Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Реттеудің классикалық және кейнсиандық үлгілері





Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы екі бағыты бар: Классикалық және кейнсиандық. Классикалық мектептің бастаушылары Адам Смит, Давид Рикардо және т.б. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де, тұтынушылар да рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады.

Мұндай үлгіні тұңғыш рет А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. А.Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек, өйткені экономикалық заңдар өзіндік қайшылықтарды өз-өзімен шешеді. А.Смит сөзімен дәлірек айтқанда рынокты өздігінен реттейтін «көрінбейтін қол» ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүліл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады. Мемлекет жеке фирмалардың, кәсіпкерлердің жағдайына, әсіресе рыноктың ұсыныс шарттарына көп назар аударуы керек. Ол шарттарға жататыны қолайлы несие алу және салықтарды төлеу. Сонымен классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің рыноктық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді. Алайда,адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей,жеке мүдде тұтас алғанда қоғамдық мүдделерге әрдайым сай келе бермейді.Мысалы,жекелеген коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алушылар рынокта жоғары сұраныс туғызатын наркотиктер,арақ-шарап,темекі,қару-жарақ т.б ерекше тауарлар мен қызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Әрине, әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан бұл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды. Сөз жоқ,мемлекет мұндай жағдайда рынокты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек.

Қазіргі заманда неоклассикалық мектептің монетаризм теориясы бойынша мемлекет кәсіпкерлікке жағдай жасау үшін қатал қаржылық саясатты жүргізуге ұмтылу керек. Оның мәні қаражаттарды босқа шашпай тек қана ең керекті өндірістерге күрделі қаржылармен инвестиция жасауға тырысу керек. Сонымен бірге, бюджеттік және әлеуметтік шығындарды азайту, банк арналған қатал саясат жүргізу. Осындай қатал саясатпне инфляция деңгей» айтарлықтай төиендейді және салықтарды азайтуға, несие пайызын төмендетуге мүмкіншілік ұлғая бастайды. Ал мұндай мүмкіншіліктер кәсіпкерлікті ынталандырады.

Кейнсиандық теорияның бастаушысы ағылшын экономисі Дж.М. Кейнс. Осы мектептің өкілдерінің айтуы бойынша мемлекет экономиканы белсенді түрде реттеуі қажет. Олай болмаса дағдарыстар, жұмыссыздық, инфляция басқа да зиянды салдар өз бетімен шешілмейді. Классикалық теория жиынтық ұсыныс жаққа назар аударса, ал Кейнс жиынтық сұранысты ынталандыруға үлес салады. Ұсыныс өздігінен сұранысты тудырады деген Ж.Б. Сэйдің заңын сынай отырып, Кейнс үздіксіз дамуды қамтамасыз ету үшін сұранысты ынталандыру, тиімді сұраныс пен ұлттық табыстың өсімін қалыптастыратын факторларға әсер ету қажет деген логикалық тұжырым жасады. Кейнстің бұл бағыттағы негізгі жұмысы – «Жұмыспен қамту, ақша және проценттің жалпы теориясы» 1936 жылы жарық көрді.

Date: 2015-07-10; view: 1476; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию