Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бір болыңыз бәріңіз
Ахиретке барғанда, Хақ қасына тұрғанда, Қыдырдың өзі болғай жарыңыз! Асан Қайғы Сәбитұлы ХY- ХYI ғ.
Нәзира Өмірбекқызы Қыдырбаева 1966 жылы, қаңтар айының 27 жұлдызында, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында дүниеге келген. 5 жасынан бастап Қызылордадағы қасиетті Қорасан баба әулиенің жанындағы ауылда өседі. 1990 жылы Алматы қаласындағы шет тілдер институтының француз-қазақ тілі бөлімін бітіреді, 2002 жылы қосымша Қазақ қыздар педогогика институтының қазақ тілі филология бөлімін бітіріп, филолог мамандығын алып шығады. Талай жылдар мұғалім болып қызмет атқарады. Тұңғышы Алма дәрігер, екіншісі Жандос, кенжесі Әбубәкір. Нәзираның өзі11 ағайынды. Әкесі Өмірбек Райымбекұлы Қыдырбаев сол өңірде талай колхоз, совхоздарға басшы болып, ел басқарған адам. 1993 жылы 67 жасында Қызылорда облысының Жаңақорған ауылының жанындағы ата-бабалары жатқан Қарасопы әулиенің жанында мәңгілік сая табады. Анасы Жүзімкүл Сәкенқызы да 1993 жылы қайтыс болады. 2003 жылы Нәзираға әкесі аян береді: «Басымды мал басып жатыр», – деп. Нәзира сол жылы әкесінің басын көтеріп, кесене тұрғызады. 1997 жылы Нәзираның бес жарым жасар ұлы Жандос қатты ауырады. Сусамыр (қант ауруы) болып, екі көзі көрмей, аяғынан жүре алмай қалады. Бармаған дәрігері, қаралмаған профессорлары қалмайды, бірақта ешқандай нәтиже болмайды. Олар анасы Нәзираға: «Бұл бала адам болмайды, өмірден өтеді», – деп қорытынды жасайды. Нәзира Өмірбекқызы, ұлы Жандосты сол жылы үш мәрте Арыстанбаб бабаның басына апарады. Баба батасында: «Өзім жетегіме аламын», – дейді. Содан бастап Жандостың беті бері қарай бастайды. Біртіндеп Бес атаға, Қожа Ахмет Йасауи бабаға, Айша-Бибі анаға, Қызылордадағы қасиетті пайғамбарымыздың ұрпағы Қорасан Әбдіжәлел әулиелердің басына апарады. Сол кезде Жандос: «Мама, менің ішек-қарнымды бір ата аударып сыртқа шығарып жатыр», – дейді. Жаратушының жәрдемімен, киелі аталар әруақтарының – іш-құрылысына жасаған операциясынан кейін Жандос мүлдем жазылып кетеді. Қазір 17-де, дені сау азамат болып өсіп жетілді. Осындай тылсым жағдайды көрген «Ақ ұл»: «Сенің ата-бабаларың қасиетті, киелі адамдар болған екен, егер үрім-бұтағың аман қалсын десең осы жолды ұстан», – дейді. Іле-шала Нәзира Өмірбекқызы «Асан қайғы ата» ордасын ашады. «Аққу» Нәзира Өмірбекқызының шырақ жағып, халықты соңынан ертіп, имандылыққа бет бұрғызып, ауруларға шипа, адасқандарды түзу жолға, жолы болмай жүргендердің жолын, бағы ашылмай жүргендердің бағын ашып, халқына қызмет істеп жүргеніне 11 жыл болды. 2006 жылы Жаратушының жарылқауымен, киелі аталардың батасымен кенжесі Әбубәкір дүниеге келеді. Бұл баланың атын Нәзираның ұстазы «Ақ ұл» – Қыдырәлі Тарыбаевтың өзі пайғамбарымыздың 4 шадиярының бірі Әбубәкірдің атын азан шақырып қояды. Шілдеханасын жасап береді. Нәзира Өмірбекқызының – Райымбек, Мәдібек, Мекебай бабалары айтқандары дәл келетін көріпкел би-болыс болған, халықты соңынан ерткен, көш бастаған киелі де, қасиетті адамдар болған екен. Емшілік, көріпкелдік қасиеттер ата-бабаларынан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Нәзираның әкесі Өмірбек ақсақал ұшынған, көз тиген, қызуы көтерілген балаларды күн шыға үшкірсе, ол балалар қолма-қол сауығып кететін. Анасы Жүзімкүл Сәкенқызы керемет көріпкел адам болған. Нәзира Өмірбекқызының «Асан қайғы ата» ордасынан 1000-ға жуық ордалар бөлініп шыққан. Қазақстанды айтпағанда, тек Алматы қаласының өзінде ғана 50-ден астам орда өз алдарына жеке отау тіккен. Нәзираның Қызылорда да ордалары бар. Киелі Асан Қайғы ата, Қорасан баба, Қорқыт баба, Бегім ана бастарына керуен шығарып тұрады. Халық көп біле бермейтін Марал-Ишан деген әулиенің басын көтереді. Аралдың ар жағында 150 шақырым «Барса келмес» аралында – халық тілеуін қабыл етіп жатқан I Х ғасырда өмір сүрген Тілеуқұл ишан баба әулиенің басына 2008 жылы шәкірттерімен барады, Арал теңізі қайтадан толып, Сыр өңірін қайтадан гүлдете гөр деп Алладан тілеу, Тілеуқұл ишан бабаның және осы бабаның қасында жатқан 14 әулиелердің әруақтарынан демеу сұрайды. Тілеуқұл ишан баба әулиенің шырақшысы 98 жастағы қария, ауылда бар-жоғы 40 үй, бұл ауылға басқа жағдайды айтпағанда, көлік те қатынамайды екен. Бұл өңір өткен ғасырларда халық тығыз орналасқан мекен болған. Қазақстан жерінде Қостанай, Орал облыстарында қаншама киелі әруақтардың жатқан жерлері Нәзираның батасымен ашылып табылып жатыр. Сондай-ақ Орал жерінен асқазанға, қотырға ем шипалық су көздері де батамен ашылып, көпшіліктің игілігіне орай іске асып пайдаланылуда. Нәзира Өмірбекқызының тағы бір таңғажайып ерекшелігі: киелі аталар әруақтарымен жүрек арқылы тілдесіп, батамен қай адамның болмасын өткен ғасырлардағы ата-бабаларының сүйектерінің қай жерде жерленгенін дөп басып айта білуінде. Осының бір мысалы көршілес Қырғыз ағайындар Манас батыр сүйегінің қай жерде жатқанын білмейді екен, осы Манас батырдың және жанында жатқан әулиелердің жатқан жерін бата арқылы тауып беруі. Сондай-ақ, Қырғыз халқының 7-8 әулие бабаларының жатқан жерлерін тайға таңба басқандай қылып бата арқылы айтып беруі өз алдына бір төбе. Зұлықпар әулие, пайғамбардың кезінде Қырғыз жеріне мұсылман дінін таратуға келген болса, өздерінің Тоқтағұл т.б. әулие ата-бабаларының сүйектерінің қай жерде, қай шақырымда, қай өзеннің, қай тастың, қай қамыстың т.б. белгілерін картаға қарап отырғандай айтады, осы белгілер бойынша қаншама киелі әруақтардың басы көтеріліп, бастарына белгі қойылып, Қырғыз халқының өшкендері өніп, сөнгендері жанып, қаншама киелі ата-бабаларының сүйектері жерленген жерлер табылып жатыр десеңізші! Сондай-ақ, қаншама шипалы бұлақтар көзі батамен табылып, ел игілігіне асып, көпшілік созылмалы сырқаттарына дауа табуда.
Кімде-кім бір момын мұсылманды осы дүниедегі қиыншылығынан құтқарса, Алла оны ақиреттегі қиыншылығынан құтқарады. Кімде-кім бір момын мұсылманның айыбын жапса, Алла оның екі дүниедегі айыбын жабады. Пенде біреуге жәрдемдесу үшін әрекет қылса, Алла оған жәрдемдеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Бастапқыда Нұрәлі деген қырғыз баласы Нәзираға 2,5 жыл шәкірт болады. Бірте-бірте ұстазынан қырғыз халқының ардақты ұлдарының сүйектерінің қай жерде жатқанын бата арқылы сұрап біледі. Кейіннен қанаты жетіліп, тұмсығы қатайғаннан кейін, ұстазының бір шәкіртіне үйленіп өз елінде Таластан орда ашады, Манас батырдың жерленген жерін Нәзира Өмірбекқызына әруақтар берген бата бойынша табады.Қазір көршілес Қырғызыстан республикасында Нәзира Өмірбекқызының ордасынан бөлінген 100 шақты орда бар. Ресей жерінде: Москвада, Магнитогорскіде, Челябинскіде, Қорғанда, Башқұртстанда т.б. аудандарда, ауылдарда да Нәзира Өмірбекқызының ордасынан бөлінген ордалар қарқынды жұмыс істеуде. Магнитогорск пен Челябинск жерінде сүйектері жатқан бірнеше үлкен әулиелер батамен табылды. Осының бәрін Нәзира Өмірбекқызының шәкірттері тауып, олардың басын көтеріп, белгілер қойды. Осы басын көтерген әулие бабалардың әруақтарының басына – Челябинскінің өзінен керуендер қатынап жатқанына 2 ай болды. Сондай-ақ Магнитогорскіден табылған 11 әулиенің басына да халық керуенмен ағылып бара бастады. Башқұртстанда Х-Х I ғасырда өмір сүрген үлкен әулиенің жатқан жерін де батамен Нәзира Өмірбекқызы табады. Қазір ол жер Башқұрт халқының қасиетті тәу ететін орнына айналды. Халық әрбір 21-інші күні осы әулиенің басына барып, бастарын иіп жатыр. Қырғыз бен Башқұрт халқының, Ресейде тұратын өзіміздің қандас бауырларымыздың, сонда тұратын және Қазақстанда мекендейтін орыстардың халықаралық «Ата жолы» қозғалысының «Асан Қайғы ата» ордасының жетекшісі – «аққу» Нәзира Өмірбекқызы Қыдырбаеваға деген алғыстарында шек жоқ. Пенде баласына халықтың берген ақ батасынан артық қандай қошемет, қандай атақ, қандай абырой, қандай құрмет қажет?! Нәзира Өмірбекқызының «Асан қайғы ата» ордасынан Құдайдың құдіретімен киелі ата-баба баталары арқылы рухани білімізіңді жетілдіре алсаңыз: мықты денсаулықтың, зор адамгершіліктің, шексіз имандылықтың, әрі таусылмас байлықтың иегері болып шығатыныңызға мүлтіксіз сенетін боласыз. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал. Абай
Нәзира Өмірбекқызы Қыдырбаева, қазір халықаралық «Ата жолы» қозғалысында, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен қарқынды қызмет істеп, 1000-ға таяу орда ашып, өмірден түңілген пенделерге үміт отын жағып, ісі алға баспай жатқан кәсіпкерлердің, қарапайым пенделердің жұмысын: Құдайдың құдіретімен, киелі ата-баба әруақтарының баталарының демеуімен ілгері бастырып, науқастарға шипа жасап, елдің алғысына бөленіп, өз өміріндегі орнын тауып, жастар мен жеткіншектерге үлгі болып жүрген – халқына қадірменді, ақылды да әдемі, сұлу да сымбатты, от сияқты жанып-лапылдап тұрған, ата-бабасының ұрпақтан-ұрпаққа берілген киелі қасиеті дарыған, ел-жұртын соңынан ерткен, өзінің рухани шапағатын: бүкіл Евроазияны мекендейтін ұлт пен ұлыстарға жақсылық қылып шашып жүрген, әрі көсем, әрі төкпе шешен санаулы ғана дана қыздарымыздың арасында, өз дәуірінен көш ілгері туған қайталанбас тұлғалардың бірі. Date: 2015-07-22; view: 908; Нарушение авторских прав |