Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Халық Қаһарманы, ұшқыш – ғарышкер Талғат Мұсабаевтың басынан кешкендері





Жеті қат көк жүзіне үш дүркін көтеріліп, тұңғиық ғарышта ұзын саны 342 тәулік «ғұмыр кешкен» Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев есімі қазақты, Қазақстанды былай қойғанда, жалпақ жұртқа, жер – жаһанға мәлім. Ашық ғарышта жалпы қосындысы 30 сағат 8 минут болған қазақ ғарышкерінің аты жөні, басқа атақ – абыройын айтпағанда, Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

Ұлттық батырымыз, техника ғылымдарының кандидаты, генерал – майор, ұшқыш – ғарышкер Талғат Мұсабаев Мұрат Телібековпен «Караван» апталығынан ықшамдап аударылып отырған мына сұхбатында осы сапарлар кезінде ғаламдық Жаратылыс. Жаратушы Иеміз хақында көкейге түйгендері, көз көрген ғажайыптары жайында әңгімелейді.

Құран – Кәрім, «Әл – Фурхан» сүресі, 59 аят.

«Ол (Алла) сондай көктер мен жерді және екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғарышты меңгерді. Ол тым қамқор, оны білгеннен сұра».

Сұрақ: – Ғарышқа Құран алып ұшады екенсіз. Діншілсіз бе?

Талғат Мұсабаев: – Ашығын айтсам, мен де өз дәуірімнің адамы, коммунист, қызылкөз атеистің өзі едім. Бұл дүниетанымым отыз жылдан асып барып өзгерді. Өзгерткен негізгі себеп – ғарышқа ұшуым болды.

Сұрақ: – Сонда ғарышта Жаратушының өзіңізге қатысын сездіңіз бе?

Талғат Мұсабаев: – Ғарышта ажалдың аузынан қалған жағдайларым болды. Біреуін ғана айтайын. Ашық ғарышқа шыққан кезімде, мені кемеге бекітіп, ұстап тұратын тетік ажырап кетсін. Біртіндеп тұңғиыққа шым батып бара жаттым. Айтары жоқ сұмдық еді. Көз алдымнан жалт-жұлт ойнап, әпсәтте бүкіл ғұмырым өте шықты. Тірі қалуым мүмкін емес-тін. Бұрын-соңды ескерілмеген, ескерілмек түгіл ойға келмеген хал. Ауа қоры 8 – сағатқа жетеді. Одан әрі қапысыз, бұлтартпайтын, жалтартпайтын ажал. Міне, осы сәтте адам айтса нанғысыз таңғажайып оқиға болды. Қайтадан кеменің, зулап бара жатқан ғарыш кемесінің үстінен бір-ақ шықтым. Денеме ештеңе тимей-ақ, жұғысып, итермей-ақ әлдебір құдырет құрдымнан суырып алды. Ешқандай қисынға келмейді, түсінікке симайды.

Бір бұл емес осындай жағдай талай рет қайталанды. Үстімізден бақылап, бәрін орын-орнына келтіріп тұрған әлдебір Қорғаушының бар екенін кәміл аңғардық. Бұл сезім менімен әрқашан бірге болады.

Сұрақ: – Ғарыш сапарынан кейін өзіңізден қандай өзгеріс байқадыңыз?

Талғат Мұсабаев: – Мүлдем басқа адамға айналдым. Тұрмыс-тіршілігім, маңайыма көзқарасым, қарым-қатынасым өзгерді. Маған кісінің жан – дүниесі анағұрлым түсінікті. Ең бастысы – бұл дүниеде кездойсоқ ештеңенің жоқ екенін анық ұқтым. Күн мен жердің, ғарыштық станциялардың, адам өмірінің, ненің болмасын қозғалыс, қаракеті белгілі бір тәртіпке, реттілікке бағынатынына көзім жетті.

Мен ғарышта әдеби таланты жоқ адамның өлең жазып, ғұмыры бір аспапта ойнап көрмеген адамның музыка шығарып кеткенінің талай мысалын білемін.

Сұрақ: – Ғарышта адам Жаратқан Иесіне бір табан жақын десек, қателеспейміз бе?


Талғат Мұсабаев: – Жаратушының тіршілігіңізге қатысын онда, әлгінде айтқанымдай, соншалықты айқын сезінесіз. Ғарыш жаратылысы – қайран қаларлықтай үйлесімді. Біздің планетамызбен салыстырып қарағанда таңырқамай тұра алмайсыз. Жер – болмашы бір түйіршік қана. Ал адам сондағы бір тозаң сияқты.

Сұрақ: – Ғарышты елсіз шөл дала іспетті дейді...

Талғат Мұсабаев: – Әрине, онда өзіміздің жердегідей үйреншікті өмір жоқ. Бірақ, неге екенін қайдам, ғарыштың басқа қалып, басқа күйдегі тіршілік иелеріне толы екеніне кәміл сенімдімін. Тек олардың белгілері көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді. Өздерінің барлығын әсте байқатпайды.

Өз басым олардың қасымызда жүргенін қалайда түйсіндім. Тек көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Жалпы маған жердегі тіршілік Жаратушының жүргізіп отырған сынағы сияқты көрінеді де тұрады.

Сұрақ: – Ғарышқа ұшардың алдында әлдебір рәсімдер орындадыңыз ба?

Талғат Мұсабаев: – Әр жолы аттанарда бала күнімде жаттаған дұға сөздерін қайталадым. Ал ұшардың алдында қашанда молдадан бата алдым. Бүгін біреулер күлетін шығар, алайда мен ғарыштық сапарларымның көбіне-көп осы себепті сәтті өткеніне сенімдімін. Әрине, Құран кітапты өзіммен бірге алып ұшатыным өз алдына бір рәсім...

Сұрақ: – Ғарыштан Мекке қалай көрінеді екен?

Талғат Мұсабаев: – Мен намаз оқымаймын. Ораза ұстамаймын, қажыға барған жоқпын. Соған қарамастан Сауд Арабиясы жарты аралының үстінен өткен кезде үнемі әлдебір айырықша әсер сезіндім. Былай қарағанда, ол әшейін құба жон, жер бетінде ондай шөл дала аз емес. Бірақ оны басқа еш жермен шатастырмайсың. Тіпті түр-түсіне дейін бөлек.. Суретінің өзінен көрініп тұр.

Тәржімалаған С. Бұқарбайұлы.

«Отбасы және Денсаулық» журналы, №6 – 2005 ж.







Date: 2015-07-22; view: 1015; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию