Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гүлназ Рахымбайқызы Төреқұлованы әруақтардың қысуы





 

Гүлназ Рахымбайқызы Төреқұлова; 8 777 971 51 93; Үй тел. (8 727)2 75 11 27;

Бес нәрседен бес нәрсені артық деп біл:

1. Өлімнен тіршілік артық.

2. Аурудан саулық артық.

3. Жұмыс бастылықтан (мәжбүр түрде мағынасында) еркіндік артық.

4. Қарттықтан жастық артық.

5. Кедейліктен байлық артық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Арғынбаева Гүлназ Рахымбайқызы 1973 жылы қаңтар айының 21 жұлдызында Жамбыл облысының Мерке ауылында дүниеге келген. Мамандығы дәрігер-фельдшер. Жұбайы Төреқұлов Нұржан Мәдиұлы жоғары білімді мал дәрігері. Сабыржан деген ұлдары бар.

Гүлназ Рахымбайқызы 2006 жылы рамазан айы басталғанда, жүрегі аузына симай тарсылдап, минутына 120-130 рет соғатын. Қан қысымы тұрақсыз, бірде 160/130-ға жоғарлап, бірде күрт төмендеп 70/40 қатты ауырады. Бармаған, қаралмаған дәрігерлері қалмайды. Ымырт жабыла ауруы асқындай түседі, аурмайтын жері жоқ, бір орында байыз тауып отыра алмайды. Жүрегі қысылып, қан қысымы жоғарлай түседі. Осының салдарынан жұбайы Нұржан екеуі түнгі 2 – 3-ке дейін далада жүретін болды. Тілінің астында валидол, қалтасы тола қан қысымын түсіретін дәрі-дәрмектер. Жаны қысылғанда, күйеуіне айтпай күнделікті іштей – аймен, жұлдыздармен сырласады: «Ай, жұлдыз! Сендер Аллаға жақынсыңдар ғой, Аллаға айтыңдаршы, мені ауыртпасын».

«Достармед» емханасына барып толықтай қаралады, сараптамадан өтеді. Ауруын дөп басып ешқайсы анықтай алмайды. Бір ай осы емханада емді түр-түрімен қабылдайды, нәтиже жоқ. Одан кейін Ішкі істер бөлімінің емханасында 14 күн жатады, баяғы жартас сол жартас. Бір күні емдеп жүрген дәрігері айтады: «Гүлназ, сенің ауруың түсініксіз ауру, сен халық емшілеріне барып қарал, бірақ мен айтты деп аузыңнан шығарушы болма», – дейді.

Гүлназдың ауруының ерекшелігі – ауру басталарда жанына зу етіп самал жел келеді. Жел аяқтан басына бірақ шығады. Сол сәтте жүрегі аузына симай, тарсылдап, қан қысымы ойнақтай ала жөнеледі.

Бір күні карболол дәрісін пиалаға құйып алады, ішейін десе аузына апара алмайды. Қолы жүрмейді, болмағаннан соң еңкейіп аузымен ішейін десе жағы қарысып қалады. Шошып кетеді: «осы мен жынданғаннан сау емеспін бе?», – деп. Анасына болған жайды айтады. Анасы: «Балам, ертеректе Манас деген нағашы атаң (1920 жылдары), қара суды теріс ағызатын үлкен бақсы болған адам». Ол кісі: «Қыздан тараған балалар менің басыма келіп түнемесе, бақытты болмайды», – депті. Осыған Гүлназдың көзі жеткені: өзінің үлкен әпкесі екі рет тұрмысқа шықса да, бала көтермеген, дені сау, ешқандай ақауы жоқ. Ал кіші сіңілісінің тұрмысы да, жұмысы да жақсы, бірақта жеке басының бағы ашылмай жүр. Күйеуге тиді, ол бір айдан кейін кетіп қалды, қазір баламен үйде отыр. Үлкен ағасы 1995 жылы 31 жасында жол апатынан қаза табады. Ауылдағы Қайрат деген ағасы, бір жұтым сыра ішсе болды қысылып ауырады. Балалары қыспаққа түсіп кетеді. Дәрігерлерге көрсетсе дені сау дейді. Осының себебін Гүлназды көріп қана түсінген Қайрат ағасы, енді Түркістанға киелі аталардың басына барайын деп жүр. Сондай ақ өзінің атасы Молдақұл да, дұға оқып үш қабат үшкіріп, көздегі ақты жазатын адам болған екен. Ол атасы молда болыпты. Қайтыс болардың алдында: «Жалғыз балама ауыртпалық түспесін», – деп Құран кітабын бір жерге көміп тастапты. Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған заманда – намаз оқитын, дінге сенетін адамдарды қудалап, ит терісін басына қаптайтын.


Бір күні Гүлназ түсінде алыста тұрған емші Мұрат деген кісіні көреді. Түсінде: «Мына қолымдағы қағаз сізге ұшып барды, яғни менде тіл-көз бар». Ол кісі: «Иә, сенде тіл-көз, жаман нәрсе бар», –дейді. Кейін өзінше жорып, менде тіл-көз жақ, бәрі жақсы деп шамалайды.

Гүлназ 2004 жылдан бастап өзінен-өзі бес уақыт намазға жығылады. Құданың құдіреті, Құран сүрелеріндегі аяттарды өмір бойы оқып жүргендей, намазды бір-ақ күнде жаттап алады, бұрын бір ай отырса да тақпақ жаттай алмайтын. Жайнамазда тұрса аяттар жүрегінен жыр болып құйыла береді, ал былайша не айтқанын ұмытып қалады, жатша айта алмайды. Намазға жығылғаннан бір жылдан кейін, қасында үнемі біреу жүргенін, намаз оқығанда артынан біреу түртіп тұратынын сезеді. Бір күні «Мұсылман қорғаны» деген кітапшаны оқып отырса, беті өзінен-өзі ашылады. Гүлназ жел ашқан екен деп мән бермейді. Бір кезде парақтар тағы да ашыла бастайды, парақ бетіне қаламсабын көлденең қояды, сонда да парақтар өзінен-өзі ашылуын тоқтатпайды. Сонан соң: «Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахим», – деп жүгіріп ас үйге келсе, шкафтың қақпағы өзінен-өзі ашылып-жабылады. Сасқанынан білетін аяттарын оқып, үйін аластай бастайды. Кейіннен білсе бұл әруақтың қолдауы екен.

Емшілерге бармайды, себебі Аллаға серік қосуға болмайды дегенді біреулерден естиді. Өзі дәрігер болған соң емшілердің бәрін ала аяқ деп есептейтін. Оның ойынша, емшілерге ақшасы жоқ немесе ақымақ адам ғана барады. Ауру қинағаннан кейін, бес қабат қажылыққа барған бір қария емші қартқа барады. Ол қажы, Гүлназ қанша рет барса да қабылдамайды, неше түрлі сытлау тауып «ауырып» қалады, қарағысы келмейді.

Гүлназ, тәулігіне 2 – 3 сағат ұйықтаса да аузына сағыз шайнап жататын, себебі тілі өңешіне кетіп қалады. Осы кезде біреу арқасына қолын қойып ұстап жатуы керек, себебі өліп қалған адам сияқты демі жоғалып кететін. Оның үстіне тамақ іше алмайды асқазаны картошка мен айраннан басқаны қабылдамайды, дәрігерге барса асқазаның сап-сау дейді. 80 кг салмақтан 62 кг түседі. Жүрегі шаншып, алқынып дем ала алмайды. Намазды түрегеп оқуға шамасы келмегеннен кейін, көзінің жасын көл ғып отырып оқитын. Аллаға жалбарынатын.


Дымы құрыған Гүлназ – 2007 жылдың мамыр айында Төлжан Жақсыбаев ұстайтын Алғабастағы «Сарбай атаның» ордасына келеді. Алдында бір жыл ұйықтай алмай, азап тартып жүрген Гүлназ, ордаға барып келгеннен кейін тұяқ серппей ұйықтайды. Ертеңіне көп жеңілдеп қалады.

Бір күні ордадан бата алып қайтып келе жатып пендешілік танытады. «Нұржан, сен де, мен де білімді адамдармыз, мына «аққулардың» бата беретіні, көріп-естігеніміздің бәрі шылғи өтірік», – деп айтуы мұң екен, машина теңселіп кетіп, тепе-теңдігін бұзылып аударылып қала жаздайды. Нұржан да намаз оқитын, тілін кәлимға келтіріп үлгереді. Машинаны үйге әкеп қойғанда, Гүлназ кептеліп шыға алмайды, аталар әруағы қысып басы ауырып, аяқ-қолы дірілдеп, жүрегі тарсылдай ала жөнеледі. Үйіне келгеннен кейін аталар әруағынан кешірім сұрап, әруақтың бар екеніне шүбәсіз сенеді.

4 маусымда керуенмен Түркістанға аттанады. Жол жөнекей: «Ей, Алла маған қасиет бермей-ақ қойшы», – деп тілеу тілейді. Өйтіп тілеу тілеуге болмайды, керісінше: «Е, Алла біліп және білмей істеген күнәларымды кешір, дертіме шипа бере гөр», – деп тілеу керек. Бірақ, Гүлназ бұны білмейді. Айша-Бибі ананың батасында: «Ниетіңді, тілеуіңді көріп отырмын, не білмейді деп ойлап отырсың ба? Маған қасиет бермей-ақ қойсын деп отырсың ғой. Қызым-ау, аймен, жұлдызбан сырласқан түндеріңді ұмыттың ба? 70 күннен кейін қайта келесің», – дегенде Гүлназ құлап қала жаздайды.

Түркістанға күйеуі екеуі барады, себебі әлсіздіктен біреу демеп жүрмесе құлап қалатын. Осы сапардағы 5 күнде ғаламат өзгерістер болады. Бір жыл тамақ ішпеген адам, қойдың етін өкіртіп жейді, асқазаны ауырмақ түгіл, тәбеті керемет ашылып, жеген сайын жалаңдап тұратын болды. Үйіне сап-сау, ойнап-күліп, жайраң қағып келеді.


Шілде айының 17-де керуенмен екінші барғанда Айша-Бибі ана батасында – «аққулық» және бақсылық қасиет береді. 9 тамызда «Ақ ұлдың» алдына барып, жүрегін аштырады. Осы кезден бастап жүрегі ауырғанды қойып, дені сау адамға айналады. Жүрегін ашқанда бұрын орысша оқып, қазақшаны шала-пұшық сөйлейтін адам, бата бергенде қазақшаны заулатып қоя береді. Тоқта десе, тоқтамайды.

Гүлназ қазір «аққу», елдерге бата шығарады. Өзінің ордасы бар. Көбінесе маскүнемдерді емдейді, білмейтін адамдардың ауруын дәл басып, оларға өзі білмейтін емдерді, аталардың тек қана жақсылық айтатынына, елді имандылыққа жетелегенде өзі берген батаға өзі таңқалады.

Гүлназ Рахымбайқызы, «Ата жолында» түзелген денсаулығының арқасында өмірде өз орнын тауып, Алланың ақ жолында халықты соңынан ертіп жүрген, Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалар әруақтары жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтың жетекшілігімен халықаралық «Ата жолы» қозғалысында «аққу» болып парызын өтеп, елге шарапаты мен жақсылығы тиіп, көпшіліктің батасы мен сауабын алып жүргеніне – тура жолға салған Аллаға, киелі ата-бабалардың әруақтарына шексіз ризашылығын, алғысын, шүкіршілігін күнделікті айтып отырады.







Date: 2015-07-22; view: 907; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию