Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жаратушы ғаламның iшiнде
65 – Талақ сүресі, 12 аят. Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан. Күмәнсыз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі әр нәрсені ішіне алады. ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 559 бет.
«Алла тағала «бiр» деген сөздiң өте терең мәнi бар. Бұл туралы Абай: «Ол «бiр» деген сөз Алла тағала ғаламның iшiнде, ғалам Алла тағаланың iшiнде», – дейдi. Бұл бiр қарағанда мағынасы қарама-қарсы, түсiнiксiз, жұмбақ ұғым. Қарапайым күнделiктi көзқарас бойынша қарастыратын болсақ, онда егер бiр нәрсе екiншi нәрсенiң iшiнде болатын болса, онда екiншi нәрсенiң бiрiншi нәрсенiң iшiнде болуы мүмкiн емес. Сонда бұл қайшылық па? Қайшылық болмаса оның сырын қалай түсiнуге болады? Бұл рухани болмыстың адамның ақылымен түсiнуге болмайтын бiр көрiнiсi. «Алла тағала ғаламның iшiнде, ғалам Алла тағаланың iшiнде» деген түсiнiк Алла тағаланың екi құбылысын (аспектiсiн) бiлдiредi. Алла тағала ғаламның iшiнде деген ұғым Оның ғаламның әрбiр бөлшегiнiң iшiнде екенiн бiлдiредi. Ал «Ғалам Алла тағаланың iшiнде» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдiк аспектiсiн бiлдiредi. Алла тағала ғаламның iшiнде деген ұғымның таза рухани мәнi бар. Сондықтан ақылмен түсiну өте қиын. Алла тағала ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде, сонымен бірге әрбір жан иесінің жүрегінде деген ұғымды тек қана барлық ой-өрісті жүрекке шоғырландыру арқылы (медитация) жетуге болды. Сонда, көңілін басқаға аудармау үшін барлық сезімдерін жауып, бүкіл ой-өрісті тек қана жүрекке шоғырландырғанда адам баласы Алла тағаланың жүректегі құбылысын (аспектісін) көруі мүмкін. Енді бұл арада қасиеттi жазбаларға жүгiнiп, не болмаса сол деңгейді жүрегiмен сезiп-түйсiнген ғұлама сопылардың айтқандарына құлақ салып көрелiк. Әбу Хамид әл-Ғазали өзiнiң «Дiн туралы сенiмдi жаңғырту» атты еңбегiнде «жүрек» деген сөздiң бiрiншi мағынасы оның физиологиялық мәнi екенiн айта келiп, оның екiншi мағынасы туралы былай деп жазады: «Бұл сөздiң екiншi мағынасы – осы тәндiк жүректегi Алланың рухани сыйы (Латифа раббанийа руханийа). Бұл сый түсiнетiн, бiлетiн және адамның iшiндегiсiн бiлетiн, ақылшысы, тексерушi, кiналаушы және талап етушi; ол тәндегi жүрекпен байланысқан және ол байланысты көптеген адамға ақылмен түсiндiру қиынға соғады.» Әл-Ғазали әрi қарай бұл ұғымды түсiндiрмейтiнiн жазады. Себебi оның арғы жағын ашу үшiн рухтың құпиясын жария ету керек, ал оны пайғамбардың өзi де жария қылмаған. Осылай ғұламаның бұл сөзiнен Алла тағаланың жүректе бiр белгiсi (сыйы) барын, бiрақ оны түсiнудiң қандай күрделi екенiн сезiнемiз. Ибн Арабидiң «Геммы мудрости» атты еңбегiнен де Алла тағаланың жүректе екенiн бiле аламыз. Ол былай деп жазады: «Алла тағаланың «Алладан қорқыңдар» деген сөзi мынаны бiлдiредi: сiздегi айқын нәрсе Алланы қорғасын, ал айқын емес нәрсе (ал бұл – сiздiң Аллаңыз) сiздi қорғасын, бұл арада кiнәлау (зимм) және мадақтау (хамд) бар ғой. Кiналауда Оны қорғаңдар, ал Ол мадақтауда сiздi қорғасын; осылай iзгi және бiлушi болыңыздар». Әрi қарай былай деп жазады: «Алланы бiлетiн адамның жүрегi Оның шапағатымен берiлген және ол өте үлкен, себебi онда Ұлы Алланың өзi бар». Алла тағала әлемнiң әрбiр атомының iшiнде болса, Ол өзiнiң шексiз көп қасиеттерiмен әрбiр атомға өзiне тән түрлi қасиеттер бередi. Атомдар бiрiгiп молекула құрайды. Ал олардан түрлi материалдық денелер құралады. Алла тағала әрбiр атомға өзiндiк қасиеттер бергендiктен, олардан құралған денелер де өзiндiк түрлi қасиеттерге ие. Сөйтiп түрлi қасиеттерiмен, порымдарымен, көлемдерiмен әлемде көптеген бөлiктер пайда болып, әлемнiң сан-алуандығы туады. Алла тағала әрбiр атомның iшiнде болып, олардың өзгерiстерiн басқаратын болғандықтан, әлемдегi құбылыстардың өзгерiстері де Алла тағаланың ырқында. Алла тағаланың бүкiл материалдық әлемдi басқаратыны осылай дәлелденедi. Date: 2015-07-22; view: 709; Нарушение авторских прав |