Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Асиет қонған Нұржиян Әйтекешованың «аққу» болуы





 

Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы Ш. Уалиханов көшесі №16 үй. Нұржиян Тілегенқызы Әйтекешованың телефоны: 8 702 431 97 43;

Пайдалы ілімдерді үйретуші адамдардың күнәларын кешіруді әрбір зат, тіпті теңіздегі балықтар да жалынып сұрайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Нұржиян Тілегенқызы Әйтекешова 1962 жылы қазанның 2 жұлдызында Батыс Қазақстан (Орал) облысының Фурман ауылында дүниеге келген. Негізігі мамандығы акушер. Күйеуі Бауыржан Қабдықайұлы Әйтекешов – мамандығы жоғары білімді мал дәрігері. Нұржан, Ержан деген азамат болып қалған екі ұлдары бар.

Нұржиян жас күнінен көп қиыншылық көріп ауырады. 1996 жылы шашы түгел түсіп қалады. Шашының түсуі төбесінен басталды. Төбесіндегі ембегі (родничок) жұқарып, кішкентай жаңа туған баланыкі сияқты былқылдап қалады. Әкесі қызыма дұға салынды деп «Ақ анаға» алып барады. Осы жерде сегіз ай ем алады. Түркістанға барып келгеннен кейін шашы қайта шығып ембегі қатайып жабылады.

Нұржиянға: «Сенің бойыңда қасиетің бар, қасиетіңді алу керек», – дейді.

– Жоқ, мен қасиетімді алмаймын. Тек Аллаға құлшылық етіп, Алланың жолымен жүремін.

Нұржиян Аллаға құлшылық етіп, бес уақыт намазын оқып, таза имандылық жолымен жүреді. Анда-санда «Ақ ананың» ордасына барып тазаланып тұрады, бірақта кейін осы жолдан кетіп қалады. Онан соң қайтадан демікпемен ауырады (бронхиальный астма). Сөйтіп жүргенде бір көршісі «Еңбекші» ауылындағы егделеу келген емші түрік әйеліне алып барады.

– Балам, сенің бойыңда қасиетің бар. Ұстамасаң болмайды. Өзіңе қиын болады. Қазір әруақтардың жолы оянып жатыр, бес ата деген киелі аталар әруақтары оянды. Тым болмаса бес атаның басына барып батасын ал.

– Апай, менің күйеуім осыны түсінбейді, өзіме шатырың кетіп қалған деп ұрсады.

– Олай болса, күйеуіңді менің алдыма алып кел, әуселесін көріп алайын.

Нұржиян Бауыржанды алдап-сулап емші түрік әйеліне апарады.

– Сен бала неге әйеліңе қыжалат саласың? Неге алдынан шығасың? Білесің бе, бұл баланың қасиетінің сондай зор екенін. Соның қадірін түсінбей жүрсің, сен бала!

Сонан кейін Бауыржанның көзінше:

– Балам, қорықпай құмалағыңды шашып сөйлеп, қолыңа қамшыңды алып кісілерді емдей бер.

Бауыржан үйге келгеннен кейін:

– Ей, тәуіп! Құмалағыңды шашып жіберші, маған құмалағың не дер екен? – деп күнделікті келемеждеп мазақтай берген соң, Нұржиян қолына құмалағын ұстай алмай қалады.

Нұржиян күндердің күнінде бес атаны іздеп шығып, жол-жөнекей сіңілісі Света Тілегенқызы Төлегенованың үйіне соғады. Барса бес атаға барып келіпті. Көргендерін жырдай қылып айтып береді. Ол жерге Күлайхан деген кісі апарады екен, оның мекен-жайын, телефонын сұрап алады да, сол кісінің үйіне барады.

– Балам, қасиетің зор екен, бұны ұстамасаң болмайды. Сені бес ата баяғыда қолдаған екен.

Нұржиян есіне түсірсе айтқаны рас болып шығады. «1990 жылы ес-түссіз ауырып (кома) қалдым. Ес-түссіз жатқан кезімде, бір үлкен келбетті, күміс сақалды ақсақал келіп қолын қабырғамның астына дейін тығып жіберіп көк бауырымдағы (селезёнка) тасымды алып операция жасады. Өзім өмір мен өлімнің арасында жатсам да, бәрін сезіп, көріп жаттым. Ол кезде мен бес ата туралы түк те білмейтінмін».


Нұржиян ауырғанға дейін майлы тамақ жесе жүрегі айнып құсқысы келеді екен, операциядан кейін өзін күрт жақсы сезіне бастайды. Ол өзін емдеген, не өз ата-бабасының, не нағашы жұртының бір әруағы екен деп шамалапты.

Кейіннен өзін емдеген Түктібай атаның әруағы екенін бес атаға барғанда суретінен қарап біледі. Түктібай атаның бейнесі тура суретте бейнеленген қалпы екен.

Күйеуі әйелін шақырса, дұға (тілек) үстінде отырса да, дұғасын тоқтатып күйеуінің алдына келуі керек. Күйеуі рұқсат бермесе әйел нәпіл (қаза болған) тұта алмайды, себебі парыз оразаны рұқсатсыз тұтады. Еркектен рұқсатсыз біреуге, бір нәрсе бермесін. Егер берсе сауабы еркекке, күнәсі әйелге болып қалады. Әйел еркектен рұқсатсыз бір жаққа кетпеуі керек, кетсе үйге келгенше періштелер лағнет айтып тұрады. Күйеуі зәлім болса да, ол үйге оралғанша Алла тағала және періштелер оған қарғыс айтады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Бес атаға барғаннан соң, іле-шала Түркістанға сапар шегу керек болды. Ол кезде Нұржиян да, Бауыржан да жұмыссыз болатын. Қаражат жоқ. Енді не істеу керек?

Әр дүниені Алланың құдіретімен аталардың реттеп отыратынына Нұржиянның осы сәтте көзі жетеді. Бауыржан мал дәрігері, жәй кезде келмейтін адамдар, малдарын емдету үшін Бауыржанға күнделікті үш тәулік бойы тыным таптырған жоқ. Бірінен кейі бірі, күн демей, түн демей үйлеріне шақырады. Сіңбіруге де мұршасы жоқ. Үш күннің ішінде біраз қаражат табылды. Бауыржан рұхсатын беріп, Нұржиянның қалтасына жол пұлын салып Түркістанға аттандырады. Ол кезде керуеннің жол пұлы тапқан қаражаттан сәл қымбаттау болатын.

Нұржиян Күләйхан апайына телефон шалып:

– Апай, мендегі қаражат біраз жетіңкіремей тұр, Түркістанға бара аламын ба?

– Тұра-тұр, мен «Ақ ұлдан» сұрап көрейін, рұхсат берсе барасың.

«Ақ ұл» барсын деп рұхсатын береді. Нұржиян қалтасындағы ақшасымен, кезінде өлемін деп жинаған 25 метр ақтығымен жолға шығады. Түркістанға осылайша аш-жалаңаш екеніне қарамай, барып зиярат етіп қайтады. Арыстанбаб бабаның басына барғанда ата батасында: «Бала біраз қиқаңдадың, енді қиқаңдасаң не өзіңе, не балаңа көр дайын тұр». Нұржиян қорыққанынан жылап: «Жоқ ата, осы ата жолында өле-өлгенше қызмет істеймін», – деп ант беріп, Алланың берген қасиетін қабыл алады.


Нұржиян Түркістанға барып келгеннен бір жылдан кейін, қайта өскен шашы ұйпа-тұйпа, киіз сияқты болып тарауға келмей қалады. Әкесі мен шешесі өзіңді-өзің күтпейсің, шашыңды тарамайсың, сен бір жынданып қағынып кеткен адамсың деп түсінбей күнделікті ұрса береді. Сонан соң өзі ашылған Түктібай ата әруағынан шашын кесуге рұхсат сұрайды, сауал қояды: «Ата, сіз менің шашымды кесуге Алла тағаладан рұхсат алып беріңізші», – деп. Атаның жауабын бір апта тосады. Бір аптадан кейін Түктібай атаның әруағы: «Қайтейін, бұл да бір Алланың берген қасиеті еді, адамдарың күн бермей тисіп жатса бала, Алланың рұхсатымен шашыңды кес, бірақ жарыңа кестір», – деді. Сонда Бауыржан 2,5 сағат бойы қайшымен қиғалақтап әзер қияды. Бауыржан кесіп жатып: «Албасты, әке-шешең айтса айтқандай, мына шашыңды тарамай, ұйыстырып киіз қылып жібергенсің», – деп ұрсады. Сонан кейін қайшыға ілінбеген шашты ұстарамен қырған кезде, жерге түскен қылтанақ шаштар өзінен-өзі ұйысып, бір-біріне жиналып топтаса бастайды да, бір бүтінге айналады. Мұндай кереметті көрген Бауыржан тізерлей отыра қалып: «Нұржиян, кешірші мені. Түсінбеушіліктен бір әңгіме айтып едім, қайтып алдым», – деп үш қайтара кешірім сұрайды.

Осы топтасып жиналған шаш та, қайшымен кесіліп ұйысып қалған шаш та қазіргі күні Нұржиянның өз қолында, келіп көрген адамдар таң-тамаша қалып, Алланың құдіреттілігіне, тылсым дүниенің бар екеніне шек келтіре алмай қалады.

Нұржиян Тілегенқызы содан бері Алланың ақ жолында халықты соңынан ертіп жүрген, халықаралық «Ата жолы» қозғалысының, өзінің де тікелей ұстазы, Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалардың әруақтарының жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтың жетекшілігімен, осы халықаралық «Ата жолы» қозғалысында «аққу» болып жан-тәнімен өзінің абыройлы борышын атқаруда: талай пенделердің имандылық жолына түсуіне, талай пенделердің тұрмысын түзетуіне, кейбір пенделердің сәбилі болуына, енді біреулердің созылмалы ауруларынан айығуларына септігі тиіп жүрген аяулы да, адал, адамгершілігі мол, алдамшы дүниеге құнықпайтын «аққу» қыздарымыздың біреуі.







Date: 2015-07-22; view: 753; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию