Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақ еліндегі әруақтар қозғалысы
Адамға Алла тағала жағынан діни насихат келіп жетсе, ол Алланың берген қазынасы, шүкіршілік етіп қабыл ал, алмасаң күнәкәр боласың. Алла тағаланың қаһарына ұшырайсың. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Осы қозғалыстың болатынын 40 жасында көріпкелдік қасиеті қонған – Францияда Сен-Реми қаласында 1503 жылы дүниеге келген Мишель Нострадамус болжап, айтып, жазып кеткен. 1997 – ақпан айы болатын, Таңға жуық аян алдым, алдыма жол салатын. Нөсер жауған шелектетіп көк аспаннан төбеме, «Сыйын», – деді бес атаңа, көтереді көгіне. Аманаты бес атаңның болсын саған бұйырық, Күш-жігерің, ақыл-ойың бұзсын қамал қиындық. Түктібайдай әулие атаң, ақылына ілескін, Сүйінбайдың ақ ниеті, ақтығымен жүрерсің. Сарыбайдай батыр бабаң, тектіліктің ұраны, Сабыр тоқтау, тоқтам салу батырлықтың нышаны, Қызыр шашып, Жамбыл атаң кеңдігіне төріне, Қайназардың қайсарлығын қару ұста өзіңе. Тірлігінде бір-бірімен жүздес болған бес атам, Ол жақта да жиналыпты әруақ боп бір тұтам. Бес саусағың құралғанда болады ғой жұдырық, Торға түстім, жұдырыққа жүрген менде құтырып. Шыр етіп дүниеге келген кезің есімде, Бата жасап, әруақтар тұрған едік біздер де. Аян беріп есіміңді Қыдырәлі атадық, Еліне «Алла жолын бастар ұл», – деп бата ғып. Бас иемін бес атама биіктерге жол салған, Бүгінгі күн басқа адаммын, өзгертілген ой – санам. Замандастар, құлақ салсын сенімсіздік болмасын, Әруақтар осы жолда ұрпақтарын қолдасын. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ», халайық, Келген «бақты» мықтап ұстап қалайық. Шыңда тұрып, қазақ біткен әлемге жар салайық, «Алла» атымен әруақтар салған жолды ғажайып. «Ақ ұл», – Қыдырәлі Тарыбаев
Алланың құдіретімен – киелі ата-бабалар әруақтарының адамзатқа беретін көмектерінің нақтылы дәлелі, бұлтартпас айдан анық ақиқаты – қазіргі кездегі біздің елде кең етек жайып, өріс ала бастаған «Ата жолы» қозғалысы. Елімізде қайта құру заманы басталып, бұрынғы үйреншікті өмір бұзылып, халық алды бұлыңғырланып, қайда барарын білмей, сенделе бастаған кезде қазақ халқының жоғары әруақтары жиналып, кеңес құрып, өз халқына көмекке келуге ұйғарған екен. Бұл туралы әруақтардың өздері хабарлайды. Әруақтар халыққа өздерінің ықпалын көрсету үшін жердегілердің арасынан өздеріне ыңғайлы адамдарды таңдап, солар арқылы жерге хабар бере бастаған. Батыс елдеріне ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бір ғасырдай бойы әруақтар өз көмегін беріп, бүкіл адамзат өркениетіне зор ықпалын тигізді. Енді сол көмек біздің елге, Қазақстанға келіп отыр. Әруақтар қозғалысының шығу тарихына қысқаша тоқтала кететін болсақ, ол былай екен. Әруақтар әуелі Алматы облысында тұратын Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаев деген азаматты таңдап, оны өздерінің алғашқы хабаршысы етіп алады. Ол ауылда туып-өскен, қарапайым адам ретінде бұрын ешқандай да ерекшеліктерімен көзге түспеген. Бір күндері оған адамға көрінбейтін жоғары әлемдерден түрлі құбылыстар білініп, хабарлар келе бастаған. Сонан кейін әруақтар халық үшін оған ерекше міндет жүктелетінін жеткізіп 1997 жылы аян береді. Әруақтар Қыдырәлінің қандай міндеті барын түсіндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге, ол міндетті орындайтын қуат, ерекше қасиет пен белгі де берген. Осылай ол халық арасында, киелі ата-бабалар әруақтарының ықпалын тарата бастаған. Қырық кісі және одан да көп кісі белгілі бір іске куәлік берсе, Алла тағала олардың куәліктерін қабыл алады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Қыдырәлі алақанындағы Алланың мөрінің құдіретімен, Айша Бибі ананың әруағы таңдаған адамға, белгілі бір ерекше қасиет беріп, жүрегін ашады. Сол қасиеттің арқасында ол адам әруақтарды «еститін» болып, олардың айтқанын жүрек арқылы қабылдап, пенделерге өздерінің ауыздарымен бұлжытпастан хабарлап отырады. Киелі ата-бабалар әруақтары Қыдырәлінің өзін «Ақ ұл» деп атаған. Киелі ата-бабалар әруақтарының батасын жеткізетін қыз-келіншектерді «аққу», ал ер адамдарды «сұңқар» дейді. Олардың басын біріктіретін ұйымды әуелі «Ақ жол» деп, кейіннен «Ата жолы» қозғалысы деп атады. Осы арада өте маңызды бір істің басын шешіп алу керек. Біз әруақтардың адам мен Алла тағаланың арасындағы тек қана дәнекер (медиум) екенін ұмытпауымыз керек. Мұны ұмытып, тек қана әруақтарға табынып кетуді Алла тағала ұнатпайды, кейде бұл үшін жазасын да береді. Есіңізде болсын! Алла тағаланы ұмытып, тек қана әруақтардың көмегіне бой ұрып кеткенде сынаққа түсіп кетесіз, өмірден сабақ аласыз. Сондықтан, әруақтар Алла тағаланың әмірінсіз өз беттерімен ештеңені де жасамайтынын үнемі есте ұстау керек. Тек қана әруаққа табынып, негізгі мақсатты – Алла тағаланы, ұмыту өте үлкен қателік болып табылады. ХIХ ғасырда батыс елдеріндегі әруақтар қозғалысына болған әуелгі қарсылық, қазіргі кезде біздің елде де өріс алып отыр. Әруақтар Алла тағаланы ұмыттырады деп қорқатын кейбір діндарлар, сонымен бірге, әруақтың кім екенін білмей, тек қана жалаң саясат ықпалымен жүрген кейбір оқыған азаматтар бұл қозғалысқа үлкен қарсылық көрсетіп жүргендері белгілі. Қабірге (мазарларға) зиярат етіңдер, олар әлбетте сіздерге ақыретті естеріңізге салады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Бірақ қазақ халқы тәңіризмнен қалған өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан әруақтарды еске алу рәсімін ұмыта алмайды ғой. Қазақ халқында арғы ата-тегінен, ертеден келе жатқан әруақты еске алу рәсімі бар. Адам марқұм болған соң оның үші, жетісі, қырқы және жылын беру деген рәсімдер бар. Бұл кезде әруаққа арналып дұға оқылып, Құран бағышталып, бата жасалып, оның жақсы істері, қасиеттері еске алынып әңгіме болады. Осының барлығы әруақтардың разы болуы үшін, олардың Алла тағалаға жолын жеңілдету үшін және артында қалған туған-туысқандарымен байланысын үзбеу үшін жасалады. Өкінішке қарай көп жағдайларда бұл дәстүрдің маңызы мен мағынасы халыққа түсіндірілмейді. Алла тағала мен әруақты ұмытпауды бір-бірімен үйлестіріп, олардың байланысын халыққа түсіндіре білу керек. Бұл мәселеде сыңаржақтық жараспайды. Шын мәнінде бұлардың арасында ешқандай да қайшылық жоқ. Олар бірігіп, бірін бірі толықтыра отырып, адам өмірін болмыс өмірімен үйлесімге келтіреді. Нострадамус болжамы бойынша Жоғарғы нәзік әлем тарапынан келетін өкілдердің (визионеры) сәйкес белгілері: Адамды ниетіне қарай тірілтеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Гаутама Будда үйретті: Дхарма Дөңгелегі (ақиқат туралы ілім) өзінің алғашқы қарқынын ұлы дөңгелек сияқты, әрбір 2500 жылда бір бәсеңдетеді. «Майтерия-дос» атты адамзаттың келесі ұлы ұстазы 2000 жылдары пайда болып, діннің ақиқатын іздеп жүргендердің қуатын қалпына келтіріп, «дөңгелекке» жаңа қарқын береді. Нострадамус бұны өзінің көріпкелдігінің 24-ші катранының 4-ші Центуринда дәйектейді.
Джон Хоуг өзінің «Нострадамус. Новые откровения» атты кітабында адамзатқа келген Алланы танытатын ұлы адамдардың Нострадамус бойынша сегіз белгісі болуы керек. Кітап авторы Джон Хоуг осыны төмендегі таблицада былай деп келтіреді:
Ескерту: Бұл таблицаға «Ақ-ұлды» кітап авторлары Нострадамус болжамына сәйкес өз тараптарынан кіргізіп отыр. Кімде кім адамдарды риза етемін деп Алла тағаланың қаһары келетін істі істесе, Алла тағала оны адамдарға тапсырады. Кімде кім Алла тағаланы риза етемін деп адамдардың қаһары келетін іс істесе, оған адамдардан келетін зиян іске Алла тағала қарсы тұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ұстазы, Жоғарғы нәзік әлемнен киелі ата-бабалар әруақтары жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтың – Нострадамус болжамы бойынша сәйкес келетін 8 белгілері: Date: 2015-07-22; view: 906; Нарушение авторских прав |