Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Киелі Түктібай бабаның қобызын бәйгеге қосуы
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Абай Бақсылардың арасындағы ең белгілісі де, атақтысы Түктібай баба болған. Ол өз заманындағы барлық бақсылардың басшысы. Оған шайтандар бағынып, қызмет еткен. Бір ат жарысы кезінде Түктібай баба өзінің қобызын бәйгеге қосып, оны ат құйырығына байлап жіберуге бұйырады. Шаң көрінгенде Түктібай қолындағы қылышын қобыз қылып тартып, күңірентеді. Кенет құйындатқан қызыл жел соғып, алапат дауыл көтеріледі. Ақырында шаң мен түнек арасынан алғашқы бәйге аттар көрінеді. Бірақ солардың ең алдында тамырымен қоса жұлынған, жерге ана басы бір, мына басы бір соғылып, соңынан ұзын арқан сүйреткен үлкен сексеуіл ағашы ұшып келе жатады. Ағашқа Түктібай бақсының қобызы жайғасыпты. Әлге жел мен дауыл мұның жындары екен. Қазіргі кезде, бұл қобыз әлі күнге Түктібай бабаның кесенесі тұрған жерде тұратын ұрпақтарының қолында, ұстап көруге болады. Түктібай атаның басына барған адам ем қонса – осы қобыздың сарынын естиді. Қазақ даласында Бағаналы Қойлыбай, Бағаналы Балақай, Жанақ, Шөмен тәрізді үлкен бақсылар болған. Олардың арасында өсіп тұрған ағашты жұлып алып, оны ат қып мініп, үлкен атшабыс жарыста бірінші орын алған кездерін зерттеушілер жазды. Киелі Түктібай бабамыз да, осылайша қобызын бәйгеге қосқан. Мұның сыры: бақсы ағашты әлемдік тоқпен жандандырып, өзінің және басқа адамдардың тоғын пайдалана отырып ырқына көндіріп, ат қылып мініп, шапқан. Міне бұл көрініс осы айтылғандардың дәлелі болса керек. Бақсылар әруақтарды шақырып алып, оларға бұйрық беріп, өздеріне керек істерді жасата алады. Ал әруақтың күші басым болса, онда әруақтың ықпалы жеңіп кетеді. Осылай әруақ пен бақсының арасында үлкен күрес жүреді. Бақсылардың өздерінің ойындарын көрсеткенде қара тер болып терлеп, кейде естерінен танып қалулары да осы себептен болса керек. Әруақ үстел қоғалтқанда ғана емес, түрлі шу, дыбыс шығарғанда да осылай әрекет жасайды. Ол өзінің қолымен емес, өзінің нәзік денелерімен ауаға әсер етеді. Осылай әруақ барлық заттық элементтерге: суға, ауаға, топыраққа, тіпті эфирге де әсер ете алады. Ол ауада шу көтеріп, жердің топырағын шашып, не болмаса судың ағысын тоқтататып, теріс ағыза алады. Бұл туралы аңыздарда көп жазылған. Космонавтардың ғарышта ұшып жүрген кездеріндегі көрген түрлі құбылыстары да осымен түсіндіріледі. Date: 2015-07-22; view: 1256; Нарушение авторских прав |