Артық өндiру және жеткiлiксiз өндiру экономикалық дағдарыстың теориялары
Қазiргi нарықтық өндiрiс бiр қалыпты әрi үзiлiссiз еместiгiмен айқындалады. Өндiрiстiң экоомикалық өсуi және бiр қалыптылығы үнемi оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс - бұл өндiрiс көлемiнiң кенеттен төмендеуi. Өндiрiс көлемi төмендеуiнiң алғы шартына экономикалағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз.
Бiрiншiден,бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендiгi белгiлi.Қай кезде Ақша айналым Құралы ретiнде қолданылғанда,онда айырбас процесi Т-А-т екi қарама-қарсы актiге үзiледi:1)сату Т-А болса,2)сатып алу А-Т болмақ.Тауарды сату деген сол мезгiлде басқаны сатып алуды көрсетпейдi: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкiн немесе тiптi болмауы мүмкiн - ақша жинау құралы ретiнде қолданылады.
Екiншiден,бағалы қағаздардың үзiлiссiз тербелуi осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорциясын тұрақты пайда болуы байқатады.
Үшiншiден - бұл капиталдың артық қорлануы.Өндiрiстiң ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келедi.Сондықтан экономикалық дағдарыс - артық өндiру деп те атайды.
“Бәсекелестiк күрес,әсiресе техникадағы шешушi төңкерiстер кезiнде,ескi еңбек құралдарын оның табиғи өлуiне дейiн жаңасымен ауыстыруды талап етедi. Катастрофа,дағдарыстың басты қояр нәрсесi - кәсiпорындағы iрi жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзiмiнен ертерк жаңалауға итермелейдi.”
ТМД елдерiнде 1990-ыншы жылдар экономикалық дағдарыстың жаңа типi пайда болды - бұл өндiруi жетпеген дағдарыс.
1990-ыншы жылы 16,5млрд сомға тауар қанағаттындырылмады.1997-ыншы жылы экономика 1990-ыншы жылдың 40% құрады.
1.2.Экономикалық цикл.Кейнстiк,неокейнстiк және монетарлық тұжырымдамалары.
Экономикалық цикл - бұл дағдарыстар арасындағы мерзiм және осы кезде оның 4 фазасы ауысады.Фазаның 1-шi циклы - өндiрiс құлдырауының дағдарысы.Дағдарыс құбылысыың болуы сұраным төлем қабiлеттiлiгiмен салыстырғанда тауарды артық өндiрумен түсiндiрiледi.
Экономикалық циклдың келесi фазасы депрессия.Бұл фазада өндiрiстiң құлдырауы тоқталады.
Келесi фаза - тiрiлу,бұған тән нәрсе өндiрiстi ұлғайту,демек пайда бар деген сөз.
Циклдың кезектi фазасы - өрлеумен алмасады.
Date: 2015-07-10; view: 940; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|