Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы – адамдар мен әруақтардың арасындағы байланыс
Әрбір кісі жақсылық үшін жаралған, сол жолды ұстаса бәле жаладан аулақ болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Болмыс рухани және материалдық әлемдерден құралады. Бүкіл болмысты жаратушы Алла тағала Өзінің рухани қуатымен, шапағат нұрымен басқарады. Жаратушының рухани қуатын исламда Алла тағаланың шапағат нұры деп атайды. Бұл нұр, немесе рухани қуат, рухани әлемді құрайды. Адамның материалдық болмысы тәрізді, материалдық әлем де көзге көрінетін көрнеу және көрінбейтін нәзік әлем болып екіге бөлінеді. Ал бұлардан жоғары және барлығын басқаратын рухани әлем бар. Рухани әлем тек қана рухани болмыстан құралады. Жоғарыда көрсетілгендей, адамның рухани болмысы жан мен рухтан құралса, ал материалдық болмысы тән мен нәзік болмыстан (психо-энергетикалық) құралады. Жан материалдық болмысын өзінің рухы арқылы басқарады. Ал рух тәнмен оның нәзік денелері арқылы байланысады. Енді микрокосм болып табылатын адам мен макрокосм материалдық әлемді салыстыра отырып, әлем құрылысын да түсінуге болады. Жан денені өзінің рухымен басқаратыны тәрізді, Алла тағала да заттық әлемді рухани әлем арқылы басқарып, онымен үздіксіз байланыста болады. Ал рухани әлем заттық әлеммен нәзік әлем арқылы байланысады. Заттық әлемдегі жетілген жандар адамдар болса, ал нәзік әлемдегі жетілген жандар періштелер (әруақтар) болып табылады. Сондықтан заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы дегеніміз – адамдар мен әруақтардың арасындағы байланыс болып табылады. Осыдан нәзік әлемдегі әруақтар заттық әлемдегі адамдармен үнемі байланысып, олардың іс-әрекеттерін басқарып, кезінде көмегін беріп отыратынын түсінуге болады. Нәзік әлем рухани әлемнің, ал рухани әлем Алла тағаланың құралы ғана болғандықтан, нәзік әлем Жаратушының ықпалынан ешқашан да шықпай, соның «әмірінде» болады. Жаратушы заттық әлемді осылай нәзік әлемдер арқылы басқарады. Сондықтан Алла тағалаға тек қана нәзік әлемдер арқылы қайтуға болады. Көрнеу әлемде жан иелері тәндерін тастағаннан кейін нәзік әлемге өтіп, әруаққа айналып, сонда өзінің өмірін жалғастырады. Адамнан төменгі жан иелері нәзік әлемде ұзақ болмайды. Олардың адам тәрізді ақыл-есі мен еркі болмағандықтан, түрлі әруақтардың көмегімен олар бірден өздеріне келесі тән алады. Осылай олар инстинкт бойынша келесі даму түріне көтеріліп, жетілу жолында ақырындап жылжи береді. Бүкіл тіршілік көрінісі рухани және заттық негізден құралатыны белгілі. Рухани болмысқа сенудің ешқандай да зияны жоқ. Керісінше, ол болмыстың біртұтастығын түсінуге мүмкіндік беріп, сана-сезім, ой-өрісті жаңа деңгейге көтереді. Бірақ, заттық өркениет басым болып тұрған заманда мұны әркім бірден түсініп, оған толық сеніп кете бермейді. Осылай мәселе таным мен сенімге келіп тіреледі. Осыны халықаралық «Ата жолы» қозғалысы – Құдайдың құдіретімен, «аққулар мен сұңқарлар» киелі аталар әруақтарының батасын жеткізу арқылы түсіндіреді. Date: 2015-07-22; view: 829; Нарушение авторских прав |