Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ержанның қалықтап ұшуы





1997 жылы көктем айының жер жаңадан жылып, бозторғайлар шырылдап жатқан кезі болған. Адам айтса сенбес, таңғажайып болған оқиға. Ержандар екі «Газель» кішкене машинасына 20-21 адам тиеліп алып әулие бастарын аралайды. Домалақ ананың зиратының басына келеді.

Іштерінде сөйлейтін «аққу» Алматы облысының Ұзынағаш ауылынан Гүлмира деген келіншек. Осы жолы Арыстанбаб баба аққу Гүлмираның үнімен Ержанға «Төре жігіт» деген ат қояды.

Бір уақытта Гүлмира: «Ержан сен жатшы, саған Домалақ ана жатсын деп жатыр», – дейді. Ержан жатады, ары қарай не болғанын білмейді. Құдайдың құдіреті, осы мезетте Ержан жер бетінен кісі бойындай жерге қалықтап етпеттеп ұшып, зират ішінде отырған кісілерді айналып ұшады, кейбір ауруы бар кісінің жанына барып қолымен ем жүргізеді. Бұл таңғажайып көрініс 15-20 минут уақытқа созылады. Қарап отырған адамдар таңырқаған қалпы, сенер-сенбестерін білмей отыра береді. Ержан осы қалыптан оянар кезде өзінің қалықтап тұрған қалпын сезеді. Ішінен: «Ойпырмай, құлап қалып жерге былш ете түсер ме екенмін», – деп ойлап үлгергенше, бір белгісіз тылсым күш жерге тып еткізіп аяғымен қоя қояды. Қоршап отырған адамдар: «Ержан, сен осының ішінде қалықтап ұшып жүрдің, соны білесің бе?», – деп бәрі жапа тармағай сұрайды. Ержан тек қана қонар сәттегісін ғана білетінін айтады. Өзі де аң-таң. Ел у-шу. «Сен мені емдедің, сен менің борбайымды емдедің. Ана келіншектің жатырына қол жүргізіп оны емдедің. Ана адамның жүрегін суырардай болып оған тап-тап бердің!», – деп Ержанға көргендерін жырдай қып айтады. Дүдәмәл болып тұрған Ержан, анық қалықтап ұшқанына сонда ғана көзі жетеді. Бұл оқиғаға екі «Газель» машинасына тиеліп барған 20-21 адам тікелей куә.

Түкті Шашты Азиз бабаның кесенесінде шалқасынан жатып қалықтап 15-20 минуттай ұшады, осы ұшқанын өзі біледі. 1998-99 жылдары Сайрамнан шыға беріс жердегі Ахмет Йасауидың әкесі Ибрагим атаның басында секіріп-секіріп ұшып елді 20-25 минуттай емдейді, оны өзі жақсы біліп қалықтап секіріп ұшатынына өзі таң қалып тұрады.

Бұндай оқиға талай куә болған адамдардың көзінше Ержанның басынан өстіп 3 қабат қайталанады.

Date: 2015-07-22; view: 711; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию