Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алла тағала адамның өмiрiн оның жүрегi арқылы басқарады





Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі.

Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі (сенімсіз). Абай

Алла тағала адамның өмiрiн оның жүрегi арқылы басқарады. Адам жүрегiндегi Алла тағала өзiнiң мейiрiмдiлiгiмен адамға үнемi ақыл берiп, әрекетiн дұрыс жолға бағыттап отырады. Ол адамның ең жақын досы. Бiрақ жан иесi осы досының ақылына көп құлақ аса бермейдi. Оның жүрек көзiн шел басқандықтан ол жүрегiндегi Жоғары Рухтың, Ғазиз Жанның өнегесiн сезбейдi, не болмаса нәпсiнiң ықпалына берiлiп, өзiнiң болымсыз еркiн дұрыс пайдаланбай, терiс қылықтар жасайды. Сөйтiп ол қателiктерге ұрынып, себеп-салдар заңы бойынша оның зардабын көредi. Халықта мұны «ұят» деп атайды. Сондықтан Абай отыз сегiзiншi қара сөзiнде «... кiмнiң ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген» деп ескертедi. Яғни, ұяты бар адамды Алла тағала оны ұят сезіміне бөлеп психологиялық зардап шектiредi. Ал сана-сезiмi әлi төмен, имансыз, ұяты жоқ адамдарды олардың тәндері арқылы зардап шектiредi. Мысалы, адамның түрлi апаттарға кездесуі, дене мүшелерiнен айрылып мүгедек болуы тәрiздi түрлі зардаптардың өзі Алла тағаланың берген сабағы. Бұндай түсінік адамға өмірдің әрбір көрінісін Алла тағаланың берген бір мейірімділігі деп қабылдауға мүмкіндік береді. Осылай адам баласы өмiрдiң тәттiсi мен ащысын кезек татуы арқылы бiртiндеп өмiр заңдылықтарын сезiне отырып, түбiнде осылардың бiр себебi барын түсiне бастайды. Сөйтiп ол себептердiң себебi Алла тағалаға бас иедi. Бұл да жүректегi Жоғары Рухтың бiр мейiрiмдiлiгi.

Жүректегi Рух адамның барлық әрекетiн басқарады. Оның рұқсатынсыз ешбiр жан иесi қабағын да қаға алмайды. Сонымен бiрге, Ол ешкiмнiң өзiне берiлген еркiне шек қоймайды. Сондықтан, әркiмнiң өзiнiң қалауынша әрекет етуге ырқы бар. Осылай бүкiл әлемнiң өмiрi бiр ортадан басқарылып, барлық жан иелерiнiң қарым-қатынасы, қуаныш-қайғысы, болып жатқан өзгерiстердiң барлығы белгiлi бiр заңдылықпен мiнсiз орындалып жатады. Ал бұл заңдылықты бiлмеген адамдарға бүкiл әлем бейберекет, шырғалаңы көп, тек қана зардап орны болып көрiнедi. Ондай адамның өмiрi шынында да өзi түсiнгендей зардапты болады. Одан құтылу үшiн рухани бiлiм алу керек.

Date: 2015-07-22; view: 797; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию