Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Руақтардың арасында жақсылары да, жамандары да бар
Дене менен – жан анау, көңіл – мынау, Қайсысына билеттің байғұсым-ау? Ең түбінде өзің – кім, сенікі кім, Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау? Шәкәрім
Осы өмірдегі жеткен рухани деңгейіне байланысты жан о дүниеде түрлі деңгейлерге көтеріледі. Қазақта «Аспанның жеті қабаты» деген түсінік бар. Жеті қабат дегеніміз осы өзіміз өмір сүріп жүрген тұрпайы әлемнен бөлек, бірақ қатар өмір сүретін әлемнің жеті қабаты, ғаламаты. Олардың өздерін жеті әлем деп есептеуге болады. Жан өзінің осы әлемдегі өмір сүруінің нәтижесіне байланысты сол әлемдерде өзіне тиісті орын алады. Егер адам бұл әлемде қара басының қамынан аса алмай, нәпсінің ықпалымен ғана өмір сүрсе, ол соған байланысты тәнін тастағаннан кейін төменгі қабаттарға барады. Бұл қабат нәпсіқұмарлықтан туатын төмегі сезімдер қабаты. Бұл қабаттағы әруақтарды әр халық өз тілдерінде түрліше атайды. Мысалы, әруақтың палтергейс, гном, домовой, сура, асура және тағы сол сияқты басқа атаулары бар. Әруақтар жоғары әлемге өтсе де, олардың барлығы да жоғары қасиетті емес. Хабарласқан кейбір әруақтардың сөздері өте маңызды, шешен, олардың сөздері байсалды, өздері салмақты, мейірімді екені байқалса, ал екінші бір әруақтардың өте жеңілтек, айтқан сөздерінде ешқандай маңыз жоқ, өздерінің тек қана жамандық ойлап, кесірін тигізуге дайын, ақымақ екені білініп тұрады. Осылай түрлі әруақтар болады екен. Мұны түсіндіру де қиын емес. Әруақтар адам қалпынан нәзік әлемге өткеннен кейін олар бірден өзгеріп кете алмайды. Өздерінің ынтасымен түрлі кемшіліктерін жоймайынша олар адам қалпындағы өздерінің кемшіліктерінен арыла алмайды. Сондықтан әруақтардың арасында жақсылары да, жамандары да бар. Тәндері болмағандықтан, әруақтар өздерінің жаман қасиеттерін жасыра алмайды. Нәпсіқұмарлығымен өмірін кешіп, өзіне әлі дұрыс қадір-қасиет алып үлгірмеген жандар о дүниеде де, сол өмірін жалғастырғысы келеді. Сондықтан олар нәпсілерін қандыру үшін адамдардың денесіне барып қонып, соларды дұрыс жолдан тайдырып, өздеріне ләззат алады. Не болмаса түрлі ойын-сауықтар құрып адамдардың өміріне араласады. Бұлардың қазақ тілінде «жын», «албасты», «шәйтән», «пері» және тағы сондай атаулары бар. Нәзік әлемде барлығы қолмен қойғандай көрініп тұрады. Сондықтан жаман қасиет зардап әкеледі, ал жақсы қасиеттер, керісінше, басқа әруақтардың алдында үлкен сый-құрмет әкеледі. Date: 2015-07-22; view: 715; Нарушение авторских прав |