Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Фәни әлемде жан иелері қалай пайда болады?
Рухани әлемде таза жанның қасиеттері шексіз. Бірақ ол қасиеттері материалдық әлемге келгенде матриямен жабылып, өзінің шексіздігінен айырылып қалады. Сондықтан, оған материалдық әлемде өмір сүруге арнайы құрал, яғни дене керек. Осылай жаңа өмірге келген жан енді өзіне материядан жаңа дене қалыптастырады. Әуелде жан өзінің өмірін нәзік әлемнен бастайды. Сондықтан жан өзіне нәзік материалдық дене құрастырады. Осылай гальванизация процесі арқылы жан нәзік әлемнен өзіне керекті элементтерді тартып сезім, ақыл, ес, өзінің «менін» құрастырады. Әруақтар нәзік әлемде осы денелермен өмір сүреді. Ал заттық әлемге келгенде жанға нәзік денесінен басқа тағы тұрпайы дене керек. Бұл – оның тәні. Сондықтан, жан фәни әлемге келгенде өзінің нәзік денесі арқылы, әлемдегі негізгі тұрпайы бес элементтерді тартып өзінің тәнін құрастырады. Бұл құрастыру оның жерге қандай әдіспен келуіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, жан жерге жан-жануарлардың аталық ұрығы, жұмыртқа, немесе өсімдік дәні арқылы келуі мүмкін. Осыған байланысты ол өзіне тәнді құрастыруға керекті табиғаттың бес элементін ғарыштан ғана емес, сонымен бірге, жан-жануарлар ана құрсағынан, құс жұмыртқадан, өсімдік дәннен алады. Фәни әлемде барлық жан иелері осылай пайда болады. Заттық әлемде бір-бірімен қатынас жасап, қоршаған табиғатты пайдалануы үшін жан иелеріне керекті материалдық элементтер беріледі. Оларға бес сезімдер, бес сезім мүшелері, бес сезім объектісі, тәннің өміріне керекті бес қозғалыс мүшелері жатады. Бес қозғалыс мүшелеріне қол, аяқ, ауыз, анус және жыныс органдары жатады. Жан иелері аяқтарымен бір жерден екінші жерге қозғалады, қолдарымен табиғат берген заттарды пайдаланады, аузымен тамақтанады, шығару мүшелерімен (ануспен) асқазандағы қорытылмаған тамақтың қалдығын сыртқа шығарады және жыныс мүшелерімен артына ұрпақ қалдырады. Өмір түрлеріне байланысты бұл элементтердің сыртқы порымы, әрине, әртүрлі болып келетіні түсінікті. Мысалы адам мен құстардың аяқтары, аузы, жыныс мүшелері әртүрлі екені белгілі. Табиғат берген осы элементтер арқылы барлық жан иелері өз өмірін қамтамасыз етеді. Табиғаттың бұл тұрпайы элементтеріне адамның нәзік болмысы болып табылатын тағы үш элемент – ақыл, ес және «мені» қосылады. Сонымен барлығы 23 элемент болады. Бұған жанды қосатын болсақ, барлығы 24 болып, олар қосылғанда материалдық әлемде өз бетімен өмір сүруге мүмкіндігі бар микрокосмды құрайды. Бұл 24 элементтің ең негізгісі, әрине, жан. Жан басқаларын біріктіріп, оларға өмір береді. Себебі, ол жан иесінің рухани болмысы болып табылады. Міне, қысқаша айтқанда, жанның бұл әлемге келуі осылай болуға тиісті.
Date: 2015-07-22; view: 728; Нарушение авторских прав |