Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Суқұйғыш (водолей) дәуірі адамға не береді?





Астрологиялық түсінікте «Ұлы жыл» әрқайсы 2000 жылға созылатын 12 астрологиялық «айдан» құралады. Осы «айлардың» әрқайсы – адамзат үшін қилы дәуір жиынтығы. Осы айларды, жағымды да, жағымсыз да күштер белгісі алма кезек басқарып белең алады. Келесі дәуір мен өткен дәуірдің бітісінің арасында, бір-біріне таңбасын қалдыратын, бірнеше жүздеген жылдарға созылатын өтпелі кезең болады.

Біз қазір Балықтың (рыба) Суқұйғышқа (водолей) өтетін өтпелі кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Балық дәуірінің бастауы христиан дінінің пайда болуынан басталды. Суқұйғыш дәуірі, ғылым мен адамгершіліктің дамуы ХYIII ғасырда Америкадағы төңкеріспен (революция) басталды. Ғылым мен өндірістің дамуында адамзаттың ғаламат жетістіктерге қол жетті. 2000-ыншы жылы Балық пен Суқұйғыштың бір-біріне әсерлері теңесіп, Суқұйғыш белең ала бастады.

Осы дәуірде біз басқа өркениет өкілдерімен қарым-қатынас орнатып, ғаламшар қоғамының толық, тең дәрежелі мүшесі бола аламыз. Нострадамус тек қана даналық пен мыңжылдықты ғана болжап қана қоймайды, одан әрман шарықтайды. Ол тіптен арғы болашаққа көз жүгіртіп, Суқұйғыш дәуірінің адамзаты ғылым мен діннің айырмашылығын жойып, менменсіп кетуі мүмкін деп ескертеді. Егер біз дандайсып кетіп қырағылығымыздан айырылсақ, өзіміздің еркіндігіміз бен керемет жетістіктерімізге мәз-мейрам болып асқақтап кетсек, онда басқа қонған бағымыздан айырылып қалу қаупі бар деп ескертеді.

Егер біз болашақтағы ғаламшарды еркін шарлап жүрген, өмірді құра алатын 3000 жылдықтың адамдарын көрсек, олар бізге Құдай сияқты көрінер еді. Бірақта Нострадамус: «Генрих II-ге жолдауында», жыл санауы Иса пайғамбар туған жаңа төрт мыңыншы жылдың таңында, өзіміздің бақылай алмай, қырағылығымызды жоғалтқан кезде, Ібілістің күші еркіндікке жұлқынып босап шығуы мүмкін. (Күнә) деген сөзді кей кезде «ұмытшақтық» та дейді. Суқұйғыштың ұраны – «барлық шектеулерден азат болу». Егер де біздерге даналық жетіспесе, онда біз тіптен менменсіп, дандайсып, асқақтап кетеміз.

Мишель де Нострадамус былай дейді: «Саналы адам менің болжамдарынан қалай дұрыс жолды таңдауды үйренеді; ол өзіне дейін теңіз жағалауында жүріп өткен адамның құмдағы қалдырған із табымен жүреді».

Джон Хоуг. Нострадамус. «Новые откровения» және «Полное собрание пророчество» атты кітабынан үзінділер.

(аударған және түсіндірмелерді берген Әсет Мұқашбеков).







Date: 2015-07-22; view: 911; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию