Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ата жолы» қозғалысы пендеге не береді?
Кімде кім Алла тағаланы куә етіп құтқаруды өтінсе оны құтқару керек. Кімде кім Алла тағаланы куә етіп нәрсе сұраса беріңдер. Кімде кім қонаққа шақырса оған барыңдар. Кімде кім жақсы нәрсе істесе оған силық беріңдер, егер силық етуге дүние таппасаңдар көңілі толатындай етіп бата беріңдер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Адамдардың нәзік денелері мен нәзік әлемдер арасында өзара қуат алмасу үнемі жүріп жатады: 1. Адам баласына Жаратушы туа салғанда-ақ өз өмірін басқаратын алапат құрал берген. Ол өзінің нәзік денесі және ойлау жүйесін өзгерту арқылы санасын қалыптастыру. Өкінішке орай, өзінің бақытқа және молшылық пен байлыққа жетуі тікелей өзінің санасы мен ойлау жүйесінде бұғып жатқанын, осы сананы бір Аллаға жалбарынып, киелі ата-бабалардың әруақтарының көмегін қолдану арқылы ашып, ойлау жүйесін өзгертіп, ауру-сырқауды білмейтін дене жасап алуға және молшылық пен бақытқа қол жеткізуге болатынын көпшілік білмейді, бұл туралы ойланбайды. Дүние жап-жасыл гүлбақша секілді. Кімде-кім содан адал еңбегімен сыбағасын алса, береке табады. Кім де кім нәпсіге ілесіп, еңбексіз, қиянат жасап алса, қиямет күні оған тозақтан басқа ештеңе бұйырмайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
2. Есіңізде болсын! Халықаралық «Ата жолы» қозғалысының «сұңқарлары мен аққуларының» көмегімен: ойымыз және нәзік денелеріміз арқылы қоршаған ортаға және нәзік әлемге өзіміздің санамыздан бөлініп шашыраған қуатымыз арқылы – тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды, мұңымызды білдіреміз, хабарлаймыз. Жаратушыға жалбарыну арқылы киелі ата-бабалар әруақтарынан бата сұраймыз. Осының әсерінен, Жаратушының тапсыруымен – киелі ата-бабалар мен аналар әруақтары ойлаған ойымызға орай: тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды қабыл етіп, осылардың іс жүзіне асуын қамтамасыз етеді. Өткен қателіктеріңді айтады. Өмірдің даңғыл жолын көрсетеді, ауруымызға шипа береді, имандылық жолға түсіріп, бір Жаратушының ақиқат екенін тырп еткізбей дәлелдеп береді. Әруақтар батасын алғаннан кейін, О дүние мен бұ дүниенің бар екеніне көзіңіз де, көңіліңіз де жетеді. Тәубаңа түсесіз. Жаратушы бір Алланың құлы болар бар пенде, Мұсылман боп Мұхамбеттің үмбетіміз біздер де. Алла жолын дәріптейміз замандас пен ұрпаққа, Ей, адамзат адаспайық, бет бұрайық жұмаққа. «Ақ ұл», – Қыдырәлі Тарыбаев
3. Сіз осы шексіз ғарыштағы Жаратушы жаратқан пендесінің біреуі ғанасыз. Бар болғаны осы. Сіз – жеке адамсыз және адамзатсыз. Сіз, басқа адамдар сияқты ақиқатсыз және қайталанбайтын адамзат қоғамының құндылығысыз. Осы толық жетілгеннің баға жетпес байлығы мен молшылығысыз. Адам баласындай басқа жетілген тіршілік иелері бар ма? Сізден артық құндылық бар ма? Есіңізде болсын! Сіздің құндылығыңызды бағалайтын, осы көміліп қалған бұлақтың қайнар көзін ашатын халықаралық «Ата жолы» қозғалысы. Айша ана болып жол басы, Арыстан бап баба патшасы, Йасауи баба көсемі, Ұрпаққа жол төседі. «Ақ ұл», – Қыдырәлі Тарыбаев
4. Бақыт пен молшылық та құс сияқты, балапандарын басып шығару үшін ұясын өзіне жайлы жерге салады. Қазекеңнің бақытты құсқа теңейтінінің мәні мен мағынасы осында жатыр. Дәулетті, абыройлы адамдарды: «Басына бақ құсы қонған», – деп асқақтататыны да содан. Ал бақ құсының басына қону қонбауы өзінің санасы мен ойлау жүйесінде бұғып жатқанын көпшілік білмейді, сезбейді. Өзінде бар бақ құсын өзі түсінбейтін айдаладан іздейді. Өзіңнің қондыра алмай жүрген жатқан бақытыңды, бақ құсыңды тек қана «Ата жолы» қозғалысынан ғана табасың, себебі Алланың рұхсатымен – киелі ата-баба әруақтары жолыңды ашады, бағыңды жандырады, тілегіңді қабыл етеді.
Қызық жанмын, әруақпен тілдескен, Арыстанбаб, Йасауиге сіз дескен. Көпшілікке көрінбейтін тылсыммен, Арман, мақсат, ниеттерім бірлескен. «Ақ ұл», – Қыдырәлі Тарыбаев
5. Ой – уақытпен, себеп-салдармен, ешқандай ережемен, басы-аяғы мен шектелмеген. Нәзік әлемде шекара, шектеу деген болмайды. Молшылық – адамзаттың бәріне ортақ шарт, біздің ойлау жүйеміз дұрыс болмағандықтан осыны қабылдай алмаймыз. Біздің ойымызша, дүниең мен жиған қоқыстарың неғұрлым көп болса, байлығың да сонша мол болады деп пайымдаймыз. Молшылық пен байлық дегеніміз ғарыш әлемі және өзіміз сияқты шексіздік екенін түсіну, осыны санамыз арқылы қабылдай білу. Өмірге басқаша көзқараспен қарау деген міне осы. Бізге молшылық пен байлықты іздеп қажеті жоқ. Біз онсыз да осының ішінде шомылып жүрміз. Осының ақиқаттығын халықаралық «Ата жолы» қозғалысы дәлелдеп, Жаратушының жәрдемімен киелі аталардың әруақтары өзіңе түсіндіріп санаңа сіңіріп, жүрегіңе құйып, қолыңа ұстатып, іс жүзіне асырып береді. Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп екі басын ұстаған Хақ. Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ. Абай 6. Біз молшылықтың емес, керісінше жоқшылықтың, кедейшіліктің негізінде тәрбиелендік. Біз жоқшылық пен кедейшілікті санамызға сіңіріп өстік. Қазіргі кезде байлар мен кедейлер қоғамымыздың, қоршаған ортамыздың бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты. Шындығында ауқатты адамдарға қарағанда, нашар тұратын адамдар мен кедейлер көп. Бізді молшылық пен байлық бәріне де жетеді деп не оқытқан, не үйреткен жоқ. Өзіміздің тәрбиемізге орай осыған шүбәсіз сенеміз. Біз ешқашанда молшылық шарттарын қабылдамаймыз, барлық күш-қуатымызды жоқшылыққа шоғырландырамыз. «Менің ешуақытта жетістікке қолым жетпейді» деген қағида көптеген адамдардың санасына сіңіп, көңілдеріне орнығып қалған. Олар жоқшылықты жеңуге болады деген ойдың өзінен қорқып, жанталасып өмір сүреді. Егер де еңсеңізді езіп, басып алған жоқшылықтан құтылғыңыз келсе халықаралық «Ата жолы» қозғалысы, Жаратушының құдіретімен – шырғалаңнан шығатын жолды көрсетеді, әруақтар сізді желеп-жебейді, бата алғаннан кейін тұрмысыңыз күрт түзеле бастайды. Жұдырық боп түйіліп тұр бүгінгі бес атам, Қалыптасқан заңдылық бар әруақта ол қатаң. Батасымен жақсылыққа жол сілтейді ұл-қызға, Баспалдақтан тайып кетсең лақтырады жар-құзға. «Ақ ұл», – Қыдырәлі Тарыбаев
7. Біздің қазақтардың басым көпшілігі ауыздарын қу шөппен сүртіп үлкені мен кішісі, шалы мен жасы, еркегі мен әйелі жоқшылықтан басқаны, әлбетте, айтпайды. Өздерін қоршаған нәзік әлемнен тек жоқшылық пен кедейшілікті сұрап отырғандарын білмейді. Табиғат пен нәзік әлем: қалаулары осы болғаннан соң тілектерін қабылдап, осы ниеттерін іс-жүзіне асырып жатқанын сезбейді. Айтатын әңгімелерінің өзі, сана төмен болғандықтан және рухани білімнің таяздығы мен жұтаңдығынан, осы деңгейден көтерілмейді. Әңгімелерінің басты тақырыбы: бірін-бірі көре алмау, сыртынан жамандап өсектеу. Біреуі байқаусызда сүрінсе көмектесіп жаны ашып демеудің орнына – оны табалау. Осындай кері кеткен оймен, қара ниетпен қалай ғана молшылыққа, байлыққа, сыңғырлаған денсаулық пен шексіз бақытқа жетуге болады?! Бұрынғылар «Рахым Алладан, пейіл адамнан» деп тегін айтпаса керек. Есіңізде болсын! Сіздің ниетіңізді туралап – бір Жаратушыны тануға апаратын даңғыл жолға салатын халықаралық «Ата жолы» қозғалысы, себебі Алланың құдіретімен – киелі ата-баба әруақтары имандылық жолға жетелейді, жүрегіңе мейірімділік шуағын құйып, санаңды, ойлау жүйеңді түбегейлі өзгертеді, жүрегіңнің кірін аршиды: жаныңды, рухыңды, тәніңді настықтан тазалайды. Date: 2015-07-22; view: 752; Нарушение авторских прав |