Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Клиникалық өлім. Камшәт Батталованың о дүниеге барып қайтуы





 

Камшат Армияқызы Батталова; 8 705 449 06 46: Үй тел. (8 72 771) 35-8-42;

 

Кім де ниетін – имандылыққа, тазалыққа, тілін шыншылдыққа, өзін тыныштыққа, мінезін – туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін – өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с..)

Әруақтардың өз әлемі бар. Адамдар әлемі олардың өздерінің денелері тәрізді көзге көрініп-білінетін тұрпайы элементтерден құралатын болса, әруақтардың әлемі де олардың тәндері тәрізді көзге көрінбейтін нәзік элементтерден құралады. Адамзат қоғамында қандай өзгерістер болса, онда да сондай, тіпті одан да жоғары маңызы бар өзгерістер болып жатады. Себебі, көрінбейтін әлем біздің әлемге қарағанда жоғары болып табылады. Ал төменде не болса – жоғарыда да сол, сонымен бірге, төменде жоқ көптеген нәрселер де бар. Сондықтан жоғары әлем төменгі әлеммен салыстырғанда өте қызықты және ләззаты мол өмір.

Бұл туралы ол жаққа барып келген адамдар айтады. Ол жаққа барып келген деп «клиникалық өлім» алған адамдарды айтамыз. Түрлі жағдайлармен өліп, бірақ қайта тірілген адамдар зерттеліп, олардың көрген, білгендері қазіргі заманда көп зерттеліп, бір жүйеге келтірілді.

Енді «клиникалық өлім»-ді басынан кешірген Қарасай ауданы, Мерей ауылының тұрғыны Камшәт Армияқызы Батталованың бастан өткізген адам сенбес оқиғасына назар аударайық.

Менің бұрыннан екі бүйрегім ауыратын, дәрігерлер бүйрегіңде құм бар деп айтатын. Бірақ елең қылмай жүре беретінмін. 2001 жылы 41 жасымда қатты ауырып екі бүйрегім ұстап қап, Қарасай ауданының Шамалған ауылының ауруханасына түстім. Өзімнің Дариға дейтін таныс дәрігерім бар болатын, бірақта ол кісі ауруханада қиналып жатқанда менің тамырыма дәріні сала алмады. Тамырымды таба алмай көп қиналды, қолыма да, аяғыма да ине салғанмен тамырым табылмады. Өзімде қатты қиналып кеттім, жанымда күйеуім Махамбетәли де бар болатын. Бір мезетте басым соққы тигендей шың ете қалды. Есім аутқып кеткендей болды, бір қызығы басым бар, төменгі денемді сезінбеймін, адамдардың дауыстарын анық естіп жатырмын. Бір уақытта Дариға күйеуіме жанұшыра: «Тамыры соқпай қалды, соқпай қалды енді не істейміз!?», – деген үрейлі даусын естідім. Өзім сөйлей алмаймын, бірақта бәрін де көріп біліп, сезіп жатырмын. Ешқандай қиындық, ауырғанды сезінбеймін. Керісінше, тыныштық, рахат сезіміне бөленедім. Жоғарыдан өзімнің денемді қорша тұрған дәрігер Дариға мен күйеуім Махамбетәлиді көрдім. Бір мезетте дәрігердің «жүрегі тоқтады» деген сөзін естідім. Төменде не болып жатқанын жақсы көріп тұрмын. Махамбетәли жанталасып аяғымды уқалап жатыр. Сол кезде мен денемнен бөлініп шығып өте қатты жылдамдықпен ұшып кеттім. Ұшып келе жатқан жерім қап-қараңғы қуыс, жер астының үңгірі (туннел) сияқты, алыстан жарық сәуле көрінді. Осы жарыққа қарай өте қатты жылдамдықпен құйғытып тоқтаусыз зымырап ұшып келе жатырмын. Ұшып келе жатқанда бүкіл өмірім бір сәтте көз алдымнан найжағай сияқты жарқ-жұрқ етіп өтті. Сол уақытта артта қалып бара жатқан 4 баламды қимадым. Бұл кезде баламның үлкені 17-де, кенжесі 4-те болатын. «Балаларым қалып қояды ғой, болашақтары не болады, мен неге қара түнекке кетіп бара жатырмын?» деген ой келді. Менің ол жаққа барғым келмеді, балаларымды ойладым. Белгісіз бір тылсым күш мені ұшырып алып бара жатыр, өзімді тоқтата алмадым. Бір кезде денем тыз етіп ауырғандай болды, көзімді ашып қарасам Дариға мен күйеуім Махамбетәли тұр. Тәп осы сәтте Дариға менің тамырымды дөп басып уколын салған екен.

Міне, осының барлығы ешкімнің ойдан шығарғаны емес, әруақтың бар екенін дәлелдейтін көріністер емес пе? Осыған ұқсас жағдайлар кімнің болса да өмірінде кездесуі мүмкін.

 







Date: 2015-07-22; view: 816; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию