түрлi күнәларға батуы мүмкiн. Ондай жағдайда махшарда ол адамнан сұрау алынып, өзінің сыбағасын алады. Сөйтіп, ол төменгі әлемдерде жазасын алып, күнәсінен арылады.


Адам баласынан махшарда сұрау алатұғынында әрi әдiлет, әрi махаббат бар дейдi Абай. Осылай болғаны әділетті. Себебі, махшардағы жазаны әркім өзіне берілген ерік бойынша жасаған іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты алады. Ал махаббаттың болатыны – бұның барлығы әрбiр жан иесiне сабақ беріп, күнәсінен тазартып, фәни өмірдің зардабынан құтқару үшін берілген. Ислам дүниетанымына толық сәйкес келетiн Абайдың осы көзқарасы бойынша Алла тағала адамның еркiне шек қоймайды. Бiрақ, махшарда жақсы iстерi үшiн мадақтап, жаман iстерi үшiн оны жазалайды. Бұл қоғам өміріндегі қылмыс жасаған адамды абақтыға отырғызған тәрізді. Оны абақтыға жазалап, күнәсінен арылту үшін ғана емес, сонымен бірге, оған өзінің кінәсін түсініп, дұрыс жолға түсуі үшін де отырғызады.

Мал мен адам өмірінің айырмашылығын Абай былай деп анықтай түседі:

...Малда да бар жан мен тән,

Ақыл, сезiм болмаса

Тiршiлiктiң несi сән,

Тереңге бет қоймаса?

 

"Малда да бар жан мен тән, ақыл, сезiм болмаса" деген жолдағы ақыл мен сезiм адамға берiлетiн ерекше ақыл, сезiм (интеллект) деп түсiнемiз. Әйтпесе хайуанаттарда да өздерiне тән ақыл мен сезiм бары белгiлi. Бұл өлең жолдарымен Абай адам мен хайуанаттардың ақыл-сезiм айырмашылықтарын көрсетедi.







Date: 2015-07-22; view: 682; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию