Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіпкер Тұрлыхан Нұрдәулетқызы Бөкембаеваға әруақтардың көмегі
Тұрлыхан Нұрдәулетқызы Бөкембаева: 8 701 775 55 96; Үй (8 72752) 7 09 99; Қарапайым, қайырымды, таза, шыншыл, құдайшыл, әділетті, ержүрек, мейірімді болып қала бер және өз міндеттеріңді қызған. Не нәрседе болсын ақыл мен ардың нұсқауымен әрекет етуге тырыс, әркімнің игілігі үшін қам же. Өмір қысқа. Оның ең бағалы жемісі – адамдардың игілігі үшін ізгілікті істер істеуден қапы қалма. Марк Аврелий
Бөкембаева Тұрлыхан Нұрдәулетқызы 1960 жылы, желтоқсан айының 20 жұлдызында, Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Ұзынтам ауылында дүниеге келген. Қарағандының сауда-кооператив институтын бітірген. 1979 – 1987 жылдары Алматы облысының Іле аудандық сауда-саттық мекемесінде экономист болып қызмет істейді. Қазір жеке кәсіпкер. Күйеуі Бөкембаев Әділ Әтірұлы жоғары білімді экономист. Үлкендері Самал – ҚазГУ-ді бітірген жоғары білімді маман, үш баласы бар. Екіншісі Алмас жоғары білімді заңгер, кенжелері Елдана студент. 2004 сәуір айында «Ата жолы» қозғалысына келеді. Себебі, сан-салалы кәсібі болған адамның көрген күні белгілі. Ойлаған ойы, жасаған жоспары, алдына қойған мақсаты іске аспай қиналады. Құрылыс материалдары, жұмыс күші жеткілікті болса да, 2 айда бітіретін құрылыс алаңы, 8 айға созылып ісі алдыға қарай жылжымайды. Біреулерден «Ата жол» қозғалысына барсаң – киелі ата-бабалар әруақтары жолыңды ашады, бата алғаннан кейін ісің оңға басады дегенді естиді де, Қарасай ауданының Алғабас ауылындағы «Сарбай ата» ордасын ұстап отырған Төлжан Жақсыбаевқа ақпан айында барады. Аталар әруағы: «Наурыз айында қасиетті Түркістан жеріндегі жатқан бабаларға барып, бата аласың», – деп бата береді. Барардың алдында түсінде аян алады. Түсінде үлкен шара ыдыс толы тұзды қолына ұстап тұр екен. Алды мидай жазық дала. Қолындағы тұзды шашып тұр екен. Тұз рет-ретімен түсіп жатыр, бір уақытта шашқан тұзы, көз жетпейтін қиырға түсіп жатады. Қолындағы ыдыстағы тұзына қараса сол қалпы. Көрген түсін тісінен шығармайды. Төлжанның ордасында бата алғанда аталар әруағы: «Балам, саған аян салдым, сол аянды білдің бе?» – деген кезде, шешуін Төлжан айтып береді. «Тәте, сізді сонша жерден дәм-тұз татып тұр, сіз бекерден-бекер шашып тұрған жоқсыз. Қиырға, көз жетпейтін жерге түсіп тұрғанның өзі, осы «Ата жолы»-ындағы ең ұзақ жерде – Қарабура деген ата бар. Осы жолғы керуен сол атаның басына барады, осы керуеннен қалмаңыз», – дейді. 2004 жылы наурыз айының 18...23 аралығында – Тұрлыхан, Қарабура атаның басына барады, жақсы-жақсы баталар алады, қаралығынан арылады, жолын ашады. Түркістандағы 43 әулиенің басын аралайды. Қайтып Райымек атаның басын келгенде: «Балам, бір тірлігіңнің көзі ашылмай тұр екен. Сол тірліктің көзін аштым», – деп бата береді. Батадан келген бетте ісі оңға басып, жұмысы дүрілдеп, 8 ай бойы тұралап қалған құрлысы 1 айда бітіп, өзінің кафесін 1 мамырда салтанатты түрде ашады. Құдайға шүкір, қазір осы кафесінен жұрт күндіз-түні үзілмейді. Ел рахаттанып отырып, қазақтың сан алуан ұлттық тамағын жеп, қымыз бен шұбатын ішіп – демін алатын, ұлттық әуездерді сүйсіне тыңдап, көңілін көтеретін, той-томалақтарын өткізетін, бірден-бір сүйікті орнына айналды. Басқа да тірліктері өрге басып, «бизнес ханум» (леди) атанады. Барғанда әпкесі Күлжамаш екеуі бірге барады. Ол апайының от басында үлкен қиындықтар болады. Күйеуі мен тұңғыш ұлы мезгілсіз дүние салады. Өзі қатты қиналып жүреді. Еш қандай жұмыс істемей, от басында отырып қалады. Айша-Бибі ана әруағы батасында, Күлжамашқа емшілік қасиет беріп, орда ашасың дейді. Кейін батаға барған сайын батада, орда ашасың дейді. Ісі алға басып, тұрмысы түзелген Тұрлыхан – Төлжан Жақсыбаев ұстап отырған «Сарбай ата» ордасынан бөлініп, әпкесіне қол үшін беріп, апайының үйінен екеуі бірігіп, Жалайырдағы бес атаның бірі «Айтуби ата» ордасын – Іле ауданындағы Байсерке ауылынан ашады. Құрбандық шалып, орда ашылғанда киелі аталар әруағы: «Тұрлыхан балам, саған сынменен басымызға келгенде: қасиетті, аманатты салмап едік алдыңа, әпкеңе бәрін жүктеп едік, сол сыныңнан өттің, ақтап алып шықтың», – деп баталарын береді. Көп ұзамай Тұрлыханға да қасиет беріп «аққу» болады. Басқаларға әдеп тәлім-тәрбие, ілім беру садақаның абзалы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с..)
Тұрлыхан «Айтуби ата» ордасынан шәкірттер тәрбиелеп, 7 орда өз беттерінше бөлініп шығады. Қазір Байсерке ауылында 2, Өтеген батыр ауылында 2, Қарасу ауылында 1, Жаңаталап ауылында 1, Ынтымақ ауылында 1, Қапшағай қаласында 1 орда бар. 4,5 жылдың ішінде Тұрлыхан Нұрдәулетқызының және өзінің тікелей ұстазы Төлжан Жақсыбаевтың еңбектері жанып, елді имандылыққа, ізгілікке жетелейтін, ауруларға шипа, қысылғандардың жолын ашатын, киелі ата-бабалардың баталарымен Алланы уағыздайтын қосымша 8 орда ашылды. Бұл да құдіретті Жаратушының қолдауымен болып жатқан шаруа. Қазіргі таңда, Тұрлыхан өзінің шәкірттері: «сұңқар» Берікнұр, «аққулар» Майгүл, Құралхандармен бірлесіп осы 8 орданы жетелеп жүр. Күлжамаш орда ашқаннан кейін, ұлы Болат өмірде біраз адасыңқырап, арам суға малынып жүреді, кейіннен бірінші Алла, екінші аталардың батасымен имандылық жолға түсіп, аталар әруағы: «Махаббат есімді пендені алдыңа саламын, сонымен көгеріп өсетін жайың бар», – деп бата салады. Бұлар Махаббат есімді қызды қайдан табамыз деп бастарын қатырып жүргенде, 2005 жылы Болат пен Махаббат «Қарасай атаның» басына керуенмен бірге барып, танысып, көңілдері жарасып, көп ұзамай үйленеді. Қазір бір ұлы, бір қызы бар бақытты жанұя. Жаманнан жақсы, Жақсыдан жаман туады демеңіз, Түбінде тартпай қоймас негізіне. Қазақтың мақал-мәтелдері
Тұрлыханның арғы ата-бабалары ел басқарып, халқына қызмет еткен текті, ақылды адамдар болған екен. Өзінің атасы Үмбетжан Қытай жерінде аса беделді, дәулетті, абыройлы, халқына қадірлі, имандылық жолын ұстанған, жан дүниесі таза, атақты саудагер болыпты. Тұрлыхан Нұрдәулетқызына «Ата жолы» қозғалысына сіңірген еңбегі үшін, Айша-Бибі ананың әруағы: «Еліңе, жеріңе, жұртыңа мақпалдай жұмсақ болып, қол ұшыңды берген үлесің үшін сенің сатыңды көтеріп, тылсымнан Мақпал деп ат қойдық», – деп батасын береді. Тұрлыхан Нұрдәулетқызы – сымбатты, сұңғақ бойлы, аққұба жүзді, сұлу өңді, көз жанарынан мейірім шуағы төгіліп, қазіргі заманның бизнесін ұршықша иіріп, талай адамға жұмыс тауып, талай адамға қамқор болып жүрген, жаны мөлдір, текті аталарының бар қасиеттері бойына тоғысқан, ел-жұртын имандылыққа жетелеп, жаңа заманның көшін бастап жүрген – аяулы да, асыл ару қыздарымыздың біреуі.
Date: 2015-07-22; view: 708; Нарушение авторских прав |