Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аққулар» мен «сұңқарлар» дегеніміз кімдер?





Кейбір адамдар, жұрттың көзіне пейішті елестететіндей жұмыстар істейді, бірақта ол әрекеттер дозақы әрекеттер. Кейбір адамдар қиын істер істейді, бірақ олар адамдарға пейіштей жағдай жасауға арналған. Әрине, істелген істер біткен қортындысы мен бағаланады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

«Аққулар» деп әруақтармен тікелей байланысқа түсіп сөйлесе алатын қыз-келіншектер, «сұңқарлар» дегеніміз ер адамдар, ғылыми тілде айтсақ – медиумдар. Әруақтар осы «аққулар» мен «сұңқарлардың» нәзік денесі мен тәнін пендемен сөйлесу үшін қолданады, осылардың жүрегіне сөздерін салып, олардың аузымен, тілімен, үнімен өздерінің баталары мен тілектерін жеткізеді. «Аққулар» мен «сұңқарлар» үн таспа сияқты, киелі ата-бабалар әруақтарының айтқан сөздерін жүректерімен қабылдап, пәндік әлемге өз үндерімен дауыстап жеткізіп қана айтады.

Құдайдың құдіретімен киелі ата-бабалардың әруақтары, сұңқарлар мен аққулардың үнімен перзентке зар болып жүрген ерлі-зайыпты жас жұбайларға пәлен уақытта сәбилі боласыңдар, атын осылай деп қоясыңдар деп, айтқан кезде әлгі жас жұбайлардың қуаныштан егіліп жылағанын көрген кезді тілмен суреттеп айтып жеткізу мүмкін емес. Сондай-ақ өткен қателіктерін, адасуларын айтқан кездегі пенделердің қатар тұрып егіле жылағанын көрген пенде өмірдің алдамшы екенін, имандылықтан басқа жол жоқ екенін бар болмысымен сезіп, Алланың құдіретін мойындап, өз өмірін – тағдырын өзгертіп қайтады деп айтсақ артық болмас.

Былайша айтқанда сұңқарлар мен аққулар – әруақ пен пенде арасын сөзбен байланыстырып тұрған дәнекер. Осы «аққулар» мен «сұңқарларды»: жүрегінің, ниетінің тазалығына байланысты пенделер ішінен Айша Бибі анамыздың әруағы өзі таңдап алады. Осы таңдап алған пенделер: Фәни – (пәндік, материалдық) әлеммен, бақи – (нәзік, рухани) әлем арасындағы немесе о дүние мен бұ дүние арасындағы әруақтардың сөзін жүрекпен қабылдып жеткізетін дәнекер.

Әруақтар түрлі әдістермен келуі мүмкін. Кейбір естуші медиумдар деп аталатын адамдар оларды естиді, сөйтіп олармен «аққулар мен сұңқарлар» тәрізді сөйлесе алады. Кейбір адамдар көреді. Бұлар көретін медиумдар. Көрінетін әруақтар өздерінің тірі кездеріндегідей қалып алады, кейде тіпті бұрынғы дене кемістіктерін де көрсетуі мүмкін. Бірақ анық емес, бұлыңғыр болады. Кейде оларды адамнан айыру өте қиын болып, оның қолын да қысып, сөйлесіп кеткен жағдайлар болған. Олардың адам емес екенін кенеттен жоқ болып кетуінен ғана білуге болады.

Әруақтарды көру өте сирек болады. Бірақ өмірде кездеседі. Тәннен босанған әруақ өзінің туған-туысқандарын, достарын көруге асығады. Ол өзінің басқа әлемге өткенін, бірақ тірі екенін білдіргісі келеді. Білмеген адамдар мұны тылсым дүниесіне жатқызар еді. Бірақ оның қалай болатынын білгендерге мұның ешқандай да тылсымдығы жоқ, барлығы табиғи заңдылыққа бағынады.

 

«Тағдырдың жарлығын бiлесiздер – өзгерiлмейдi. Дүние бiрқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бiр қалыпты тұрмайды. Әрбiр мақұлыққа Құдай тағала бiрқалыпты тұрмақты берген жоқ». Абай


 

Біз сияқты әруақтардың да өз дүниелері бар. Әр қайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң: рухымыз, жанымыз және нәзік денеміз бірігіп – әруақ боламыз. Нәзік дене де, тұрпайы тән де жансыз ешнәрсе сезбейді. Ортақ дене, яғни нәзік дене, адамның тірі кезінде денеде болса, ал өлгеннен кейін жанмен бірге о дүниеге, яғни жоғары нәзік әлемдерге өтіп, біржола бар болып – әруаққа айналады. Біржола бар болу деп, бұл арада әруақтың өз әлеміне өтті дегенді білдірсе керек. Себебі бұл әлем әруақ үшін уақытша ғана өзіне тәжірибе алуына, не болмаса әрі қарай тазарып жоғары өрлеуі үшін жіберліген сынақ болып табылады.

Жан (әруақ) тәнге матаулы тұрғандықтан, ол өзінің тұрағы бұзылар деп тән қамын жеп тыныштық таппайды. Жанның тыныштық таппауының себебі, міне, осында жатыр! Жан тәнді ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін Зұлымдық пен Айланы қылады сеп. Не себептен ол Зұлымдық пен Айланы сеп қылады. Себебі, жан фәни әлемнің былғанышымен былғанып, нәпсі ықпалына түскен. Бұл – әлемдегі барлық зардаптардың себебі!







Date: 2015-07-22; view: 1025; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию