Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мемлекеттің экономикалық қызметтері





Нарықтық экономика дамыған сайын оның құрылымы күрделірек. «Таза» нарықтық экономика өзінің табиғи заңдылықтары арқасында қозғалыста болады. Осы қозғалыстың арасында дағдарыстар және т.б. зиянды салдар болуы мүмкін. Сондықтан экономиканы мемлекеттік реттеудің бірінші себебі, қоғамды терең экономикалық дағдарыстардан, өндірістің құлдырауынан сақтау керек.

Реттеудің екінші себебі, ғылыми –техникалық прогресті қамтамасыз ету. Әрине, нарық өз табиғатымен ҒТП өз-өзін итермелейді. Бәсекеден қалмауы үшін және керекті пайда түсіру үшін бүгінгі кәсіпкер ҒТП байланысты құрал-жабдықты пайдалануға тырысады. Ал мемлекет негізінде жеке кәсіпкердің қолынан келмейтін ірі ғылыми –техникалық жобаларды, бағдарламаларды өз мойнына алады. Олар: ғарышты зерттеу, табиғатты қорғау, жалпы адамзаттық ауруларды зерттеу (СПИД, құс тұмауы т.б.), энергияның жаңа түрлерін зерттеу және т.с.с.

Нарықтық экономика 20 ғасыр шенiнде өзiнiң дамуының жаңа кезеңiне аяқ басады. Ғылыми техникалық революция, өнеркәсiп өндiрiсiнiң шұғыл өсуi, өнеркәсiптiң және банк капиталдарының шоғырлануы нарықтық қатынастың сол кездегi күрделi жаңа құрылымын құрды. Мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi мынадай негiзгi себептермен түсiндiрiледi:

· Өндiрiстiң шоғырлануы және монополизмнiң өсуi экономиканы үнемi дағдарысқа және диспропорция ға әкеледi. Сондықтан, мемлекетiң монополияға қарсы саясаты қажет.

· Нарықтық механизм байлық пен кедейшiлiктi тудырады. Мемлекеттiк ретеудiң мақсаты болып адамдардың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

· Мемлекетiк мүдденi қарастыратын салалар мен сфералар бар, оның iшiнде, ұлттық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, жалпыға бiрдей бiлiм беру, мемлекеттiк қызметкерлердi ұстау, iргелi ғылым, тарихи құндылықтар. Бұлардың кейбiреулерi кәсiпкерлер үшiн тиiм әкелмейдi.

· Нарықтық заңдар экономикаға тербелiстер мен дағдарыстар әкеледi. Сондықтан, мемлекет экономикалық тұрақтылық пен экономиканың өсуiн қамтамасыз етуi қажет.

· Мемлекет нарықтық механизмге тән емес ұлттық экономика дамуының перспективалық стратегиясын анықтайды.

Нарықтық экономикада мемлекет кәсiпкерлiк сияқты пайда табуға ұмтылмайды, реттеушi мақсатқа ие болады. Бұл экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi қағидасы болып табылады. Реттеу дегеніміз бұл біріншіден бақылау, екіншіден экономикалық бағытын көрсету. Экономикадағы мемлекеттiң ролi оның экономикалық қызметтерiнен көрiнедi. Атқаратын қызметтердi келесiдей бөлуге болады:

Экономиканың заңдылық базасын құру, бәсекелестiктi қолдау, қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, табыстарды бөлу мен қайта бөлу, iшкi және жанама нәтижелердi реттеу, экономиканы тұрақтандыру, экономикалық болжау жасау.

Көптеген елдердерде экономиканы мемлекеттік реттеудің түпкілікті мақсаты қоғамды әлеуметтік тепе-теңдікке жеткізу, яғни халықтың көпшілігінің тұрмыс жағдайын орта деңгейге көтеру.

 

Date: 2015-07-10; view: 1263; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию