Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жеті ғаламаттың есігі. Жұмақ пен тозақты көруі
1972 жылы бала күнінде әкесі қатты ауырып емханада бір жылдай жатады. Бас агроном болып қызмет істейтін Шолпанқұл ағасы ірі малдарын алып кетеді. Үйдегі қалған 4-5 биені, 40-50 шақты қой-ешкіні апасы екеуі кезектесіп бағады, түске дейін апасы, түстен кейін өзі. Бір демалыс күні оянса апасы мал жаюға кетіп қапты. Апыл-ғұпыл қауын-қарбызын жеп алып, велосипедіне міне сала жөнеледі. Барар бағытында биік төбе бар-тын. Екі аяғын велосипедінің үстіне рөлге қойып, екі қолын кеудесіне айқастырып алып еңіске қарай заулайды, қалай ұшып түскенін аңғармай да қалады. Құлағанда өліп қалғандай болады. Өлген деген осы екен ғой деп қиналып жатса: «Өй, қарағым, сен өлген жоқсың», – деп ақ жамылған бабалары Шілмембет пен Төлендінің әруақтары екі жағынан келеді де, екеуі екі қолтығынан демеп, көкке көтеріп әкетеді. Ержан сасқанынан: «Қай жаққа апарасыздар, қай жаққа апарасыздар?», – деп сұрайды. «Әй балам, сендер планета дейсіңдер, бүгін сол жеті ғаламшардың (планета) есігі ашылып тұрған күн. Саған жеті ғаламның есіктерін көрсетейік», – дейді де, таныс емес бір араға апарады. Ержанның байқағаны борпылдаған топырақ үстінде тұр екен. Ержан аталардан: «Мен қайдамын, қайда әкелдіңіздер?», – деп сұрағанда, аталары: «Сендер Ай дейсіңдер, сол Ай ғаламшарында тұрсың, қарағым!». Ержан Айдың бетін қараса, топырақтары сарғыш, кішкене тастары бар сияқты. Ержан аң-таң болып: «Ата мені мұнда не үшін әкелдіңіздер? Мен өлдім бе, әлде тірімін бе?», – деп сұрайды. «Жоқ балам, сен тірісің. Сен еліңе керексің, жұртыңа керексің», – деп бабаларының әруақтары жауап қайтарады. Бір мезетте «Балам, төмен қара! Жеріңе қара!», – дейді аталары. Ержан Айдың бетінен Жер бетіне қараса: Жер дөңестеу болып көрінеді. Жер бетінде үш жолақ – аралары мөлдір қабыршықпен бөлінген сызықты көреді, ортасындағы дөңестеу жолақта қаптаған адамдар. Оң жақ жолағында көп адамдар кітап оқып, жеміс-жидектер жеп мәз-мәйрам болып жүр. Сол жақ жолақта топырлап отқа жанып жатқан, суға ағып бара жатқан, қиналып жүрген адамдардың легін көреді. Ержан: «Ата, бұл маған неге керек? Мен қай жағына баруым керек? Оң жағына барайын ба, сол жағына барайын ба? Жаным қиналып кетті, мені баратын жағыма жіберіңдерші, аталар», – деп жалынады. «Жоқ балам, сен керек емессің о жаққа. Сен осының бәрін көру үшін, қазір сені өлтірдік – біз», – дейді аталар әруақтары. «Енді көрсетіңіздерші, жаным қиналып кетті ғой, қай жағына барам, соны көрсетіңіздерші», – дейді Ержан. «Балам, мына сызықты көріп тұрсың ба? Осы сызықпен анау көпірдің басына шығамыз», – дейді аталары. Көпір темір жолдың үстінен өтетін өтпелі доғал көпірге ұқсайды. Ержан бабаларымен бірге көтеріліп көпірдің үстіне шығады, жүре келе көпір екі айырыққа айырылады. Барса көп кісілер тұр. Мына жағында тәж киген кісілер адамдарды екі жаққа бөліп жатыр. Сол жаққа кеткен адамдардың көпірі жіп-жіңішке қыл сияқты, одан өткен адамдар солқылдап тұрған көпірдің үстімен өткенде, шайқалақтап барып – астындағы отқа, суға құлап жатыр. Оң жаққа баратындар: даңғыл жолмен ойнап-күліп, билеп алма бағының ішіне кіріп – шаттанып, мәз-мейрам болып жүр. Ортадағы жолақтағылар топырлап, қойды күпкіге айдаған сияқты аспалы көпірдің үстінен бір-бірлеп өтеді, оларды ортада тұрған қолында таяғы бар бір кісі оңға, солға бұрып тұр. Оң жақ және сол жақ қақпада тағыда бір-бір кісіден тұр. Олар бөлініп келген адамдарды қабылдап алып, әрі қарай енгізіп жатыр. Осы көріністің бәрін Ержан Ай бетінен бақылап, көріп тұр. Ержан бабалар әруақтарынан сұрайды: «Мына жыпырлаған кісілер не істеп жатыр? Неге біреулері оңға, енді біреулері солға кетіп жатыр». Сонда бабалары: «Балам, мынау жұмақ деген болады, бұлар жұмаққа өтіп жатқандар. Мынау тозақ деген болады. Өмірінде жақсылық істемеген, қорлық істеп өткен адамның барлығы осы жаққа қарай кетеді», – деп көрсетеді. Ержан айдың бетін тепкілеп, топырағын бұрқ-бұрқ еткізеді, бір қызығы топырақ жердің бетіндегі сияқты бұрқылдамай, көтерілген беті қайта қона қалады. «Енді мен қай жағына барайын, енді жіберсеңдерші», – дейді жалынып. «Жоқ, сен еліңе жұртыңа керексің. Сені тағы бір жерге апарамыз», – дейді аталары. Бабалар әруақтары Ержанды бір суық жерге апарады. «Мынау сендердің Марстарың, бұл біздің екінші есігіміз», – дейді аталары. Ержан жерге қараса тура жаңағы көргеніндей. Бір араға барғанда: «Мынаны сендер Сатурн дейсіңдер, бізше........ деп айтады» – дейді аталар. Ержанға бабалар әруақтары Айды өздерінше айтты, Марсты да басқаша айтты, сөйтіп жеті қақпаны түгел көрсетіп шығады. Бірақ біреуінен жақын, біреуінен алыс, біреуінен көз ұшында болып көрінеді. Жеті ғаламшардың жетеуінен де Жерді көрсетеді. Ержанның бәрінен көретіні алдындағы уақиға, үшке бөлініп топырлаған адамдар. Ержан барған ғаламшарлардың (планеталарының) аталар айтқан атауларына тілі келмейді, қазір ұмытып қалыпты. Ержанның есінде қалғаны Ай мен Марс, Сатурн ғаламшарлары (планеталары) қалғандары есінде жоқ. «Балам қыдырып болдың, жеті ғаламаттың есігін көрдің. Жеті ғаламаттың есігі осылар болады. Енді үйге барайық», – деп бабаларының әруақтары Ержанды қайтадан құлаған жеріне алып келеді. «Тұр енді, тұр балам!», – деп құйырығынан шапалақпен бір-екі тартып жібереді. Сол кезде Ержан есін жиып атып тұрса, апасы жақындап қалыпты. Ержан құлаған уақыт таңғы 9-10 мөлшері, ал апасының қайтатын мөлшері түстен кейінгі 3-4 аралығы. Сонда Ержан 5-6 сағат құлаған жерінде жатып қалған. Ержан тұрса төс сүйегінің айрығы ішіне кіріп кетіпті, айрық сүйек қазір де сол күйінше біткен. Апасы: «Өй, балам! Жолдың үстінде ұйықтағаның не, не түскі тамаққа келмедің?» – деп Ержанның бетінен сүйіп, үсті басындағы шаңды қағады. Велосипедін алып, қойларын апасы екеуі айдап үйлеріне қайтады. Жаңағы көргендерін апасына айтайын десе қорқады. Date: 2015-07-22; view: 933; Нарушение авторских прав |