Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Біздің қазақ баласына жетіспейтін не?





 

10 – Юныс сүресі, 100 аят.

Алладан бұйырықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 220 бет.

 

Әсіресе біздің қазақ баласына жетіспейтін:

Бірінші – ұлтымыздың басым бөлігінде имандылықтың толық жетіспейтіні жасырын нәрсе емес. Бұның дәлелі: мешіттің жанынан алты шақырым аулақ жүріп, тілдерімен «аспандағы бұлтты үйіріп жерге қондырып» жүрген «зиялы» аға буын өкілдеріміз; жалқаулық желкелеріне иектеп мініп алған сандалып жүрген жұмыссыздарымыз; Астана, Алматы т.б. Қазақстан қалалаларындағы самаладай самсап, темекіні будақтатып, имандылықтан жұрдай: мәңгүрт – сылаң қаққан қаракөз қыз-келіншектеріміз; араққа сылқия тойып, бұла күштері бойларына симай, құлшынып тұрған жас жігіттеріміз; Орта жасқа шеткенше үйленбей жүрген «салт басты, сабау қамшылы» азаматтарымыз; уақытылы тұрмысқа шықпай өріп жүрген «кәрі қыздарымыз»; тірідей жанұядан айырылысқан сансыз «тірі жесірлеріміз»; балалар үйінде көздері жәудіреп, жаутаң қаққан шүпірлеген тірі жетімдеріміз; қала-қалаларда – тепсе темір үзетін босып жүрген қаңғыбас «бомждарымыз»; қарттар үйіне өткізіп тастаған мүсәпір қарияларымыз; бұрыш-бұрышта қаптап – қолын жайып отырған қайыршыларымыз; т.б.

Жаның сау болса, сорлымын деме,

Тәнің сау болса, жарлымын деме. Қазақ мақал-мәтелдері

 

Екінші – денсаулық; ұлтымыздың тең жарымынан астамы түгелдей әр түрлі созылмалы аурулардың құрбаны екені ешкімге де құпия емес. Ұлттық сырқатқа айналған: қатерлі ісік (рак) пен көксаулықты (туберкулез), жүрек, қан-тамыр ауруларын айтпағанда, он жасөспірімнің алты-жетісі әскерге қызмет етуге жарамаса, жас келіншектердің басым бөлігі баланы өздігінен туа алмай, ішін жардырып алып жатқаны да бәрімізге мәлім жәйт!

 

Қош, сүйтiп жүрiп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. өзің таба алмасаң, балаң тапсын, ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, т ұтқан ораза, қылған хаж, ешбiр ғибадат орнына бармайды. Абай

 

Үшінші – Рухани білім жоқтықтан; сана төмен болғандықтан, бір Аллаға мойын ұсынбағандықтан – қазақтардың басым бөлігі кедей; тұрмыстары төмен, қайыршының о жақ бұ жағындағы еліміздің түкпір-түкпіріндеге қалалар мен ауылдардағы және Алматы қаласындағы Сейфуллин көшесінің бойындағы, «Алтын орда»-дағы «құл базарында», сондай-ақ көк базардың жанындағы «жетімдер бұрышында» лек-легімен, үйсіз-күйсіз сандалып, «ауыздарымен тас шайнап, құм түкіретін» сеңдей соғылысып жүрген қайратты, қылшылдап тұрған ұл-қыздарымыз.

Есіңізде болсын! Жаратушы не ойлайсың, жүрегіңмен, көңіліңмен нені армандайсың, не туралы сөйлейсің, қысқасы, барлық ынтаңмен нені қалайсың, соны «Ата жолы» қозғалысындағы бата беретін киелі ата-бабалар әруақтарының демеуімен береді. Бір себептің салдар туралы емес, өзіңіз көз алдыңызға қалай өзіңізді елестетесіз – осының жаратушысы, іске асырушысы бір Алла екенін санаңызға сіңіріп, жүрегіңізге ұялату бағытында жұмыс жасаңыз. Бұл жөнінде сізге ақылшының қажеті жоқ; сізге тек қана өзіңіздің ойыңызбен үйлесімділіктілікте болып, осы ойыңызды «Ата жолы» қозғалысында қызмет істейтін «сұңқарлар мен аққулардың» көмегімен іс жүзіне асырсаңыз болғаны.


Ата жолы» қозғалысы сәуегейлікке қарсы, адамзатты құрдымнан құтқару үшін мына қағиданы басшылыққа алады: «өліп қалған өткен күнді еске алмай, бұлдырлаған болашаққа басыңды ауыртпай, тек қана бүгінгі күнмен өмір сүр, бүгінгі күн ертеңгі тағдырыңды шешеді».

Себептің де салдары болады, бұл – ақиқат. Адам баласы қылышты ойлап тапқанда, осыдан қорғанатын қалқанды да ойлап шығарды ғой. Есіңізде болсын! Бұл қалқан – бүгінгі қазақ даласында әруақтарды көре алатын, сан ғасырлық болашақты көктей өтіп, болашақты болжай алатын, тылсымнан сыр шертіп, аталар үнін жеткізетін, Алланың ақ жолында халықты соңынан ертіп жүрген, халықаралық «Ата жолы» қозғалысы.







Date: 2015-07-22; view: 724; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию