Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Арыстанбаб баба түсіне еніп аян беруі
1997 жылы 17 ақпан күні Ержан жанында 10 кемпір бар жолға шығады. Жүргізуші Қайрат деген жігіт. Ержан Арыстанбаб бабаның басында мал шалып құдайы тамақ береді. Сол түні таңға жуық Арыстанбаб баба түсіне еніп аян береді. Ержан Арыстанбаб бабасымен тікелей тілдесіп сөйлеседі. Баба өте иықты еңгезердей, алып денелі кісі екен. Екі иығына екі-екіден төрт адам отырғандай ұлы тұлғалы адам. Бет әлпеті аққұбаша келген, сақалы кеудесіне түскен сары кісі. Арыстанбаб баба: «Балам, ел ішінде жүрсің. Мынаны ел-жұртыңа айта жүр. Жеті нанды мынандай қылып пісіру керек», – деп құшағын жайып көрсетеді. «Оны кездікпен кеспеу, шанышқымен шаншымау керек», – деп айтады. «Кездікпен кескендерің әруақтарды кездікпен кесіп, тілгілегенмен бірдей. Ал шанышқымен шаншығандарың, әруақтардың жүрегін пышақ салғанмен бірдей. Сол үшін де, нанды қолмен илеп, қолмен жұлып, оқтаумен жайып, пісіретін майға әруақтардың атын атап салу керек», – дейді. «Себебі, сендердің жеті нан таратқандықтарың арқылы біз бүкіл әруақтар, бейсембіден жұмаға қараған түні, Мекке-Мәдинаға қарай жолға шығамыз. Ал, Құран оқылмаған, жеті нан таратылмаған әруақтар Мекке-Мәдинаға жете алмай, ескерусіз қалады. Сол себептен де, біз тірілерден Құран бағыштауын сұраймыз. Осыны жүрген жеріңде айта жүр», – деп айтады да ғайып болып кетеді. Ержан оянса, таң сібірлеп атып келеді екен. Қуанышы қойнына симаған, жүрегі лүпілдеген Ержан жуынып шайынып алғаннан кейін, таңғы шәйдә Арыстанбаб баба берген батаны, көрген аянын сол жердегі ел-жұртқа жария етеді. Естіген ел таңқалып жағаларын ұстайды, тылсым дүниенің бар екеніне шүбә келтіре алмай қалады. Ержан содан бері барған, тұрған, отырған жерінде баба берген аянды үнемі айтып жүреді. Арыстан бабаның басына 1998 жылы тағы бірде барғанында, тағыда да аян алады. Онда да қарама-қарсы отырып тілдеседі. Бұрынғы алдында көрген бейнесі. «Балам, сен еліңнің, жұртыңның баласысың. Мынаны айта жүр. Зиярат етіп келушілерге мынаны түсіндір. Әулие жатқан жерден шөп, тас, топырақ алмасын. Себебі, әулие басындағы шөп ол адам болмысындағы түктер. Ал топырақ адам денесіндегі еті. Тас болса адам денесіндегі мең болады. Балам, ана мұрын тұсындағы меңіңді тартып көрші, ауыра ма екен. Ауырса сол тас біздің, яғни әруақтардың бойындағы меңі. Шөп әруақтардың бойына біткен түгі, оны сол себептен алуға болмайды деп түсіндір. Тек басымызға келгенде, еш нәрсеге тимей Құран бағыштап кеткендерің жөн», – деп аян берген. Ержан содан бері бабаның айтқандарын халық арасында айтып жүреді. 2000 жылы Арыстанбаб басына Ержан күз айында барады. Бабадан Түркістанға қарай бағыт алғанда көктен сағымдай боп екі бесік түсіп келе жатқанын көреді де, жанындағы ұстазы Сыдыққа: «Ана бесіктерді көрдіңіз бе?», – деп сұрайды. Ол кісі: «Жоқ. Егер сен көріп тұрсаң, сол түскен жеріне машинаны тоқтат», – дейді. Сол мезетте бесіктер де төбе басына түсіп үлгереді. Ержан машинаны тоқтатады. Қараса жалғыз аяқ сүрлеу төбеге қарата кеткен екен. Ілескен адамдармен бірге сол төбеге шығып қараса, барған жерлерінде ескі екі ағаш бесік бір бөлек, жалғыз бесік бір бөлек тұр екен. Бұны барған адамдар түгелдей көреді. Сонда ұстазы Сыдық: «Сенің қанша балаң бар?», – дейді. – Үш ұлым бар. – Ендеше саған Арыстанбаб бабаң тағы екі бесік силап тұр. Одан шығып Қожа Ахмет Йасауидің қызы Гаухар ананың зиратына келіп Құран бағыштайды. Сол жерде Гаухар ана Ержанның бойындағы дуасын, қаралығын шешеді. Дуаның шешілгенін ұстазы Сыдық қолындағы таспиғының шашылып кетуінен байқайды. Ұстазы Сыдық: – Ал Гаухар ана дуаңды шешті, не дейсің? – Дуамды шешсе, Алланың берген екі бесігінің бірі қыз болып дүниеге келсе Гаухар ананың атын қоямын. Тылсым дүниенің кереметтілігі: Ержанның дүниеге екі қызы келеді. Гаухар 2001 жылы шілде айының 2 жұлдызында, ал Жәмилә 2003 жылы қараша айының 7 жұлдызында дүниеге келді. Ержанның үлкен әжелерінің бірі Рахымбай атасының кемпірі Жәмилә әжей Ержанға телефон шалып: «Мына қызыңа менің атымды қой, көзімнің тірісінде балаларым атымды атап жүрсін дейді. Үлкен Жәмилә 90-ға таяп қалса, кішкентай Жәмилә 5-ке келді. Құдай бұйырса кішкентай Жәмила да, үлкен әжесі сияқты ғасырға жуық бақытты ғұмыр сүретін шығар. Date: 2015-07-22; view: 907; Нарушение авторских прав |